Кхму
Кхму | |
кхму, кха, кса, тай-хат, футхень | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
440 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Лаос |
384 000 |
Тайланд |
40 000 |
Вьетнам |
16 000 |
Тілдері | |
Діні | |
Кхму (өз атауы; кхму, кха, кса, тай-хат, футхень)[1] — Оңтүстік-шығыс Азиядағы халық. Жалпы саны 440 мыңға жуық адамды құрайды. Олар Лаоста (384 мың адам), Тайландтың солтүстігінде (40 000 адам), Вьетнамда (16 000 адам), сонымен қатар Мьянма мен Қытайда тұрады.[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - кхму тілі.[3] Диалектілер: кхму, кханг және кхао. Негізгі кхмер сөйлеу бірлігі - қытай-тибет түбір буыны мен индонезиялық түбір сөздерінің арасы.[4]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі нанымдар, буддистер.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсіптері: қолмен атқарылатын егіншілік (негізінен күріш), өзеннен балық аулау, аңшылық, терушілік. Қолөнерден – керамика, тоқымашылық, металдан зергерлік бұйымдар жасау дамыған.[6]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ата-баба рухына табыну (хрой таза), жердің әруағы (хрой пте), аспан, су, күріш, т.б.сақталған. Жер учаскелері шағын және көп балалы отбасыларға тиесілі. Қалыңдықты таңдау көбінесе баланың ата-анасының қалауымен анықталады. Тойдан кейін 3-4 жыл әйелінің әке-шешесінің үйіне қоныстанады, содан кейін өз үйін салады.[7]
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүр бойынша, хкму халқының ауылдарындағы үйлер қадаларға салынған. Алайда, лао үйлерінен айырмашылығы, үйдің астындағы кеңістік тұрғын үй немесе сарай үшін пайдаланылмайды.[8]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Киімдері тхай, тай және лао костюміне жақын. Киім сатып алынған матадан тігіледі. Әйелдер үшін тігілмеген белдемше мен блузкадан, ерлерде шалбар мен күртеден тұрады. Басына сәлде киеді.[9]
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі тағам - буға пісірілген күріш, жүгері, маниок, таро, ет азырақ пайдаланылады. Мұрын арқылы ішу салты сақталған.[10]
Фольклоры
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кхму халқының өкілдері жергілікті ерекшеліктерді айқын көрсететін халық әндерінің бай қазынасымен танымал. Кхму халқының арасында ең танымал ән жанры - эпикалық сипаттағы диалогтық болып табылатын том әні. Олар Сое биін жақсы көреді. Бамбуктан музыкалық аспаптарды, соның ішінде әр түрлі флейталарды, ауызды үрмелі аспаптарды өз бетінше жасайды.[11]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Кхму
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 7 қыркүйек 2024.
- ↑ Кхму. Тексерілді, 7 қыркүйек 2024.
- ↑ Кхму. Тексерілді, 7 қыркүйек 2024.
- ↑ Кхму. Тексерілді, 7 қыркүйек 2024.
- ↑ Кхму. Тексерілді, 7 қыркүйек 2024.
- ↑ Кхму. Тексерілді, 7 қыркүйек 2024.
- ↑ Кхму халқы. Тексерілді, 7 қыркүйек 2024.
- ↑ Кхму ауылы. Тексерілді, 7 қыркүйек 2024.
- ↑ Кхму. Тексерілді, 7 қыркүйек 2024.
- ↑ Әлем халықтары/Кхму. Тексерілді, 7 қыркүйек 2024.
- ↑ Кхму халқы. Тексерілді, 7 қыркүйек 2024.