Ватубелдер
Ватубелдер | |
Ватубела, Матубела | |
Ватубела аралының Малуку архипелагының аралдарының арасында орналасуы | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
3 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Ватубелдер (балама атауы - Ватубела, Матубела) — Шығыс Индонезиядағы халықтардың бірі. Ватубель аралдарында тұрады. Амбон-Тимор халықтары халықтар тобына кіреді. Жалпы саны 3 мың адам.[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ватубеле тілінде сөйлейді. Гесер және индонезия тілдері де кең таралған.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Діні бойынша суниттік мұсылмандар.[3]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]VII ғасырдың аяғы-VIII ғасырдың басынан бастап XIV ғасырға дейін орталығы Суматра аралы болған Шривиджая мемлекетінің бөлігі болып табылады. XV-XVI жылдары Малукк Сұлтанатының құрамына кіргені де белгілі. 16 ғасырдың ортасынан бастап Ватубела аралы да Индонезияның архипелагтарының ішінде алдымен португалдықтардың, содан кейін келген голландтардың отарлау процесін бастан кешірді.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі - саго өндіру және балық аулау. Олар егіншілікпен айналыспайды.[5]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Елді мекендері жағалау бойына созылып орналасқан. Тұрғын үйлерінің қабырғалары мен төбелері саго пальма жапырақтарының кесінділерінен жабылған, қадаларда бекітілген.[6]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Киімдері малайлық үлгідегі дәстүрлі киімдер, еуропалық және амбондық киімдер де дәстүрге енуде.[7]
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі тағам - қайнатылған саго крахмалы, жаңа піскен және ашытылған балық, сагодан пісірілген өнімдер, қышқыл көкөніс және балық тұздықтары.[8]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ватубелдер. Тексерілді, 23 шілде 2024.
- ↑ Ватубелдер. Тексерілді, 23 шілде 2024.
- ↑ Ватубелдер. Тексерілді, 23 шілде 2024.
- ↑ Ватубелдер. Тексерілді, 23 шілде 2024.
- ↑ Ватубелдер. Тексерілді, 24 шілде 2024.
- ↑ Ватубелдер. Тексерілді, 23 шілде 2024.
- ↑ Ватубелдер. Тексерілді, 24 шілде 2024.
- ↑ Әлем халықтарының энциклопедиясы. Ватубелдер. Тексерілді, 23 шілде 2024.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |