Мазмұнға өту

Мори (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мори
то мори
Бүкіл халықтың саны

240 000

Ең көп таралған аймақтар

 Индонезия

Тілдері

мори

Діні

христиандық

Мори (то мори) — Индонезияда, Сулавеси аралында тұратын халық. Олар биік, орманды тау жоталары мен терең аңғарларда қоныстанған. Халқының саны Лалаки мен Бунгку туысқан халықтарымен бірге 2010 жылғы мәліметтер бойынша 240 мың адамды құрайды.[1]

Тілі - аустронезиялық отбасының, батыс аустронезия тобындағы мори немесе аикоа тілі.[2]

Морилер - протестанттық христиандар.[3]

Дәстүрлі кәсібі – күріш өсіру, сондай-ақ жүгері, таро, темекі сатуға арналған кофе өндірісі барған сайын маңызды болып келеді. Дәстүрлі қыш, қола, темір бұйымдары сатып алынған заттармен алмастырылуда.[4]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Отбасы шағын, көп әйел алу тек үстем тап арасында жиі кездеседі. Қалыңдық үшін құн төленеді. Некелер тек үстем тап өкілдерінің арасында болады. Неке матрилокальды, содан кейін неолокальды. Мүлікті барлық балалар бірдей мұраға алады. Ажырасуға рұқсат етілген.

Дәстүрлі культтердің қалдықтары – ата-бабалар рухына тағзым ету, күріш құдайына, тағдыр мен өлім құдайына, су құдайы мен болжаушы құстарға , жақсылық пен зұлым рухтарға сену сақталған. Өлгендерді кебінге орап, үш-бес жылға дейін тұғырда қалдырған, беделді адамдарды бейіттерге жерлеген. Үңгірлерге екінші рет жерлеу дәстүрі болған. Қауым басшысының өліміне орай бас аулау ұйымдастырылған.[5]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Елді мекендері шығыстан батысқа қарай созылған, ортасында киелі орны бар түзу орналасқан. Қадаларға орналасқан ағаштан және бамбуктан жасалған тікбұрышты үйлері бар.[6]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ерлер киімі – еуропалық үлгідегі киімдер, әйелдердікі – саронг.

Дәстүрлі тағамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі тағам – күріш.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мори сөзінің мағынасы. Тексерілді, 8 қазан 2024.
  2. Мори халқы. Тексерілді, 8 қазан 2024.
  3. Мори. Тексерілді, 8 қазан 2024.
  4. Әлем халықтары/Мори. Тексерілді, 8 қазан 2024.
  5. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 356. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
  6. Мори. Тексерілді, 8 қазан 2024.