Мазмұнға өту

Тетумдер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тетумдер
тетум, белу
Бүкіл халықтың саны

650 000

Ең көп таралған аймақтар

 Индонезия,  Шығыс Тимор

Тілдері

тетум тілі

Діні

католицизм, ислам

Тетумдер (өз атауы - тетум, белу)[1]Шығыс Тимор мен Индонезияда тұратын халық. Саны 650 мың адам.[2]

Тілі - тетум (теттум) тілі.

Католицизм мен ислам дінін ұстанады, ата-бабалар культі сақталған.[3]

Олар қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, жүгері, құмай, бидай, көкөністер, бұршақ дақылдары, жемістер), мал шаруашылығымен, терушілікпен, орман шаруашылығымен, балық аулаумен, қолөнермен (ұсталық, тоқымашылық, керамика жасау) айналысады.[4]

Тұрмыс салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауылдық қауым сақталған. Отбасы шағын. Туыстық қатынасы матрилинейлік. Халық ауыз әдебиеті, музыка, би, ән өнері дамып, тұрмыста дәстүрлі нанымдар сақталған.

Хижина

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Елді мекендері шоғырланып орналасқан. Үйлері қадалы, төртбұрышты.

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жалпы индонезиялық үлгідегі киімдерді киеді.

Дәстүрлі тағамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағамдары - негізінен өсімдік тектес.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Иллюстрацияланған энциклопедиялық сөздік. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  2. Тетумдер. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  3. Үлкен Кеңестік Энциклопедия. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  4. Тетумдер. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  5. Әлем халықтары/Тетумдер. Тексерілді, 21 қараша 2024.