Капауку
Капауку | |
мэ, экаги, экари, тиги | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
140 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар, протестантизм |
Капауку (өз атауы; мэ, экаги, экари, тиги)[1] — Индонезияда тұратын папуас халқы.[2] Жалпы саны 140 мыңнан астам адам. (2008).[3]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар Орталық Жаңа Гвинея отбасының Батыс Жаңа Гвинея таулы тобындағы экаги (немесе капауку) тілінде сөйлейді. Жазуы латын графикасына негізделген.[4]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі нанымдар, бөлігі – протестанттар (перфекционистер).[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тау аңғарларының тұратын капаукулар қолмен атқарылатын егіншілікпен айналысады (ямс, таро, банан, қант қамысы, бау-бақша дақылдары, соңғы кезде маниок пен темекі), шошқа өсіреді. Сонымен қатар аңшылық пен терушілікте бар.
1950 жылдардың ортасына дейін капаукулар металды, тоқуды, керамика өнерін білмеген. Негізгі дәстүрлі құралдары – неолит типіндегі тас балталар, қазатын таяқтар, шақпақ қашаулар, сүйек инелері, қарулары – садақ болды. Балық аулауға арналған тор, жүк тасуға арналған құралдар және т.б. дамыды.[6]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Капаукулер тотемдік патрилинейлік руға бөлінеді. Неке патрилокалды. Бірнеше қауымдастықтар конфедерациялар құрады, бұрын жиі ішкі соғыс жүргізген. Көшбасшылық бейресми, байлықпен (шошқа санымен) және шешендік қабілеттермен анықталады.[7]
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Елді мекен шашыраңқы орналасқан. Үйлері ағаштан жасалған, төртбұрышты, бір бөлмелі.[8]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ерлер тек фалокрипті (жыныс мүшесін жауып тұратын қаптама) киеді, әйелдер жалаңаш жүреді.[9]
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі тағамдары - қайнатылған тамыр көкөністері мен түйнектер, мереке күндері шошқа еті.[10]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 25 тамыз 2024.
- ↑ Капауку. Тексерілді, 25 тамыз 2024.
- ↑ Үлкен Ресей энциклопедиясы. Тексерілді, 25 тамыз 2024.
- ↑ Капауку. Тексерілді, 25 тамыз 2024.
- ↑ Капауку. Тексерілді, 25 тамыз 2024.
- ↑ Әлем халықтары/Капауку. Тексерілді, 25 тамыз 2024.
- ↑ Капауку. Тексерілді, 25 тамыз 2024.
- ↑ Капауку. Тексерілді, 25 тамыз 2024.
- ↑ Капауку. Тексерілді, 25 тамыз 2024.
- ↑ Капауку. Тексерілді, 25 тамыз 2024.