Мазмұнға өту

Сангирлер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сангирлер
сангирлер, сангихе
Бүкіл халықтың саны

210 000

Ең көп таралған аймақтар

 Индонезия

Тілдері

сангир тілі

Діні

протестантизм

Сангирлер (өз атауы; сангирлер, сангихе)[1]Индонезиядағы Сангихе аралы мен Талауд аралының халқы.[2][3] Жалпы саны 210 мың адамды құрайды.[4]

Тілі- сангир тілі. Индонезия тілі де кеңінен таралған. Жазуы латын әліпбиі негізіндегі жазу.[5]

Сенушілердің діни байланысы: протестанттық христиандар (реформаторлар).[6]

Сангирлердің ата-бабалары Сулавеси теңізі бассейнінің Сулу және Солтүстік Сулавеси аралдарының тұрғындарымен бірге аборигендік халықтардың бір тобына кірді. XVI ғасырда олар тернаттардың билігіне өтті, содан кейін Испания, Голландия жаулап алды, 1949 жылдан Индонезия құрамында.[7]

Дәстүрлі костюмдегі сангир (1929)

Негізгі кәсіптері - балық аулау және қолмен атқарылатын егіншілік (түйнек және тамыржемістілер, саго, банан), негізгі техникалық дақылдар — кокос және мускат жаңғағы. Орман шаруашылығы дамыған (ротан, қара ағаш дайындау), халықтың көпшілігі копра өндірісімен айналысады. Темір ұстасы, кеме жасау (оның ішінде қазіргі заманғы), металл өңдеу, ағаш ою дамыған.[8]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Елді мекендерінің негізгі орталықтары жағалау аймақтарында орналасқан. Бұрын олардың үйлері төбешіктерге салынған болса, біртіндеп индонезиялық стильде салынған заманауи үйлермен алмастырылуда.[9]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Киімдері қазіргі заманғы еуропалық костюм, әйелдерде жалпы индонезиялық.

Дәстүрлі тағамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі тағамдары - көкөніс дәмдеуіштері бар пісірілген балық.[10]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 31 қазан 2024.
  2. Сангирлер сөзінің мағынасы. Тексерілді, 31 қазан 2024.
  3. Сангирлер. Тексерілді, 31 қазан 2024.
  4. Сангирлер. Тексерілді, 31 қазан 2024.
  5. Сангирлер. Тексерілді, 31 қазан 2024.
  6. Үлкен энциклопедиялық сөздік.. Тексерілді, 31 қазан 2024.
  7. Сангирлер. Тексерілді, 31 қазан 2024.
  8. Әлем халықтары/Сангирлер. Тексерілді, 31 қазан 2024.
  9. Сангирлер. Тексерілді, 31 қазан 2024.
  10. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 469. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.