Мазмұнға өту

Кириллица

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кириллица
Түрі:

консонантты-вокалдық жазу

Тілдері:

көне славян тілі,шіркеу славян тілі, орыс тілі, серб тілі, болгар тілі, македон тілі, украин тілі, молдован тілі

Пайда болған жері:

Оңтүстік-Шығыс Еуропа

Шығарушы:

Климент Охридский (ұйғарым бойынша) Кирилл және Мефодий (дәстүрлі түрде)

Кезең:

с IX ғасырдан бастап (XVI ғасырдың аяғы)

Шығу тегі:

Финикиялық

Жазу үлгісі
Кириллица әріптері

Кириллицаға негізделген қазақша пернетақта үлгісі. iPhone қосымшасы

Кириллицаславян әліпбиінің алғашқы екі түрінің бірі (екіншісі – глаголица). Әліпби славян ағартушысы Кириллдің атымен аталған әліпби. Кирилл 827 жыл шамасында Фессалоники (Солунь) қаласында туған. Кирилл славян елдеріне христиан дінін уағыздау үшін славян әліпбиін жасайды. Грек жазуының 25 әріпіне славян тілінің дыбыстарын белгілеу үшін қосымша 18 әріп қосып, 43 әріптен тұратын әліпби құрастырды. Қазіргі Кириллица 43 әріптен тұрады, ол әуелде 38 әріптен құралып, оған 5 әріп кейін қосылды. Кириллицаның әріптік құрамы көне славян тілінің дыбыстық жүйесіне сай келеді, сондықтан ол қазіргі славян тілдерінің көпшілігінің әліпбиіне негіз болды. Кириллица грек жазуы негізінде жасалған. Ресейге Кириллица 10 ғ-да енген. Орыс әліпбиінен Кириллицаның 12 әрпі шығарылып, екі жаңа әріп (й, е) қосылған.1940 жылы Кеңес Одағы халықтары біртекті әліпбиді қолдануы қажет деген саясатпен КСРО құрамындағы халықтардың жазуы жаппай кириллицаға көшірілді. Оның ішінде қазақ жазуы да кирилл әліпбиіне көшіріліп, бүгінге дейін қолданылып келеді. Орыс тілінде жоқ қазақ тілі дыбыстарының таңбалары кирилл таңбаларына ұқсастырылып (қ-к, ғ-г, о-ө, ң-н), қазіргі қазақ әліпби қабылданды. Бұл әліпбидің қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін толық таңбалай алмауына байланысты кейінгі жылдары қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі көбірек көтерілуде.[1] [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы
  2. "Сен білесің бе?" энциклопедиясы