Мазмұнға өту

Удиндер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Удиндер
Бүкіл халықтың саны

10 000 адам

Ең көп таралған аймақтар
 Ресей

4 267 (2010)

 Әзербайжан

3 800 (2009)

 Украина

592 (2001)

 Қазақстан

247 (2009)

Тілдері

удин тілі

Діні

христиандық

Удиндер — (өзд. атауы уди, ути) Шығыс Кавказдағы ең ежелгі халықтардың бірі. Тарихи тұрғылықты жері қазіргі Әзірбайжанның аумағы болып табылады. Қазіргі уақытта олар Ресейде, Грузияда, Арменияда, Қазақстанда, Украинада және басқа да көптеген елдерде тұрады. Жалпы саны 10 мыңға жуық адам.

Удин тілі иберий-кавказ тілдер отбасының нах-дағыстан тармағының лезгин ішкі тобына кіреді, тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады, эргативті және номинативті құрылыстарының үйлесімімен сипатталады. Удин тілі екі диалектіге бөлінеді: нидж және варташен-октомбери.[1]

Қазіргі удиндер, көне христиандықтың миофизиттік бағытын (Армян Апостолдық шіркеуі) ұстанады.[2]

Удин әйелі

Удиндер Кавказ Албаниясын құрушылардың тайпаларының бірі болды. Ертеде удиндер Каспий теңізінің жағасынан Кавказ тауларына дейін, Кураның сол және оң жағалауында біршама кең аумақтарда қоныстанған. Кавказ Албаниясының бір аймағы осы атпен Ути деп аталды. Арабтар Кавказ Албаниясын жаулап алғаннан кейін удиндерді мұсылмандандыру және олардың санының қысқаруының белсенді процесі басталды. Батыс удиндер Таулы Қарабақ пен Ути шекарасындағы бірнеше ауылды тастап, Нидж ауылына қоныстанды.

11 ғасырда оғыз түріктері аймағына қоныс аударудың басталуымен удиндер түріктенді. Таяу өткен дәуірдің өзінде удилер Мирзабейли, Солтан Нуха, Джоурлу, Мыхлыкувах, Баян, Варданлы, Кирзан, Малых, Енгикенд және т.б ауылдарда өмір сүрсе, қазір олар әзірбайжандармен сіңісіп кетті. Удиндердің негізгі бөлігі Әзірбайжанның қалған байырғы тұрғындарының көпшілігі сияқты әзірбайжан халқының құрамына кірді.

Удиндердің негізгі кәсібі жермен байланысты: егістік, темекі өсіру, бау-бақша, егіншілік, бау-бақша. Негізгі дақылдар бидай, күріш, жүгері, арпа, тары болды. Алмұрт, қара өрік, шие, өрік, алма, інжір, құрма ағаштары өсірілген иеліктерде бау-бақшалар басым болды. Кең аумақтарды жаңғақ, фундук, каштан, жүзім, тұт екпелері алып жатты. Бақшалардан түрлі дақылдар асқабақ, баклажан, қызанақ, жалбыз, кинза, сарымсақ, қияр, бұрыш, қарбыз, қауын т.б. өсірілді. Мал шаруашылығы қосалқы рөл атқарды. Олар қой, шошқа, тауық, күркетауық, ірі қара мал өсірді. Негізінен малдар қосалқы шаруашылықтарда ұсталды, сүт өнімдерін алуға пайдаланылды. Дәстүрлі қолөнер керамика, жүн өңдеу, ағаш ою өнері дамыған деп саналды.

Дәстүрлі тұрғын үй – қой тастар мен қыш кірпіштен салынған бір қабатты үй. Ғимараттың айрықша белгілері жертөлелері бар биік іргетас болып табылады.[3]

Удин фольклоры өте алуан түрлі. Бұл ертегілердің, аңыздардың, нақылдардың, әндердің, ойындардың, мақал-мәтелдердің барлық түрлері. Оның бір бөлігі бүгінгі күнге дейін сақталса, бір бөлігі өткен ғасыр жазбаларынан белгілі. Христиан дінін қабылдағаннан кейін де удиндер басқа албан тайпалары сияқты өздерінің бұрынғы әдет-ғұрыптарын ұмытпай, жаңа дінмен біріктірді. Әртүрлі нанымдар, көріпкелдік, сиқырлы әрекеттер кеңінен тараған. Көз тиюді, ауруды емдеген емшілердің ықпалы зор болды, ата-бабалар культі де кең тараған.

Ұлттық тағамы

Удиннің дәстүрлі ерлер костюмі кейбір бөлшектерімен ерекшеленетін жалпы кавказдық киімге ұқсайды. Гурат деп аталатын тік жағасы бар жейде, кең шалбармен, үстіне тігілген биік жағалы кафтан – архалук киетін. Киім күміспен безендірілген белбеумен байланған, оған қанжар бекітілген. Конустық пішінді қой терісінен жасалған қалпақ бас киім ретінде қызмет етті. Әйелдер киімі армян, қарабақ ұлттық киіміне ұқсас, киім ұзын шалбардан, ұзын көйлектен тұрды. Қазіргі удиндер қалалық киім киеді.

Удинтағамдарының негізі көкөніс және сүт тағамдары болды. Палау кең таралған, оның негізі әртүрлі түрлері күріш, бұршақ, каштан, жүгері, кептірілген жемістерден жасалады. Удиндердің күнделікті саналатын дәстүрлі тағамы – хариса. Ол ұнтақталған күйге дейін қайнатылған, құс еті мен етінің ұсақ бөліктері қосылған сары маймен, дәмделген бидайдан тұрады. Уди асханасында көкөністер мен шөптерден жасалған тағамдар көп: баклажан, асқабақ, қалақай, қызанақ, бұрыш, қырыққабат. Тәттілерге, салаттарға, ыстық тағамдарға, сорпаларға қоспа ретінде жаңғақтар белсенді қолданылды.

Қазақстандағы удиндер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1989 жылғы халық санағы бойынша КСРО-да 7 971 удин болды. Қазақстанның удин диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай:

  • 33 (1970 ж.),
  • 194 (1979 ж.),
  • 363 (1989 ж.),
  • 294 (1999 ж.),
  • 247 (2009 ж.) адам.[4]

1999 жылғы санақ бойынша Қазақстандағы удиндердің қостілділік дәрежесі мынадай түрде анықталды: біртілділер – 91 адам (31,0%), қостілділер – 203 адам (69,0%).

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Э.Д. Сүлейменова, Д.Х.Ақанова, Н.Ж.Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы»: Кітап.–Алматы: «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020 ж. 187-бет.
  2. ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК: Қазақстан этносаясаты мен тәжірибесінің терминдері мен ұғымдары. Нұр-Сұлтан, 2020. 165-бет. ISBN 978-601-287-224-8
  3. Анна Шихова. Удины — сохранившие веру https://travelask.ru/articles/udiny-sohranivshie-veru
  4. Қазақстан халқы. Энциклопедия. /Бас.ред. Ж.Н.Тойбаева. /Құраст.Ғ.Жандыбаев., Г.Егеубаева.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. 415-бет ISBN 978-601-7472-88-7