Мазмұнға өту

Алундар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Алундар
сапалева, саполева
Бүкіл халықтың саны

17 000

Ең көп таралған аймақтар

 Индонезия

Тілдері

алун тілі

Діні

христиандық (протестанттар), ислам

Алундар (сапалева немесе саполева) — Серам аралының батысындағы Шығыс Индонезияда тұратын халық. Серам аралындағы ең ежелгі этникалық топтардың бірі болып табылады. Олардың саны шамамен 21 300 және аралдың орталық-батыс бөлігіндегі 27 ауылда тұрады.[1]


Алундар шығыс индонезиялық тілінде сөйлейді, тілі - алун тілі. Диалектілері бар болуы мүмкін. Орталық малай-полинезиялық тілдердің аустронезиялық отбасына жатады. Алундар индонезия тілін де пайдаланады.[2]

Діни ұстанымы - протестанттар, ислам дінін ұстанатын өкілдер де бар. Сонымен қатар дәстүрлі нанымдарды ұстанады.[3]

Дәстүрлі кәсіптері - күріш пен тамыр жемістерін өсіру. Тоқымашылықпен айналысады (әйелдер тоқыма белдемше киеді).[4]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Туыстық қатынас патрилинейлік. Неке туысқандық, екі жақты кросскузендік неке дамыған, яғни, апалы-сіңлі алмасу дәстүрі.

Олар тоқылған киім киеді. Серам аралының әйелдері тоқылған белдемше киеді.

Алун халқының Серам аралында өсетін әлем ағашы Нунусаку туралы аңызы бар. Халықтың ұстанымына сәйкес, онда олардың мифтік ата-бабаларының рухтары өмір сүреді. Олар да оны өздерінің негізін қалаушы деп санайды.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Алундар. Тексерілді, 20 маусым 2024.
  2. Алундар. Тексерілді, 20 маусым 2024.
  3. Алундар. Тексерілді, 20 маусым 2024.
  4. Дүние жүзі халықтарының энциклопедиясы. Алундар. Тексерілді, 20 маусым 2024.
  5. Алундар. Тексерілді, 20 маусым 2024.