Мазмұнға өту

Малер (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Малер
сауриа пахариа, малто
Бүкіл халықтың саны

120 000

Ең көп таралған аймақтар

 Индонезия

Тілдері

малто тілі, бенгал тілі, хинди

Діні

христиандық

Малер (сауриа пахариа, малто) — Үндістанның Джаркханд штатының Сантал Паргана аймағында тұратын үнді халықтарының бірі.[1] Жалпы саны 120 мың адам.[2]

Тілі - малто тілі. Жазуы бенгал жазуы мен деванагариге негізделген. Бенгал, сантали, хинди және басқа тілдер де кең таралған.[3]

Сенушілердің діни көзқарасы: дәстүрлі сенімдер, бір бөлігі христиандар.[4]

Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік. Соқа тек ауылдар маңындағы ұсақ егістіктерді (жот бари) өңдеу үшін қолданылады. Олар жүгері, тары, бұршақ егіп, ешкі, шошқа, тауық өсіреді. Сонымен қатар аң аулау және терушілікпен айналысады. Қағаз өндіру үшін сабай шөбін өсіреді.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауыл халқын манджи (басшы) бастаған панчаят басқарады, ауылдар бірлестігін сардар басқарады. Үйленбеген жастарға арналған үйлер (кодбаха) сақталған.[6]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Елді мекендер бірнеше ондаған бір бөлмелі лашықтардан тұрады.[7]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әйелдерге арналған киім - сари, еркектер - дхоти, лунги киеді.[8]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Малер халқы. Тексерілді, 24 қыркүйек 2024.
  2. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі. Тексерілді, 24 қыркүйек 2024.
  3. Үлкен Ресей энциклопедиясы. Тексерілді, 24 қыркүйек 2024.
  4. Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 24 қыркүйек 2024.
  5. Әлем халықтары/Малер. Тексерілді, 24 қыркүйек 2024.
  6. Малер. Тексерілді, 24 қыркүйек 2024.
  7. Малер. Тексерілді, 24 қыркүйек 2024.
  8. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 318. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.