Ментавайлар
Ментавайлар | |
сакалагая, чачалалегат | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
40 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
протестантизм, дәстүрлі сенімдер. |
Ментавайлар (сакалагая, чачалалегат) — Индонезиядағы халық, Суматраның батысындағы Ментавай архипелагының байырғы халқы. Жалпы саны – 40 мың адам.[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар аустронезиялық отбасының батыс аустронезия тобының ментавей тілінде (диалектілерімен) сөйлейді. Олар малай-яван тілдерінің тобын құрайтын ментавай тілінде (Нганга Матаве) сөйлейді. Жазуы латын әліпбиінде негізделген жазу.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ментавайлар дәстүрлі сенімді сақтап қалған. Олар соғыс құдайларына, ата-баба рухтарына және басқа да көптеген рухтарға сенеді. Халық өкілдері зұлым рухтардан қорғану үшін үйлеріне жануарлардың бас сүйектерін іліп, шатырдың астына қояды. Мұнда бақсыларды да кездестіруге болады.[3]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсіптері - қолмен атқарылатын ауыл шаруашылығы (ямс, тәтті картоп, банан, қант қамысы), балық аулау (садақ пен жебе қолдану), жағалауда терушілік дамыған (моллюскалар, шаян тәрізділер), аңшылық (бұғы, маймылдар), шошқа, ит, тауық өсіру. Бұрын теңізде үлкен тасбақалар ауланған.[4]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ментавайлар ауылдық қауымдастықтарда тұрады, олардың әрқайсысында 30-дан 80-ге дейін адам бар. Халқы жартылай көшпелі өмір салтын ұстанады. Әр қауымдастықта рухтармен қарым-қатынас жасауға жауапты емші бар. Денелеріне табиғатты бейнелейтін татуировка жасайды, тістерін акуланыкі сияқты өткір етіп егейді. Неке патрилокальды.[5]
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Елді мекендері (лаггай) теңіз жағалауынан шалғайда, өзендердің жағасында орналасқан, шоғырланып орналасқан, бір немесе бірнеше үлкен үйлерден (30-40 жұптық отбасы үшін) және шағын үйлерден (бір отбасы үшін), сондай-ақ қосалқы құрылыстардан тұрады. Елді мекеннің орталығында коммуналдық үй (жігіттердің, қонақтардың түнейтін орны, сондай-ақ құрбандық малының бас сүйектерінің қоймасы) бар. Тұрғын үйлері бамбук қадаларында орналасқан, қаңқалы бағаналы, пальма жапырақтарымен жабылған. Орталық арқалықтар оюлармен безендірілген. Үлкен үйлердің ұзындығы 55-65 м, ені 10-15 м жетеді.[6]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі ерлер киімі – тападан жасалған мата кесіндісі, әйелдер киімі, жамбасты жауып тұратын белдемше, банан жапырағынан жасалған жамылғы, әйелдер шаштары мен құлақтарына гибискус жапырақтары мен гүлдерінен зергерлік бұйымдарды тағады, маржаннан, ротаннан, мыс сымнан алқа, білезік киеді.[7]
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі тағамдары - қайнатылған және пісірілген таро түйнектері, ямс, тәтті картоп, маниок, қант қамысы, жемістер, ет - мереке күндері пайдаланылады.[8]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Ментавайлар
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ментавайлар. Тексерілді, 2 қазан 2024.
- ↑ Үлкен Ресей энциклопедиясы 2004–2017 ж. Тексерілді, 2 қазан 2024.
- ↑ Ментавай халқы: курорттық аймаққа жақын жерде тұратын акула тісті тайпа. Тексерілді, 2 қазан 2024.
- ↑ Индонезия, Ментавай аралдары: жабайы тайпаның таңғажайып фотосуреттері. Тексерілді, 2 қазан 2024.
- ↑ Ментавайлар. Тексерілді, 2 қазан 2024.
- ↑ Ментавайлар. Тексерілді, 2 қазан 2024.
- ↑ В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 341. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
- ↑ Әлем халықтары/Ментавайлар. Тексерілді, 2 қазан 2024.