Мазмұнға өту

Биак

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Биак
Orang Biak
Бүкіл халықтың саны

41 200 (2003)

Ең көп таралған аймақтар

 Индонезия

Тілдері

биак-нумфур тілі, индонезия тілі

Діні

протестантизм

Биак (Биактар, өз аты – биак, биак-нумфор, нумфор, нуфор, мафор, индонез. оранг-биак) — Индонезияның шығыс бөлігінде орналасқан халық. (Папуа провинциясының Биак-Нумфор маңы, Жаңа Гвинеяның солтүстік-батыс жағалауы, Биак, Нумфор аралдары т.б.). Халық саны 41,2 мың адам. (2003).[1]

Тілі – австронезиялық отбасының шығыс тобының биак-нумфур тілінде сөйлейді. Ең маңызды диалектілер: камер, миос-нум, миос-ваар, румберйон т.б. Индонезия тілі кең таралған.[2]

Діні бойынша олар протестанттар.[3]

Биак тайпасының кемесі

Дәстүрлі кәсіптері - балық аулау, теңізде жүзу, теңіз қолөнері, кеме жасау және сауда. Олар Жаңа Гвинеяның солтүстік-батысындағы сауда қатынастарын басқарды. Олар қарақшылық ретінде де танымал болды. Дәстүрлі қолөнері - кеме жасау, ұсталық, зергерлік бұйымдар. Көптеген биактер мұнай кәсіпшіліктерінде, кәсіптік балық аулауда, халықаралық әуежайды жұмыс істейді, интеллигенция қалыптасуда.[4]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Биак ауылы

Патриархалдық құлдық элементтері бар дәстүрлі қоғамдық ұйым жойылуда.

Дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі тұрғын үйлері — биік қадаларда орналасқан, олардың арасына қайықпен қатынайды.[5]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі киімдері талшықтан жасалған жабынды киімдер, Еуропалық киімдер де таралуда.[6]

Дәстүрлі тағамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Биак тайпасының дәстүрлі тағамы - покем немесе отонг, ол папуастық бидай ретінде белгілі. Бұл өсімдік жергілікті болып табылады және Нумфор аралында негізгі тағам ретінде өсіреді. Пішіні күрішке ұқсас, бірақ сабақтары кішірек. Биак халқы үшін өсімдік покемінің бес түрі бар, бірінші ресиек немесе қоңыр покем, екінші верек немесе қызыл покем, үшінші вепипер немесе ақ покем, төртінші вепайсем немесе қара покем және бесінші вайнар немесе сары покемнен тұрады. Тағамдары – балық, саго (көрші халықтардан балыққа, қару-жараққа, т.б. айырбасталады).[7]

Биактар ата-бабаларының Шығыс Индонезия мен Жаңа Гвинеядағы саяхаттары туралы баяндайтын «Факок пен Пасреф» қаһармандық эпосын жасады.[8]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биак. Тексерілді, 15 шілде 2024.
  2. Әлем халықтарының энциклопедиясы. Биак. Тексерілді, 15 шілде 2024.
  3. Биак. Тексерілді, 15 шілде 2024.
  4. Биак. Тексерілді, 15 шілде 2024.
  5. Биак. Тексерілді, 15 шілде 2024.
  6. Биак. Тексерілді, 15 шілде 2024.
  7. Биак. Тексерілді, 15 шілде 2024.
  8. Биак. Тексерілді, 15 шілде 2024.