Мазмұнға өту

Тернатандар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тернатандар
тернате, тернатандар, ибу, джаилоло
Бүкіл халықтың саны

160 000

Ең көп таралған аймақтар

 Индонезия

Тілдері

тернат тілі

Діні

суннизм, католицизм

Тернатандар (өз атауы - тернате, тернатандар, ибу, джаилоло) — Индонезиядағы ұлт.[1] Олар Тернате аралын және батыс Халмахераның (Молукка аралдары) жағалау бөлігін мекендейді.[2] Жалпы саны 160 мың адам.[3] Субэтникалық топтар: ибу, джаилоло, тернато-португал.[4]

Олар Молуккалардың солтүстігінде делдал тіл рөлін атқаратын тернат тілінде сөйлейді. Жазуы XVII-ғасырдан араб әліпбиі, XX ғасырдан латын әліпбиі негізінде.

Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар, бір бөлігі – католиктер.[5]

Тернатедегі мерекелер кезінде соя биін орындау

Бастапқыда мемлекет Гапи деп аталды, бірақ кейін өз атауын астанасы атауына байланысты - Тернат деп өзгертті. Мемлекет 1570-1583 жылдары билеген Бабулла сұлтан тұсында ең үлкен гүлденуге жетті. Ол Индонезияның шығыс бөлігін және Филиппиннің оңтүстігінің бір бөлігін басқарды. Тернат әлемдегі ең ірі қалампыр өндірушісі болды. 1605 жылы Голландиялық Шығыс Үндістан компаниясы Тернатта өзінің алғашқы бекінісін құрды және 16 ғасырда Тернатқа жақын аралдарда дәмдеуіштер саудасына монополиясын кеңейтуге тырысты, 16-17 ғасырлардағы голландтар бекініс ретінде пайдаланды.[6]

Қазіргі кәсібі копра өндірісіне негізделген. Ауыл шаруашылығы (күріш, тәтті картоп, маниок), саго өндіру, балық аулау және теңіз кәсібі дамыған.[7]

Тұрмыс салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аумақтық ауылдық қауымдастықтар шағын отбасылардан тұрады. Неке патрилокалды. Көптеген тернаттар Тернат қаласында тұрады.[8]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  2. Кеңестік тарихи энциклопедия. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  3. Тернатандар. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  4. Тернатандар сөзінің мағынасы. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  5. Тернатандар. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  6. Тернатандар. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  7. Тернатандар. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  8. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 527. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.