Мазмұнға өту

Сантяй

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сантяй
каолан-санти, шантяй
Бүкіл халықтың саны

172 000

Ең көп таралған аймақтар

 Вьетнам

Тілдері

сантяй тілі, вьетнам тіл

Діні

дәстүрлі нанымдар, буддизм, даосизм

Сантяй (өз атауы; каолан-санти, шантяй)[1]Вьетнамның солтүстік-шығысындағы тай тобының халқы.[2] Сантяйлар субэтникалық топтарға бөлінеді: сантяй немесе санти және каолан. Шамамен 172 мың адамды құрайды. Сантяйлар Вьетнамға Қытайдың оңтүстігінен шамамен 400 жыл бұрын келген.[3]

Тілі - сантяй тілі. Каоландар каолан тілінде сөйлейді. Вьетнам тілі де кеңінен таралған.[4]

Дәстүрлі нанымдар сақталған, бір бөлігі конфуцийлер, буддистер және даосистер.[5]

Негізгі кәсібі – суармалы егістік, негізінен күріш өсіру, мал шаруашылығы және балық аулау. Балықты шанышқымен, қармақпен ұстайды.[6]

Тұрмыс салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Отбасы шағын. Қоғамның әлеуметтік құрылымы патрилинейлік. Дәстүрлі нанымдар ата-баба культімен, аграрлық культтермен сипатталады.

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Елді мекендер 20-30 үйден, өзен жағасында шашыраңқы орналасқан. Дәстүрлі қадалы үйлері, тай үйлеріне ұқсас, соңғы уақытта қадасыз үйлер кең таралған - төрт бұрышты шатыры бар ағаш үйлер. Үйдің сәулеті буйволының денесін бейнелейді. Сантьяйлар жаңа үй салынатын жерді, оның бағытын, салынған күні мен уақытын мұқият таңдайды.[7]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әйелдер бүйірлерінде түрлі-түсті аппликациялары бар қара немесе қою көк халаттар, бай ою-өрнекті көкірекшелер, ұзын шалбар киіп, белбеу тағады. Ер адамдар тай киіміне көшті.[8]

Негізгі мереке - жаңа жыл. Сантяйлар лирикалық, тұрмыстық, жанрлық әндерге және би фольклорына бай. Сантяй халқының халық әндерінің мазмұндық байлығы олардың орындаушыларының импровизациялық, шығармашылық қабілетімен тығыз байланысты. Халық әндері – сантиай халқының рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Олар жергілікті тұрғындарды жақындастырып, олардың Отанға, туған ауылына деген сүйіспеншілігін оятады.[9]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 1 қараша 2024.
  2. Сантяй сөзінің мағынасы. Тексерілді, 1 қараша 2024.
  3. Сантяй. Тексерілді, 1 қараша 2024.
  4. Сантяй. Тексерілді, 1 қараша 2024.
  5. Сантяй. Тексерілді, 1 қараша 2024.
  6. Әлем халықтары/Сантяй. Тексерілді, 1 қараша 2024.
  7. Сантяй. Тексерілді, 1 қараша 2024.
  8. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 472. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
  9. Сантяй халқы туралы. Тексерілді, 1 қараша 2024.