Язгулямдар
Язгулямдар (язгулемдер) | |
згямиг | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
7 000 - 11 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Язгулямдар (өз атауы: згямиг) — Тәжікстан мен Ауғанстандағы бадахшан халықтарының бірі. Жалпы саны 7 мыңнан 11 мың адамға дейін.[1] Негізінен Язгулям өзенінің биік таулы алқабында тұрады.
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - язгулям тілі. Білім тәжік тілінде жүргізіледі.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілері негізінен сүнниттік мұсылмандар, аздаған бөлігі шииттер.
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі – суармалы егіншілік, Язгулемнің жоғарғы ағысының биік таулы аймақтарында – мал шаруашылығы. Иіру, тоқу (ерлер), түрлі-түсті жүннен шұлық тоқу (әйелдер), ағаштан ыдыс жасау, қоржын тоқу, т.б. дамыған.[3]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оларда негізінен әйелдер орындайтын жерлеу және еске алу ғұрыптық биі сақталған. Қайтыс болғандарды каум басшысы жерлейді.
Ауылдар кварталдарға бөлінген, онда негізінен бір атаның (қаум) мүшелері тұрады.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Язгулямцы https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/705565
- ↑ Моногарова Л. Ф. Язгулёмцы. http://www.etnosy.ru/node/452
- ↑ a b народы мира / Язгулёмцы http://www.etnolog.ru/people.php?id=YAZG