Мазмұнға өту

Лати (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лати
кутэ, тхо ден, са, и пи, и то
Бүкіл халықтың саны

6 000

Ең көп таралған аймақтар

 Вьетнам

Тілдері

лати тілі

Діні

дәстүрлі сенім

Лати (кутэ, тхо, ден, са, и пи, и то)[1]Вьетнам аумағында тұратын, жалпы саны 6 мың адамнан тұратын халық.

Олар кадай тілдерінің бір бөлімі лати тілінде сөйлейді.[2]

Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенім.[3]

Негізгі кәсібі – суармалы егістік және қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, жүгері, мақта, индиго). Қолөнердің ішінде тоқыма тоқу және ауылшаруашылық құрал-саймандарын жасау дамыған.[4]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әлеуметтік ұйымның негізгі формасы – көршілік қауымы. Отбасы шағын, неке патрилокальды, туыстық есеп рулық. Сороратқа (апалы-сіңілілерге үйленуге) рұқсат етіледі.[5]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лати қоныстары шашыраңқы (әдетте тау етегінде) орналасқан. Тұрғын үйлері қадаларға, бір бөлігі жерде орналасқан, төртбұрышты, шатырлы.[6]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ер адамдар сол жағында түймелері бар халат пен шалбар, әйелдер шалбар, түрлі — түсті кең белдікпен байланған халат және бай оюланған көкірекше киеді.[7]

Дәстүрлі тағамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лати халқы негізінен күріш жейді. Күрішті пісірген кезде күрішті қайнаған су құйылған қазанға салады. Күріш пісуге жақын қалғанда, оны төгіп тастайды, содан кейін пісіруді аяқтау үшін келесі қазанға салады. Халықтың әдеттегі тағамдары - кептірілген буйвол терісі мен қышқыл маринадталған ет.[8]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 14 қыркүйек 2024.
  2. Лати. Тексерілді, 14 қыркүйек 2024.
  3. Лати. Тексерілді, 14 қыркүйек 2024.
  4. Әлем халықтары/Лати. Тексерілді, 14 қыркүйек 2024.
  5. Лати. Тексерілді, 14 қыркүйек 2024.
  6. Лати. Тексерілді, 14 қыркүйек 2024.
  7. Лескинен А.Н., Нго Дык Тхинъ. Лати. Тексерілді, 14 қыркүйек 2024.
  8. Лати халқы. Тексерілді, 14 қыркүйек 2024.