Мазмұнға өту

Моғолдар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Моғолдар
мо­гол, мо­гул, мон­гул
Бүкіл халықтың саны

20 000

Ең көп таралған аймақтар

 Ауғанстан

Тілдері

моғол тілі

Діні

суннизм

Моғолдар (мо­гол, мо­гул, мон­гул) — Ауғанстанның солтүстік-батысындағы халық (Герат вилаяты). Жалпы саны 20 мың адам. Моғолдар – 13 ғасырдағы Ауғанстанды жаулап алған моңғолдардың жергілікті халықпен араласып, оның тілі мен мәдениетін негізінен қабылдаған ұрпақтары.[1]

В.В.Бартольдтың айтуынша, «моғол» термині Орта Азиядағы моңғолдардың кең тараған атауы болған. Мұсылман қолжазбаларында моңғолдар моғол немесе могул деп көрсетілген. Қазіргі уақытта моңғолдар Ауғанстандағы шағын этносты, сондай-ақ XVI ғасырда Үндістанға басып кірген мұсылман жаулап алушылардың ұрпақтарын білдіреді. Батысқа қоныс аударған моңғолдардың әлі күнге дейін өз тілін сақтап қалғандары өздерін моғол деп те атайды (бұл тайпа Ауғанстанда тұрады).[2]

Моғол тілі — моңғол тілінің архаикалық диалектісі. Сондай-ақ, халықтың бір бөлігі дари, пушту, фарси, хинди, урду және араб тілдерін әртүрлі дәрежеде сөйлейді.[3]

Діні бойынша моғолдар - сүнниттік мұсылмандар.[4]

Таулы аймақтағы моғолдар көшпелі өмір салтын ұстанады. Жазық жерлерде тұратын моғолдар көрші тәжіктердің жер өңдеу және суару әдістерін қабылдаған. Шаруашылықта, материалдық және рухани мәдениетте (әсіресе фольклорда) моңғолдың архаикалық ерекшелігін байқауға болады.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Үлкен Ресей энциклопедиясы. Тексерілді, 5 қазан 2024.
  2. Моғолдар. Тексерілді, 5 қазан 2024.
  3. Моғол халқы. Тексерілді, 5 қазан 2024.
  4. Моғолдар. Тексерілді, 5 қазан 2024.
  5. Әлем халықтары/Моғолдар. Тексерілді, 5 қазан 2024.