Мазмұнға өту

Маранао

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Маранао
ланао, данао
Бүкіл халықтың саны

1,2 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Филиппин

Тілдері

маранао тілі

Діні

суннизм

Маранао (ланао, данао) — Филиппиндегі моро халықтарының бірі. Олар Минданао аралында оңтүстік Ланао және Солтүстік Ланао провинцияларында тұрады.[1] Жалпы саны 1,2 миллион адам. (2009).[2]

Тілі - маранао тілі. Тагал, бисай, ағылшын және араб тілдері де кеңінен таралған.[3]

Сенушілер - сүнниттік мұсылмандар. Маранаоны исламдандыру XVII ғасырда басталды.[4]

Негізгі кәсіптері – балық аулау, егіншілік (күріш, жүгері, маниок, абака, кофе) және мал шаруашылығы (буйвол). Қолөнерден - торлар, балық аулау құралдары, желкенді қайықтар жасау, тоқу (абакадан), ағаштан ою, металлдарға бедер соғу (дәрет алуға арналған құмыралар, лотоктар т.б.) дамыған.[5]

қолөнершілер

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Маранао жабық қауымдастықтарда тұрады, оларды көсемдер - дато, имамдар, қажылар басқарады. Отбасы шағын, көп әйелділік кең таралған. Әйелдің отбасылық мәселелерде дауыс беруге құқығы бар, бетін жаппайды. Мұсылмандардың христиандармен аралас некелері кең таралған.[6]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі елді мекендері жинақы. Тұрғын үйлері қадаларға орналасқан, бір немесе екі бөлмелі, төбесі сабанмен немесе пальма жапырақтарымен жабылып, қайық тұмсығы түрінде ойылған ою-өрнекпен (панулонг) өрнектеліп сырланған.[7]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі ерлер киімі – шаровар, қысқа күртеше, ақ түсті орамал, байланған белдік, оған бетель қорапшалары ілінеді. Әйелдер киімі – саронг, кеудеше, шаровар немесе тізеге дейін тар шалбар, қол мен аяққа білезік, алқа, моншақтар, сырғалар тағады. Ерлер де, әйелдер де ұзын шаш қояды, тістердің кесу және қаралау дәстүрі бар.[8]

Дәстүрлі тағамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі тағамдары – күріш, көкөністер, жемістер, балық және ащы дәмдеуіштер, ет тағамдары тек мереке күндері тұтынылады. Бетелді шайнау жиі кездеседі.[9]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Маранао. Тексерілді, 29 қыркүйек 2024.
  2. Үлкен Ресей энциклопедиясы. Тексерілді, 29 қыркүйек 2024.
  3. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі. Тексерілді, 29 қыркүйек 2024.
  4. Маранао сөзінің мағынасы. Тексерілді, 29 қыркүйек 2024.
  5. Маранао. Тексерілді, 29 қыркүйек 2024.
  6. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 329. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
  7. Маранао. Тексерілді, 29 қыркүйек 2024.
  8. Маранао. Тексерілді, 29 қыркүйек 2024.
  9. Әлем халықтары/Маранао. Тексерілді, 29 қыркүйек 2024.