Ориялар
Ориялар | |
уткали | |
![]() | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
33,1 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Ориялар (уткали)[1][2][3] — Шығыс Үндістанда тұратын халық. Жалпы саны 33,1 млн адам. (2001, халық санағы). Негізгі тұратын штаттаы: Орисса (30,6 млн адам), Чхаттисгарх (819,1 мың адам), Ассам (231,5 мың адам), Батыс Бенгалия (186,4 мың адам), Джаркхандтың оңтүстігінде (467,9 мың адам), Андхра-Прадештің солтүстігінде (336) мың адам). Олар сондай-ақ Бангладеш, Малайзия, Индонезия, АҚШ, Канада, Аустралия, Ұлыбритания және басқа елдерде тұрады.[4]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар брахми жазуынан дамыған өзіндік ерекше жазуы бар үнді-еуропалық тілдер семьясының үнді-арий тобының ория тілінде сөйлейді. Диалектілері: бхатри, халаби (мехари), ория (мугалбанди). Орийлердің 83%-ы хинди тілінде, 3,2%-ы бенгал тілінде, 7,8%-ы телугу тілінде сөйлейді. Ория - мұсылмандар урду тілінде сөйлейді және араб әліпбиін пайдаланады.[5]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілердің діни байланысы: индуистар.[6]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орияның ата-бабалары ерте заманда Калинга мемлекетін мекендеген, кейін Маурия, Гупта, Харша (7 ғ.), 16-19 ғасырларда Ұлы Моғолстан мемлекеттерінің құрамында болған. Үндістанның тәуелсіздігінен кейін Орияның ұлттық аумағы жеке штатқа бөлінді. Орийлердің 90%-дан астамы ауылдарда тұрады.[7]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі дәстүрлі кәсібі – егіншілік (күріш, тары, бұршақ, бидай, қант қамысы, темекі, майлы дақылдар, мақта, кокос пальмасы). Көркемдік қолөнер дамыған – күміс филигран, ағашқа, тасқа және піл сүйегіне ою, аппликация. Өнеркәсіп дамып келеді.[8]
Тұрмыс салты салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Дәстүрлі өмірде касталық жүйе мен дәстүрлі қатынастар дамыған.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауылдары ретсіз орналасқан шағын болып келеді. Үйлері ағаштан жасалған көп бөлмеден тұрады.
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Киімдері - ерлер үшін дхоти мен жейде, әйелдер үшін сари. Олар көптеген зергерлік бұйымдарды пайдаланады.
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі тағамдары - көкөністер мен ащы дәмдеуіштер қосылған күріш, кейде олар балық, қой және ешкі етін жейді.
Фольклоры
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Музыкалық және би өнері (мысалы, маска киген чхау билері), мүсін өнері дамыды. Ория маңындағы индуистардың қажылық орталықтары – Конакаридағы күн құдайы Сурья храмы, арбалар фестивалі (ратхаятра) деп аталатын Пуридегі Джаганат храмы, Бхубанешвар қаласының жанындағы Лингараж храмы – үнді сәулет өнерінің ескерткіштері.[9]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Ориялар
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орыс тілінің түсіндірме сөздігі. Тексерілді, 21 қазан 2024.
- ↑ Үлкен Кеңестік Энциклопедия. Тексерілді, 21 қазан 2024.
- ↑ Ория сөзінің мағынасы. Тексерілді, 21 қазан 2024.
- ↑ Үлкен Ресей энциклопедиясы. Тексерілді, 21 қазан 2024.
- ↑ Үндістан халықтары. Тексерілді, 21 қазан 2024.
- ↑ Ориялар. Тексерілді, 21 қазан 2024.
- ↑ Ориялар. Тексерілді, 21 қазан 2024.
- ↑ Әлем халықтары/Ориялар. Тексерілді, 21 қазан 2024.
- ↑ В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 399. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.