Мазмұнға өту

Куки (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Куки
Бүкіл халықтың саны

2,7 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Үндістан  Мьянма  Бангладеш

Тілдері

тибет-бирма тобының тілдері

Діні

дәстүрлі нанымдар

Куки (Үндістанда - куки, Мьянмада - чин) — Үндістанның солтүстік-шығыс штаттарында, Мьянманың солтүстік-батыс аймақтарында және Бангладештің таулы аймақтарында тұратын туысқан халықтар тобы.[1] Жалпы саны 2,7 миллионнан астам адам.[2]

«Куки» сөзінің шығу тегі белгісіз, бұл экзоним: бастапқыда қазір Куки деп аталатын тайпалардың өзіндік атауы емес. Отаршыл британдық жазушы Адам Скотт Ридтің айтуы бойынша, Куки сөзі туралы ең алғашқы деректер британдық жазбаларда 1777 жылға жатады. Ежелгі санскриттік аңызға айналған әдебиеттерде Кукилер сияқты тайпалармен ұқсас болған Кирата халқы туралы айтылады. К.А.Соппиттің айтуынша, «Ескі Кукилер» 11 ғасырдың басында, ал «Жаңа Кукилер» 19 ғасырдың бірінші жартысында Манипурға қоныс аударған. «Куки» сөзі ассам немесе бенгал тегі болса керек және «Чин» - «таулық» деген мағынаны білдіреді.[3]

Кукилер Үндістан, Бангладеш және Мьянмадағы бірнеше таулық тайпаларды құрайды. Дзо (Мизо) халқы Мьянманың Чин штатында Чин, Мизорам штатында Мизо деген атпен белгілі. Үндістанның Манипур штатындағы кукилер сияқты, Үндістанның солтүстік-шығыс штаттарында, Мьянманың солтүстік-батысында және Бангладештің Читтагонг тауларында таралған бірқатар туысқан тибет-бирман тайпалық халықтары бар. Солтүстік-Шығыс Үндістанда олар Аруначал-Прадештен басқа барлық штаттарда кездеседі. Бұл халықаралық шекаралар арқылы таралуы Үндістанды оккупациялау кезінде британдықтардың жазалау әрекеттеріне байланысты.[4]

Олар қытай-тибет отбасының тибет-бирма тобының тілдерінде сөйлейді.[5]

Олар дәстүрлі нанымдарды ұстанады, сонымен бірге индуистар, христиандар, сүнниттік мұсылмандар бар.[6]

Зо халқының өкілі

Дәстүрлі кәсібі – қолмен жұмыс атқарылатын егіншілік (күріш, жүгері, көкөністер), Куканың бір бөлігі тау етегіндегі су тасқыны алқаптарын өңдейді. Қолөнердің ішінде иіру және тоқымашылық дамыған.[7]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қоғамдық жерге иелік ету, қауымдастықты басқару демократиялық негізде сақталған. Туыстық есеп патрилинейлік, олардың ішінде үлкен және кіші тармақтар ерекшеленеді. Куки отбасына ата-анасы, кәмелетке толмаған балалары және мұрагер ұлдың отбасы кіреді. Қалыңдық үшін жұмыс жасау дәстүрі болған.[8]

Дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ертеректе егістік жер ауыстырғанда ауылдары жиі көшірілетін. Үілері жерде немесе қадаларда орналасқан сабан төбелері бар бамбуктан немесе тақтайдан жасалған үйлер.[9]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі киімдері - әйелдерде, матаның кең бөлігімен байланған тігілмеген белдемше және ақ блузка. Ерлерде -көйлек, дхоти, жеңсіз жилет және сәлде.[10]

Дәстүрлі тағамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағамдарының негізі - күріш, жүгері, тары, бұршақ, тапиока, тәтті картоп, асқабақ, апельсиндер, лимондар және басқа цитрустық жемістер, манголар және банандар. Сонымен қатар сиыр еті, шошқа еті, құс еті, қырыққабат, асқабақ, қияр, қауын және ямс, бал, балық, әсіресе кептірілген балық. Күріштен жасалған шарап ішеді. Көптеген адамдар буйвол етін тұтынбайды, бірақ оған ешқандай тыйым салынбаған.[11]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Куки. Тексерілді, 3 қыркүйек 2024.
  2. Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Тексерілді, 3 қыркүйек 2024.
  3. Куки. Тексерілді, 3 қыркүйек 2024.
  4. Куки халқы. Тексерілді, 3 қыркүйек 2024.
  5. Үлкен Кеңестік Энциклопедия. Тексерілді, 3 қыркүйек 2024.
  6. Үлкен Кеңестік Энциклопедия. Тексерілді, 3 қыркүйек 2024.
  7. Халықтары мен Куки мәдениеті. Тексерілді, 3 қыркүйек 2024.
  8. Әлем халықтары/Куки. Тексерілді, 3 қыркүйек 2024.
  9. Чин. Тексерілді, 3 қыркүйек 2024.
  10. Үлкен орыс энциклопедиясы 2004–2017 ж. Тексерілді, 3 қыркүйек 2024.
  11. Чин. Тексерілді, 3 қыркүйек 2024.