Мазмұнға өту

Чукчалар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Чукчалар
Бүкіл халықтың саны

16 000

Ең көп таралған аймақтар
 Ресей

15 908 (2010)

 Украина

30 (2001)

Тілдері

чукот тілі, орыс тілі

Діні

православие, шаманизм

Чукчалар (ескір. луораветлан) — Беринг теңізінен Индигирка өзеніне дейін және Солтүстік Мұзды мұхиттан Анадыр мен Анюй өзендеріне дейінгі аумақты алып жатқан Азияның солтүстік-шығысындағы шағын байырғы халық. Чукчалардың саны 2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша 15 908 адамды құрайды. Халықтың негізгі бөлігі Чукотка мен Чукотка автономиялық округінде тұрады.

Чукча тілі палеоазияттық тілдер отбасының чукот-камчат тілдеріне жатады, полисинтетикалық (инкорпорациялық) түр болып табылады. Чукча тілінің жазуы 1931 жылы КСРО-да тілдік жүйені қалыптастыру кезеңінде латын графикалық базасында құрылды, содан кейін 1936 жылы орыс (кириллица) графикасына ауыстырылды.[1]

Дінге қатысы жағынан чукчалардың көбі Орыс православие шіркеуінде шоқынған, алайда көшпелілерінің арасында дəстүрлі наным-сенімдерінің қалдықтары кездеседі.[2]

Чукчалардың қалыптасуы олардың ата-бабалары Охот теңізі жағалауынан Солтүстік-Шығыс Азияның түкпіріне келіп, кейіннен юкагир және эскимос халықтарының топтарымен араласқаннан кейін басталады.

Уэлендег чукча тұрғындары, кемеде, 1913 ж

17 ғасырда, орыстар келе бастап, жаңа аймақтарды игерген казактар мен өнеркәсіпшілердің келуімен чукчалардың өмір салты ғана емес, сонымен бірге олардың көршілерімен қарым-қатынасының принциптері де толығымен өзгерді. Экономикалық байланыстардың қалыптасуы чукча мен эскимос халықтарын жақындастырады. Көшпелі халықтың бір бөлігі теңізде аңшылықпен айналысып, отырықшы өмір салтына көшті. Жаңа жерлерді игеру бірнеше әскери қақтығыстар мен халықтар арасындағы наразылық тудырды. Жүз жылдан астам уақыт бойы чукчалар мен орыстар арасындағы қанды қақтығыстар тоқтаған жоқ. Алайда 1740 жылдары орыстар ымыраға келіп, чукчалар олардың жерлерді игеруіне кедергі келтірмеді. 1775 жылы Ангарск бекінісі салынды. Орыстардың келуімен чукчалардың негізгі қызметі де өзгерді. Анюйде тауарлар айырбасталып, сатылып, өлке экономикасын керемет нығайтты. Бағалы аң терісі, ақ аюдың терісі, чукча бұғыларының терісі шеттен шыққан өнімдерге айырбасталды. 1930 ж. РКФСР-де Чукот ұлттық округі, 1977 ж. автономиялық округі құрылды.

Чукчалар бастапқыда бұғыларды аулап, бірте-бірте олар бұл жануарларды қолға үйретіп, бұғыларды бағумен айналыса бастады. Бұғылар чукчаларға әрі тамақ, терісін баспана және киім ретінде пайдаланды. Өзендер мен теңіздердің жағасында тұратын чукчалар теңіздегі аңшылықпен айналысты. Көктемде және қыста итбалықтар мен нерпаларды, күзде және жазда киттер мен морждарды аулады.

19-ғасырдың ортасына дейін жағалауда өмір сүрген чукчалардың баспаналары жартылай жертөлелер болды. Бұғы бағушы чукчалар ярангаларда тұрды. Яранга бұғы немесе морж терісімен жабылды.

Чукча халқының ауызша өнері өте бай. Фольклордың негізгі жанрларына ертегілер, мифтер, аңыздар, тарихи аңыздар және тұрмыстық оқиғалар жатады. Басты кейіпкерлердің бірі – қарға Құрқыл, көршілес эскимос тайпаларымен соғыстар туралы аңыздар бар. Сондай-ақ, чукчалар арасында, «Тырна», «Тырна азығын қарауда», «Тырна ұшып барады», «Тырна жан-жағына қарауда», «Аққу», «Шағалалар биі», «Қарға», «Бұғылар шайқасы», «Бұғының жүгіруі» деген секілді аң-құстармен байланысты билер бар.

Дәстүрлі чукча тағамдары бұғы еті мен балықтан жасалады. Негізігісі - қайнатылған кит еті, итбалық немесе бұғы еті. Етті де шикі және мұздатылған күйінде жейді. 20 ғасырға дейін чукчалар арасында ең көп тараған ыстық тағам қан, май және тартылған ет қосылған сұйық моньял бұқтырмасы болды. Сусындардан алкогольді және шайға ұқсас шөптік қайнатпаларды жақсы көреді.

Дәстүрлі киімдері бұғы және бағалы аң терісінен жасалынады. Ерлер - екі қабатты тері көйлек (кухлянка), шалбар, қонышы қысқа етік, әйелдер - теріден жасалған жабық комбинизон, етік киген. Жазда жұқа теріден жасалған киімдер киеді.

Қазақстандағы чукчалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстандағы чукча диаспорасы санының жалпы динамикасының сипатталуы:

  • 16 (1970 ж.),
  • 4 (1979 ж.),
  • 24 (1989 ж.),
  • 19 (1999 ж.),
  • 5 (2005 ж.) адам.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Э.Д. Сүлейменова, Д.Х.Ақанова, Н.Ж.Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы»: Кітап.–Алматы: «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020 ж. 204-бет.
  2. ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК: Қазақстан этносаясаты мен тәжірибесінің терминдері мен ұғымдары. Нұр-Сұлтан, 2020. 171-бет. ISBN 978-601-287-224-8