Мазмұнға өту

Басты бет

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Уикипедияға қош келдіңіз!

Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.

Таңдаулы мақала

Эрнест Хемингуэй

Эрнест Хемингуэй
Эрнест Хемингуэй
Эрнест Хемингуэй
Эрнест Хемингуэй

Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899(18990721), Оук-Парк, Иллинойс2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.

Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.

Жеті роман жа­зып, төрт әйелмен бас құраған, үш со­ғыс­ты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апаты­нан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез кар­тинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, ба­тыл, жаужүрек қылып көрсете білді.

Жақсы мақала

Биология

Escherichia coli
Escherichia coli

Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.

Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.

Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.

Уикимедиа қорының басқа да жобалары

Ортаққор
Ортаққор
Ортаққор
Ашық файлдар қоры
Уикисөздік
Уикисөздік
Уикисөздік
Ашық сөздікқор
Уикидерек
Уикидерек
Уикидерек
Ашық дерек базасы
Уикикітап
Уикикітап
Уикикітап
Ашық кітап пен оқулық қоры
Уикихабар
Уикихабар
Уикихабар
Ашық жаңалықтар
Уикидәйек
Уикидәйек
Уикидәйек
Дәйексөз жинағы
Уикиқайнар
Уикиқайнар
Уикиқайнар
Ашық кітапхана
Уикитүрлер
Уикитүрлер
Уикитүрлер
Түрлер тізімдемесі
Уикисабақ
Уикисабақ
Уикисабақ
Білім қоры
Уикисаяхат
Уикисаяхат
Уикисаяхат
Жиһанкез нұсқаулығы
MetaWiki
MetaWiki
MetaWiki
Жобаларды үйлестіру
МедиаУики
МедиаУики
МедиаУики
Уики бағдарламалық жасақтама

Жаңалықтар

Макс Ферстаппен
Макс Ферстаппен

Білгенге маржан

Күндерек

29 қараша

Мейрамдар

  •  БҰҰ, Халықаралық Палестина халқымен ынтымақтастық күні
  •  Албания, Азаттық күні
  •  Ресей, Ё әрпінің күні.

Оқиғалар

Туғандар

  • 1769 — Евграф Федотович Комаровский, граф, генерал-адъютант.
  • 1875 — Эгаш Мониш, Антониу, Португалия нейрохирургі, 1949 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
  • 1910 — Иосиф Давидович Амусин, кеңес тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы.
  • 1924Айтмұхамед Абдоллаұлы Лидулин, ғылым доктары (1971), профессор (1973), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1979), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982).
  • 1932 — Жак Ширак, Франция президенті (1995—2007).
  • 1958 — Лев Псахис, кеңес және израиль шахматшысы.
  • 1960 — Назарова Татьяна Евгеньевна, Украина мен Ресейдің халық әртісі
  • 1976 — Анна Кей Фэрис, американ киноактрисасы.
Карл IV (Француз ұлттық кітапханасы).
Карл IV (Француз ұлттық кітапханасы).

Қайтыс болғандар

  • 1314 — Филипп IV (1268), француз патшасы.
  • 1378 — Карл IV (1316), герман патшасы, Римс империясының императоры (1347—1378 гг.).
  • 1643 — Клаудио Монтеверди (1567), италияндық композитор.
  • 1981 — Жорж Брассенс (1921), француз композиторы.
  • 2001 — Джордж Харрисон (1943), «The Beatles» тобының музыканты.

Қараша айына ортақ жұмыс

Таңдалмаған. Оны сіз де жасай аласыз!