Хамнигандар
Хамнигандар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
2 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Хамнигандар — моңғолдардан (Моңғолияның Хэнтей және Шығыс аймақтары, Ішкі Моңғолия автономиялық аймағының (Қытай) және буряттардан (Бурятия және Забайкалье өлкесі) тұратын субэтникалық ұлт.[1] Хамнигандар – аралас тектес этнографиялық топ. Әлемдегі жалпы саны 2000 адам.
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хамниган тілінде сөйлейді, кейбіреулері эвенк тілінің диалектісінде сөйлейді.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хамнигандар рухтарға сенеді. Олардың қоғамында шаманизм, табиғат күштерін руханиландыру, сауда культі және кейбір тотемизм басым. Онон хамнигандары буддизмді буряттар Агин даласына қоныс аударғанға дейін ұстанған.
Этноним
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хамнигандар этнонимі тунгус тілдерінен шыққан («тау тұрғындары»). Хамнигандар — XVII ғасырдан бастап немесе одан да ертерек Солтүстік Забайкальеден Селенга және Онон өзендерінің аңғарларына көшіп келген эвенктердің ұрпақтары, оларға Закаменский, Хори буряттары және олардың көршілері – моңғол тайпалары қатты әсер етті. XVII—XVIII-ғасырларда хамнигандар көршілерімен бірге Моңғолияның ішіне, немесе шығысқа қарай - Шилка мен Аргунға дейін, 1727 жылы орыс-қытай шекарасы орнатылғаннан кейін олар өздерінің қазіргі қоныстанған жерлерінде болды, бір тобы Солтүстік Моңғолия аумағында, екіншісі оңтүстік Забайкальеде.[3]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хамнигандар көшпелі мал шаруашылығын, негізінен жылқы шаруашылығын (осыдан оларға қатысты жиі қолданылатын «жылқы тунгус» термині пайда болды), кейінірек қосалқы кәсіп ретінде дәстүрлі аңшылықты сақтай отырып, егіншілікті игерді.
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]19 ғасырда халықта шағын отбасы басым болды. Барлық мүлікке ер адамдар отбасы мүшелері мұрагер болды. Кенже ұлы ата-анасымен бірге тұрды. Күйеу жігіт қалыңдыққа төлем төеу керек, егер қолында ештеңе болмаса, қалыңдықтың ата-анасының үйінде белгілі бір уақыт тұрып, үй шаруасына көмектесіп, оны өңдеп беруі керек еді. Жесір әйел күйеуінің ағасына немесе жақын туысқанына тұрмысқа шығуға міндетті болды. Ауқатты хамнигандарда көп әйел алушылық болды, бір адамға 5-ке дейін әйел алуға рұқсат етілді.
Халықтың дәстүрлі баспанасы - қайың қабығымен жабылған сырықтардан құрастырылған конустық шатыр. Моңғолия территорияларында тұратын хамнигандар киіз үйлерде өмір сүрді, олар қайың қабығымен және киізбен жабылған. Тұрғын үйдің ортасында ошақ, қабырғалардың бойына төсек-орын, түрлі ыдыс-аяқ, заттар қойылған. Мұндай тұрғын үйлер оңай бөлшектелді, оларды тасымалдау ыңғайлы болды.
Әйелдердің дәстүрлі киімі буряттарға өте ұқсас. Тұрмысқа шыққан әйелдер ені 6 см-ге дейін тігілген ұзын көйлек көйлек киген - дээл. Ол қоянның терісінен тігілген. Бір көйлек үшін 50-ден 60-қа дейін тері пайдалынылған. Оған қоянның, қарақұйрықтың, бұлғынның немесе қозының терілері пайдаланылған. Көйлек белбеумен байланған. Ер адамдар балық аулауға және аңшылыққа бейімделген киімді киген. Ол қысқа, қолтығы бос, жағасы аласа бөкен терісінен жасалған. Бас киім ретінде олар аң аулау кезінде алынған жануарлардың терісінен тігілген бас киімдерді киді.[4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Хамниганы https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1342592
- ↑ Большая российская энциклопедия https://bigenc.ru/ethnology/text/4728898 Мұрағатталған 30 желтоқсанның 2022 жылы.
- ↑ народы мира / Хамниганы http://www.etnolog.ru/people.php?id=HAMN
- ↑ Хамниганы — загадочное племя Источник: https://travelask.ru/articles/hamnigany-zagadochnoe-plemya