Мазмұнға өту

Урали (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Урали
Бүкіл халықтың саны

35 000

Ең көп таралған аймақтар

 Үндістан

Тілдері

гадаба тілі

Діні

дәстүрлі нанымдар

Урали Үндістанның оңтүстігінде, Тамилнад және Керала штаттарында тұратын халық. 1990 жылдардың аяғында халық саны 35 мың адам болды.[1]

Тілі - гадаба тілі.[2]

Дәстүрлі нанымдарды ұстанады.

Дәстүрлі кәсіптері - қолмен атқарылатын егіншілік (күріш), терушілік, аңшылық.[3]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Уралилер эндогамиялық топтарға бөлінеді, неке әпке-қарындастардың міндетті түрде алмасуы арқылы қиылады (сондықтан қарындасы жоқ жігітке қалыңдық табу қиын). Ауылдарды ақсақалдар басқарады, сонымен бірге олар да емші қызметін де атқарады, ауылдар тобын көсемдер басқарады.

Негізінен шағын ауылдарда, орманды тауларда тұрады. Тұрғын үйлері - шөппен немесе жапырақтармен жабылған қаңқалы бір бөлмелі үй, ағаштан тұрғызылған үйлер жиі кездеседі.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Урали (народ) https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1881814
  2. Современная энциклопедия - урали http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/urali
  3. Народы и религий мира https://static.iea.ras.ru/books/narody_i_religii_mira_enciklopediya.pdf
  4. народы мира / Урали http://www.etnolog.ru/people.php?id=URAL