Мазмұнға өту

Енеке

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Буйвол бетінен бағытталды)
Африкалық енекелер

Енеке (лат. Bubablus) — сиыр тұқымдасына жататын қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануар. Енекенің 5 түрі (Bubalus depressicornis, Bubalus quarlesi, Bubalus mindorensis, Bubalus bubalus және Bubalus arnee) бар. Енекелер Оңтүстік Азия мен Африканың тау және жазық дала ормандарында кездеседі. Олардың дене тұрқы 100 — 290 см, құйрығының ұзындығы 15 — 90 см, шоқтығынан алғанда биіктігі 62 — 180 см, салм. 150 — 1200 кг. Буйволдың қолға үйретілген түрі — азиялық Буйвол (B arnee). Ол Б. б.з.б. 4 — 3 мыңжылдықтарда қолға үйретіле бастаған. Қазір азиялық Енеке Үндістанда, Мьянмада, Оңтүстік Қытайда, Калимантан (Борнео) аралында мекендейді. Оның салмағы 1000 кг, биіктігі шоқтығынан алғанда 180 см, орақ сияқты мүйізінің ұзындығы 2 м-дей. Сүтінің майлылығы жоғары (8 — 9 %-тей). Сүтінен жоғары сапалы май, ірімшік (моцарелла), т.б. сүт тағамдарын дайындайды. Азиялық енекедың (Bubalus bubalus) шаруашылық маңызы үлкен.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9