Үдегейлер
Үдегейлер | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1 500 адам | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Ресей |
1 453 (2010) |
Украина |
42 (2001) |
Тілдері | |
үдегей тілі | |
Діні | |
шаманизм, православие |
Үдегейлер (өзд. атауы — удээ, удэхэ) — халық, Ресей Федерациясының Приморье, Хабаровск өлкелерінде (Уссури, Хунгари, Анюй өзен алабында) тұрады. Жалпы саны 1,8 мың адам (2000).
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Антропологиялық жағынан үлкен моңғол пішіндес расаның солтүстік азиялық тобына жатады. Алтай тілдеріндегі тұңғыс-маньчжур тобына жататын удэгей тілінде сөйлейді. Анюй, бикин, иман, хор, хунгарий, т.б. диалектілері ертеректе болғанымен, қазіргі таңда ұлттық тілін, салт-дәстүрлерін жоғалта бастаған. Үдэгей тілі – жазуы жоқ тіл; Кеңестік тіл жүйесін қалыптастыру кезінде кириллица графикасы негізінде жасалған жазу таралмай қалды. Удэгей тілінде диалектикалық бөліну жоқ.[1]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Христиан діні үдэгейлер арасында белең алып келе жатқанымен, кейбір дәстүрлі діни көзқарастар (әруаққа сену, аю культі, бақсылық, т.б.) сақталған.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үдэгейлерде ежелгі корей, бохай, түркі, тұңғыс, манжұр тайпаларының элементтері бар. 4-6 ғасырларда Жапон теңізінің жағалау аумақтарын алып жатқан жеті тайпадан тұратын Вудзи одағы құрылғаны белгілі. 7 ғасырда көші-қон процесінде араласқан халықтар Бохай мемлекетін құрады, оның бір бөлігі үдэгелер мекендеген аумақтарды алып жатты. Одан кейінгі тарихта Үдэге халқы немесе тайпасы бір мемлекеті жоқ аңшылар мен балықшылар ретінде айтылады. Үдэгелер өз тарихында нанайлар және эвенктермен байланыста болды, ең жақын байланыстар орочтармен болды. Орыс зерттеушілері 19 ғасырдың аяғына дейін үдэге мен орочтарды ажыратпай, бір халық деп есептеді. 1860 жылы үдэгелер Уссури өлкесін қосып алғаннан кейін Ресей мемлекетінің құрамына енді. 1960-70 ж. Үдэгейлердің анюй, хунгарий т.б. этнографиялық топтары болды.
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үдэгейлердің дәстүрлі шаруашылығы аңшылық пен балықшылық. Кейбір оңтүстік өңірлердегі топтар егіншілікпен де айналысады. 1860 ж. үдэгейлер Ресей құрамына өтті. Оларда ұзақ уақытқа дейін патриархалды дәстүрлер сақталды.
Дәстүрлі баспаналары ағаштан тұрғызылады. Қыста төбесі екі жағына қарай шатырмен жабылған жартылай жертөледе, жазда шалаш, чумда тұрады.[2]
Мәдениеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үдэгейлердің өзіндік фольклоры сақталған. Үдэге мәдениетінде табиғат рухтарына арналған жырлар мен дұғалар көп. Үдегелер де өз сезімдерін өлең, жыр арқылы жеткізеді. Жазбаша тілі болмаған Үдэгейлер ғасырлар бойы орман рухтары туралы ауыздан-ауызға тараған.
Киімдерін, негізінен, аң терісінен тігеді. Үдэгелердің дәстүрлі киімі – матадан тігілген, оң жағынан бекітілетін кимоно үлгісіндегі шапан. Ерлердің халаты тізеге дейін жетті, әйелдердікі ұзағырақ болды. Олар қыста аң терісінен тігілген күрте, қолғап, пішіні дөңгелекше келген бас киім киген. Әйелдердің киімдері ерлерге қарағанда моншақтармен және тиындармен безендірілген. Шапанның жеңі, етегі, етегі түрлі кестелермен безендірілген. Ерлер мен әйелдер шаштарын екі өріммен өрді, қыздар оларды моншақтар мен монеталармен қосымша безендірді.
Қазақстандағы үдэгейлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанның үдэгей диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай:
- 7 (1970 ж.),
- 33 (1979 ж.),
- 19 (1989 ж.),
- 47 (1999 ж.)
- 2 (2009 ж.) адам.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Э.Д. Сүлейменова, Д.Х.Ақанова, Н.Ж.Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы»: Кітап.–Алматы: «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020 ж. 189-бет.
- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
- ↑ Қазақстан халқы. Энциклопедия. /Бас.ред. Ж.Н.Тойбаева. /Құраст.Ғ.Жандыбаев., Г.Егеубаева.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. 422-бет ISBN 978-601-7472-88-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |