Мазмұнға өту

Телугулер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Телугулер
андхра
Бүкіл халықтың саны

74 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Үндістан

Тілдері

телугу тілі

Діні

индуизм, суннизм

Телугулер (андхра) — Үндістандағы халық, Андхра-Прадеш штатының негізгі халқы, сонымен қатар Тамил Наду және Карнатака штаттарының маңындағы аудандарда тұрады.[1] Саны 74 миллион адам. (2001, халық санағы).[2]

Дравид тілдері шоғырына жататын телугу тілінде сөйлейді.[3]

Дінге сенушілер негізінен индуистар, бір бөлігі сүнниттік мұсылмандар.[4]

Б.з.б. 1-мың жылдықтың ортасында андхра, калинга тайпалары Солт. Үндістаннан оңт-ке қоныс аударып, телугу тайпасымен араласып, б.з.б. 2 ғ-дан бастап б.з. 3 ғ. аралығында біртұтас халық болып қалыптасқан. Б.з.б. 3 ғ-да ежелгі А. мемл. Маурья империясы құрамында болған кезде буддизм мен жайнизм сенімін қабылдаған. 4 ғ-дан бастап Гуптаның құрамына енгеннен кейін, индуизмді қабылдады. 1956 ж. А. бірыңғай Андхра-Прадеш штатына қайта бірікті.

Телугу жұбы

Негізгі кәсібі – егіншілік (қызыл бұрыш, күріш, бұршақ, мақта, кендір және темекі). Телугу қой өсірушілерінің этномәдени тобы бар. Қолөнер дамыған – қыш, тоқыма, маталарды безендіру, зергерлік және лак өнері. Қазіргі уақытта жаңа ақпараттық технологиялар әзірленуде (Хайдарабадта).[5]

Тұрмыс салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Телугулар Үндістанның бір бөлігі ғана болғанымен, бұл халық өздерінің ата-бабаларының көптеген ерекшеліктерін сақтап қалды. Үнділердің арасында бұл этникалық топтың өкілдері ұйымшылдығымен және ұқыптылығымен ерекшеленеді. Телугу негізінен касталық бөлуді сақтайды. Касталар экзогамдық тайпалық топтарға бөлінеді, матрилинейліктің кейбір дәстүрлері сақталған (анасының ағасының қызымен некеге тұру, төменгі касталар үшін - мұрагерлік матрилинейлік). Ажырасу мен жесірлердің қайта тұрмысқа шығуына тыйым салынған.[6]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауылдарда жоғарғы касталардың өкілдері төртбұрышты аулалары бар кірпіш үйлерде тұрады. Үйдің оңтүстік бөлігінде жатын бөлмелері, шығыс бөлігінде намазхана, батыс бөлігінде қонақ бөлмесі бар. Үйдің қалған бөлігін қоймалар алып жатыр. Орта касталардың шаруалары мен қолөнершілерінің отбасылары бір бөлмелі, кейде тоқылған қабырғалары бар верандалы үйлерде тұрады. Тоқымашылар кастасының мүшелері дөңгелек бамбуктан немесе ағаштан жасалған лашықтарда тұрады.[7]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ерлер дхоти киеді, оның үстіне ақ немесе түсті көйлек, иықтарына орамал немесе шарф тасталады, басына сәлде киеді. Телугу мұсылмандары лунги, көйлек және дөңгелек қалпақ киеді. Әйелдер киімі – сари, астына белдемше, жеңі бар қысқа күртеше (чоли). Шаруа әйелдері дхоти сияқты сари киеді. Косметика, зергерлік бұйымдар (байлар үшін - алтыннан) танымал.

Дәстүрлі тағамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі тағамы - күріш, бұршақ (әсіресе ащы тағамдар), асқабақ, қышқыл сүт. Тамақты манго жемістері, лимондар, дәмдеуіштермен дәмдейді. Мерекелік тағамдар – бұршақтан жасалған тәттілер т.б.[8]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Телугу халқы. Тексерілді, 20 қараша 2024.
  2. Үлкен Ресей энциклопедиясы 2004–2017. Тексерілді, 20 қараша 2024.
  3. Телугу. Тексерілді, 20 қараша 2024.
  4. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі. Тексерілді, 20 қараша 2024.
  5. Телугулер. Тексерілді, 20 қараша 2024.
  6. Телугу - Үндістанға өз мәдениетін берген халық. Тексерілді, 20 қараша 2024.
  7. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 524. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
  8. Әлем халықтары/Телугулер. Тексерілді, 20 қараша 2024.