Бесая
Бесая | |
джилама сунгай (өзен адамдары) | |
![]() | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
40 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Бесая (өз атауы бисая, джилама, ба-ванг, джилама сунгей) — Бруней шығанағына құятын өзендердің төменгі ағысында тұратын Малайзия халқы. Жалпы саны 40 мың адам.[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар аустронезия отбасының батыс австронезия тобына жататын бесай тілінде сөйлейді.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: мұсылман-сүнниттер, кейбірі – протестанттық христиандар, дәстүрлі наным-сенімдерді сақтайды.[3]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі дәстүрлі кәсібі – күріш егу, күріш алқаптарында жүгері, бұрыш, асқабақ, бұршақ дақылдары да өседі. Техникалық дақылдардан – кокос пальмасы, темекі өсіреді. Олар буйволдарды, шошқаларды, тауықтарды өсіреді, тұщы су балықтарымен, аңшылықпен (қабан, бұғы, жабайы буйвол, қырғауыл), әйелдер терушілікпен (бал, камфора, гуттаперча, дамар шайыры) айналысады. Дәстүрлі қолөнері - тапа жасау, ағаш өңдеу.
Бесаялар тоқымашылықты, металл өңдеуді, керамика өнерін білмеген, олар малайлардан келген қолөнер бұйымдарын күріш, саго, терім өнімдеріне айырбастаған. Дәстүрлі елді мекендері өзен бойына созылған ұзын үйлерден (60 м-ге дейін) тұрады.[4]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Екінші реттік жерлеу сақталған. Калимантанның басқа халықтарынан айырмашылығы, олар бас аулаумен айналыспаған. Жұптасқан отбасылар (санан лобок) ұзын үй (санан алай) қауымдастығына бірігеді. Көп әйелдікке тыйым салынған. Көсемін таңдау байлықпен анықталады (буйволдар, білезіктер).[5]
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі елді мекендері өзен бойымен созылған ұзын үйлерден тұрады (60 м-ге дейін), отбасыларға арналған бөлмелерге бөлінбейді.[6]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі киімдері малай стиліндегі киімдер.[7]
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі тағамдары - балық, көкөніс және дәмдеуіштер қосылған күріш. Ет мереке күндері тұтынылады.[8]
Фольклоры
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Эпос, музыкалық және би фольклоры сақталған. Бақсылар (балиан) және емшілер (дукун) бар.[9]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Бесая
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Бесая. Тексерілді, 15 шілде 2024.
- ↑ Бесая. Тексерілді, 15 шілде 2024.
- ↑ Бесая. Тексерілді, 15 шілде 2024.
- ↑ Әлем халықтарының энциклопедиясы. Бесая. Тексерілді, 15 шілде 2024.
- ↑ Бесая. Тексерілді, 15 шілде 2024.
- ↑ Бесая. Тексерілді, 15 шілде 2024.
- ↑ Бесей. Тексерілді, 15 шілде 2024.
- ↑ Бесая. Тексерілді, 15 шілде 2024.
- ↑ Бесая. Тексерілді, 15 шілде 2024.
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |