Корку
Корку | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
500 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
корку тілі, Гонди және хинди | |
Діні | |
Корку — орталық Үндістандағы (Мадхья-Прадеш және Махараштра штаттары) мунда тобының халқы. Жалпы саны 500 мың адам.[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар корку немесе курку тілінде сөйлейді. Қостілділік кең таралған, ерлердің барлығы дерлік хинди немесе маратхи тілдерінің кейбір аймақтық нұсқасында сөйлейді. 5% - дан аспайтын корку өз тілінде жаза алады, сауатты адамдар әдетте хинди немесе маратхи тілінде жазуды үйренеді.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Діни ұстанымдарына индуизм элементтері, сонымен қатар ежелгі анимистік нанымдар мен рәсімдер кіреді.[3]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Халықтың негізгі кәсібі – егін шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы техникасы пайдаланылмайды, барлық жұмыс қарабайыр құралдармен қолмен орындалады. Шаруашылықта ормандағы терушіліктің маңызы зор. Ол жер тек тамақты ғана емес, сонымен қатар қолөнер бұйымдарына материал береді. Мысалы, тенду жапырақтары кейіннен төсеніштерді тоқу үшін қабығы жиналады. Дегенмен, қазір көптеген адамдар әдеттегі өмір салтын тастап, қалаларға көшуде.[4]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Корку қоғамында жерді иелену немесе иемденбеу принципі бойынша топтарға бөліну бар. Жер иелері радж деп (азшылықты құрайды), халықтың көпшілігі өздерінің жер телімдері жоқ потхари аталады. Күрделі және жан-жақты әлеуметтік бөліну де сақталған, кастаға жақын иерархия бар. Корку руларында рудың қамқоршысы саналатын тотемдер бар. Некеде көп әйел алуға рұқсат етіледі, бірақ ол шынымен кең таралмаған. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін, жесірлер қайтадан үйленеді, корку әдет-ғұрпы бұл әрекетке қайшы келмейді.[5]
Дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауылдары әдетте шағын болып келеді. Дәстүрлі үйлерінің қабырғалары бамбуктан немесе ағаштан және саздан салынған. Төбесі пальма жапырақтарымен жабылған. Әрбір үйде үйдің алдыңғы жағында көтерілген құрылымы бар. Бұл көтерілген баспалдақ сатылар мал азығы сияқты ауылшаруашылық өнімдерін сақтайтын орын ретінде пайдаланылады. Қорку – негізінен ауыл тұрғындары, 97% ауылдық жерлерде тұрады.[6]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Корку
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 1 қыркүйек 2024.
- ↑ Корку. Тексерілді, 1 қыркүйек 2024.
- ↑ Кеңестік тарихи энциклопедия. Тексерілді, 1 қыркүйек 2024.
- ↑ Корку халқы, Үндістан. Тексерілді, 1 қыркүйек 2024.
- ↑ Әлем халықтары/Корку. Тексерілді, 1 қыркүйек 2024.
- ↑ Корку. Тексерілді, 1 қыркүйек 2024.