Мазмұнға өту

Чин (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Чин
чиндер, куки-чиндер
Бүкіл халықтың саны

1 млн.

Ең көп таралған аймақтар
 Мьянма

800 000

 Үндістан

120 000

Тілдері

чин тілі

Діні

христиандық

Чин (өз атауы - чиндер, куки-чиндер) — куки-чин кіші тобына кіретін халық, сонымен қатар негізгі этникалық топқа жақын халықтар кіреді: тхадо, тиддим, фалам, каннеле.[1] Жалпы саны 1 млн. адам. Негізгі елдері: Мьянма – 880 мың адам, Үндістан – 120 мың адам.[2]

Тілі - чин тілі, тибет-бирман тілдерінің куки-чин-нага тармағының куки-чин тобын құрайды.[3]

Чиндер негізінен христиандар, олардың арасында протестанттар, әсіресе баптистер басым. Кейбір жекелеген өкілдері Манаса руының ұрпақтары екендіктерін айтып, иудаизмді ұстана бастады.[4]

Чиндер Мьянмаға солтүстіктен, қазіргі Мьянманың ата-бабаларынан бұрын келген. XII-XVII ғасырларда фалам мен канпелелерді Батыс Мьянманың шалғай таулы аймақтарына қуып жіберді. Чин Үндістанға Мьянмадан Чин және Аракан таулары арқылы келді.

Дәстүрлі кәсібі – егін шаруашылығы (күріш, бұршақ, көкөністер), алқаптарда бау-бақша (цитрустық жемістер), аңшылық және орман шаруашылығы (шайыр жинау, ағаш өңдеу және т.б.) дамыған. Суармалы егістік алқаптары пайда болады. Мал шаруашылығы мен қолөнер нашар дамыған, қолмен көрпе тоқиды.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үнді чиндері автократиялық құрылыммен сипатталды, мұрагерлік сипаттағы ауыл көсемдері қауымдық жерлерге ие болды. Неке патрилокальды, ұлдары үйлену тойынан кейін бір мұрагерден басқасы көшіп кетеді. Бұрынғы нанымдар бойынша әйелдер беттеріне ұсқынсыз тыртық жасауға мәжбүр болған. 12-14 жасар тайпа қыздарының беттері татуировкамен жабылған, оны қолдану процесі өте ауыр және бірнеше күн болды. Олар сондай-ақ теріні қатты тартатын үлкен сырғалар таққан. Аңыз бойынша, қыздардың кейпін өзгерту дәстүрі ерте заманда үлкендер патша жас қыздарды ұрлап алып, күңдік етеді деп қорқатын кезде туған. Әдет-ғұрыптары 1960 жылдарға дейін сақталып, үкімет араласып, тыйым салған.[6] Чиндардың зираттары тас табыттардың шағын шоғырына ұқсайды, олардың астына өлгендердің күлі салынған қазандар қойылады.[7]

Ауылдары тау бөктерінде орналасқан, дәстүрлі тұрғын үйдің алдыңғы қабырғасы қадаларда, артқы жағы еңіске тіреледі. Үйдің алдында ағаштан жасалған алаңқай, кейде ошақ пен шатыр бар.

Ерлердің дәстүрлі киімдері – қысқа белдемше немесе денені орайтын мата, сөмке, басын орамалмен байлайды, қазіргілері – шалбар, күртеше, мерекеде оң иығына жамылғы шекпен. Еуропалық костюм кең тарауда. Әйелдер киімі - Мьянмадағы, Үндістандағы сияқты қысқа белдемше, әдетте қара, ақ түсті жейделер, күртелер, көптеген зергерлік бұйымдар.

Тағамның негізі - көкөніс қосылған күріш.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Иллюстрированный энциклопедический словарь https://illustrated_dictionary.academic.ru/13140/%D0%A7%D0%B8%D0%BD_%28%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4_%D0%B2_%D0%90%D0%B7%D0%B8%D0%B8%29
  2. Иллюстрированный энциклопедический словарь ЧИН (НАРОД В АЗИИ) https://1598.slovaronline.com/13139-%D1%87%D0%B8%D0%BD_(%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4_%D0%B2_%D0%B0%D0%B7%D0%B8%D0%B8)
  3. Толковый словарь русского языка. https://sanstv.ru/dict/%D1%87%D0%B8%D0%BD%20(%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4%20%D0%B2%20%D0%B0%D0%B7%D0%B8%D0%B8) Мұрағатталған 11 қаңтардың 2023 жылы.
  4. Чин (народ) https://metal-archive.ru/stati/26002-chin-narod.html
  5. a b народы мира / Чин http://www.etnolog.ru/people.php?id=CHIN
  6. Девушкам народа чин делают уродующие тату на лице, чтобы их не похитили https://bigpicture.ru/devushkam-naroda-chiny-delayut-uroduyushhie-tatu-na-lice-chtoby-ix-ne-poxitili/
  7. Удивительные дикие племена Мьянмы.https://bambooclub.livejournal.com/23419.html