Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД)
орыс. Содружество Независимых Государств

    Мүшелері
    бақылаушылар

Мүшелік:

 Әзербайжан
 Армения
 Беларусь
 Қазақстан
 Қырғызстан
 Молдова
 Ресей
 Тәжікстан
 Өзбекстан

Штаб-пәтер:

 Беларусь, Минск
 Ресей, Мәскеу
 Ресей, Санкт-Петербург

Ұйым түрі:

Халықаралық ұйым

Басшылары
Ресми тілі:

Орыс тілі (жұмыс тілі)

Төраға Мемлекет басшылары кеңесі

Ресей Владимир Путин

Тұрақты өкілдер кеңесі

Ресей Андрей Шведов

Жауапты хатшы

Ресей Сергей Лебедев

Төраға-ел

 Ресей

Құрылуы
Құрылуының ресми датасы

1991 жыл 8 желтоқсан

cis.minsk.by
Ортаққор логотипі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Ортаққорда

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) (орыс: Содружество Независимых Государств, СНГ) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.

ТМД ұлттықтан жоғары ұйым болып табылмайды және өз қызметін ерікті негізде, оның мүшелерінің келісімімен жүзеге асырады.

Тарихи шолу

1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді.

1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты.

Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.

Құрылымы

  1. Мемлекеттер басшыларының кеңесі;
  2. Үкіметтер басшыларының кеңесі;
  3. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;
  4. Экономикалық кеңесі;
  5. Қорғаныс министрлерінің кеңесі;
  6. Шекаралық әскер басшыларының кеңесі;
  7. ТМД Экономикалық соты;
  8. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы;
  9. Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері;
  10. ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясындағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері;
  11. ТМД-ның Атқарушы комитеті.

ТМД-ның Қазақстанға әсері

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қою, 1991 жылғы 8 желтоқсан

Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды. Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатынасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы, яғни олардың әрқайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы аймақтар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда.

Қазақстанның жаңа тарихы 15 – жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айта аламыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады.

Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6%, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты.

Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы АзияРесей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.

Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен.

ТМД-ның жиырма жылдығына орай шығарылған пошта маркасы

Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71,8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42,3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21,2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2,7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр.

Соңғы 10 – жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 – есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына бағытталады.

Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен салыстырғанда өсті.

Қазақстандағы тауар экспортының өсуі әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары. Осы он жылда тауар экспорты 3,8% есеге, ал импорт 3,3 % есесге өсті. Қазақстанның тауар экспортының жоғары қарқынды өсуі соңғы 3 жылда білінді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграциясының (бірігуі) көлемін шетел инвестициясы ағымындағы жақындық және аймақтық географияны оқуы негізінде жобалау керек. Республикадағы экономикалық реформалар негізігі бағыттарының бірі инвестициялық саясаттың тартымдылығы болып қала береді, яғни ол жергілікті және шетел инвестициялары үшін қолайлы жағдай туғызады. Қазақстандағы инвестициялық жағдай транзиттік мемлекеттер арасында тартымды болып отыр.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің кеңесі

Бұл республикамыз ТМД мемлекеттерінің арасында инвестициялық деңгейде кредиттік рейтингіні бірінші болып алуымен расталады. Қазақстан потенциалдық инвесторлар үшін экономиканың тартымдылығы, саяси жүйенің тұрақтылығы және қаржы ресурстары арқылы ТМД-дағы қалған мемлекеттердің алдында келе жатыр. Қазақстан транзиттік экономика мемлекеттірінің арасында шетел инвестициясының тура ағымы (ПИИ) көлемі бойынша жетекші орындардың біріне ие. Жаһандық көлемі бойынша Қазақстанның шетел инвестициясының тура ағымына үлесі жылдан жылға өсу үстінде. 1999-2000 жылдары республикадағы шетелдік инвестицияның тура ағымының салмағы әлемдік көлемде төмендеді, бірақта бұл көрсеткіш тез арада өзгерді. Соңғы 3 жылда жаөандық ағымдағы Қазақстанның шетелдің инветсициясының тура ағымы 0,35% деңгейінде тұр.бұл көрсеткіштің максималды мағынасы жағдайы 2000 жылдан белгіленді. Ереже бойынша инвестициялық климат қолайлы. Кейін, ішкі секілді инвестициясының көлемі өседі.

ТМД Парламентаралық Ассамблеясы

Шетелдегідей, олардың өндірісі мемлекеттегі экономиканың қарқынды өсуі қолдауды шешеді. Қазақстан, соңғы 9 жылда әлемдегі көптеген мемлекеттер мен аймақтардың шетелдік инвестициясының ағым динамиканың тартымы бойынша анықтады. 2003 жылы 1995 жылмен салыстырғанда, өсу 214,5% өсті. Дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш 178,2%-ке тең, ал дамушыларда ол 153,8%, орталық шығыс Еуропа мемлекеттерінде 147%, ал Ресейде 43,3% түскені белгіленді. 1993-2004 жылдар аралығында шетелдік инвестициялық ағымының Қазақстан экономикасына бағытталған комулятивті ағымы $ 34 млрд. құрады, оның көп бөлігі мұнай-газ секторынан келеді. $ 18,9 млрд. немесе жалпы көлемі 55,1%.

Әлемдік көлемде макроэкономикалық параметрлерге қарамастан, қазақстанда перспективті дамуы үшін ірі потенциалдар бар, яғни ол табиғи ресурсқа бай. Қазіргі кезде 500 орында 1225 минералды шикізат түрі барын айтуы жеткілікті. Республика осы түрлері бойынша әлемдегі позицияда жетекші орын алады. Қазақстан мырыш, вольфрам және бариттен әлемде бірінші орын алады, ал күміс, қорғасын, хромнан екінші мыстан, марганец,флюориттан үшінші, малибденнен төртінші орындар алып, алтын бойынша бірінші ондыққа кіреді.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы басталар алдында. Сочи, Ресей

Біздің мемлекет әлемде темір рудасы бойынша 8% құрайды, ураннан шамамен 25%-ын құрайды. әлемде мұнайды барлау бойынша Қазақстан 13-ші орынға ие. 2003 жылдың басында мұнай және газ барлау бойынша 4,6 млрд тонна құрады, оның ішінде газ 331,5 млн. тонна құрайды. Каспийдегі мұнай 1,6 млрд –қа бағаланады, ол «қара алтының» 38% құрайды.

Табиғи газ 3 трлн шаршы метрге тең. 1995-2004 жылдары ішкі сауда көлемі 3,6 есеге өсіп, 2004 жылы 32877,5 млн. АҚШ долларын құрады. 1999 жылдан кейің экспорт операциясының өсу қарқыны 10%, ал 2000 жылы 50%, 2004 жылы 56% өсті. Ішкі сауда өсімі экспорт көлеміінң ұлғаюы секілді, импорт операцисынада ықпалын тигізді. Сыртқы сауда географиясы өндірістің әртүрлілігінің кеңеюі (диверсифицированность), яғни тәуелсіздің жылдарында ТМД-ны қосты. 2004 жылы Қазақстандағы сауда құрлымындағы бірінші орынға Еуропалық одақ, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазақстан Республикасындағы мекемелер әлемдегі 171 мемлекеттер сауда серіктестіктер бар. өткен жылдарда экспорт және импорт географиялық құрлымында өзгерістер болып, ТМД және басқа да мемлекеттер арасында проценттер өзгерді. 2004 жылы Қазақстанның ішкі сауда айналымы ТМД мемлекетірмен 10 215,1 млн АҚШ долларын құрап, 2003 жылымен салыстырғанда 48%-ға өсті, оның ішінде экспорт $ 4097,2 млн., импорт $ 6117,9 млн. құрады. әлемдегі басқа мемлекеттермен сыртқы сауда айналымы 22662,4 млн құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 57% өсті, ал экспорт $ 15999,0 млн.құрап 61% өсті, импорт $6663,4 млн.құрап, 49% өсті.

Шикізат тауар экспортын тауарлы құрлымының көбісін алып отыр. Минералды өнімдер мен металлдар тауардың негізгі топтарын құрап отыр, сонда да осы тауарлардың салыстырмалы салмағы өзгерді. Өткен жылдармен салыстырғанда минералды өнімдер ұлғайып, металл өнімдері азаюда. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларының салыстырмалы салмағы 2% және шикізат өнімі мен металл өніміінң үлесі 1% қысқарып, минералды өнімдер 4% көбейді. Азық-түлік тауарларының өсу көлеміне қарамастан, бидай, арпа жіне еттердің жеткізілу операциясы экспорт қорытындысы бойынша түсті. Металл өнеркәсіп өнімдерін өткен жылдармен салыстырғанда 48%-ға өсті.

Қазақстан өнімінің басты сатып алушылар Швейцария (18,7%), Италия (15,5%), Ресей (14,1%), Қытай (9,8%), Франция (7,3%), Виргин аралдары (3,8%), Иран (3,5%), Нидерланд (2,3%), Израиль және Португалия (1,6%), Əзербайжан, Испания, АҚШ және Украина (1,4%) тен алады. ТМД мемлекеттері үшін экспорттың жалпы көлемі 20,4% құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда ТМД мемлекеттеріндегі экспорт 38% өсіп, 4097, $ 2 млн. құрады.

Осы аралықта Қазақстандық өнім, түгел ТМД мемлекеттерінде өсті. Әлемдегі басқа мемлекеттердің жалпы экспорт көлемі 79,6% үлесін құрады. Қазақстан экспортының көлемін Еуропа мемлекеттері құрайды, олардың салыстырмалы салмағы 54,6% құрайды, оның 34,8% Еуропа Одағына әкеледі.

Еуропа мемлекеттерінің арасында Қазақстан экспортының негізгі тұтынушылары Швейцария, Италия, Франция, Нидерланд, Португалия, Ұлыбритания және Германия болып табылады. 2003 жылмен салыстырғанда Еуропа мемлекеттерінің жалпы экспорты 2,6% өсті. Азия аймағындағы мемлекеттерге Қазақстандық өнімді жеткізу көлемі 31% өсті. Қытай Республикасының салыстырмалы салмағы аймақтағы жоғары болып қала береді. Америка елдеріне Қазақстан экспорты 2 есеге қысқарды.

Импорт Экспорттың тауарлық құрлымын машина, құрал-жабдықтар, транспрот, химиялық өнімдер және осы салаға байланысты өнісдер, металл өнімін өндіру үшін шикізат жатады. Соңғы жылдарда минералды өнімдерді экспорттау үлесі ұлғаюда. Сол сияқты, металл өнеркәсібінің салыстырмалы салмағы белгіленуде. Экспорттың көбеюі физикалық жеткізудің көлемі секілді, көрсеткіштің тұратындығына байланысты көбеюде. Тауарлардың негізгі топтары бойынша көлем деңгейі өсті, олар: мәшине, құрал, транспорт, құбырлар және аппараттар.

Металл өнеркәсібі, минералды өнім, химиялық өнеркәсіп өнімі бойынша импорттың түсу деңгейі байқалуда. Импорт өнімін негізгі жеткізушілері: Ресей, Германия, Қытай, Украина, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Корея, Өзбекстан, Нидерланд болып табылады. ТМД мемлекеттері Қазақстандық нарықта өнімді импорттаушы болып табылады. Еуропа мемлекетіндегі импорттың жалпы 28,9% түсуінен 50% әртүрлі мəшине түрлерін әкелуден, Германия және Италиядан әкелінетін бөлшек құралдардан, жеңіл автокөліктер, Италия жиһазынан өсті.

Азия импортының өсуіне Жапония көлігі, Үндістан шайы, Қытай және Жапония құбыры, Қытай және Түркияның аллюминий заттары әсерін тигізді. 2003 жылмен салыстырғанда АҚШ – тің импорты 30 % өсті. Тауардың негізгі бөлігі АҚШ-тан түседі.

Қазақстанның ТМД шеңберіндегі ынтымақтастығы

ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр.

Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктің түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады.

ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады. ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында Қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.

Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауыл шаруашылық, электр энергетикасы және т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда.

Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда.

«Бір жыл- бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс принципін ескере отырып, 2007 жылы келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды дайындауға арналса (2007 жылғы 5 қазанда Душанбеде тиісті Декларация қабылданды), 2008 жыл келісілген көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жылы, ал 2009 жыл – энергетика саласындағы ынтымақтастық жылы.

ТМД елдерінің тілдері

ТМД жеріндегі халықтар сөйлейтін тілдер. ТМД-да тұрушы негізгі халықтардың тілдері 130-ға жуық. Ол тілдерде сейлейтін кейбір халықтардың ТМД-дан тыс жерлерде өз мемлекеті бар. ТМД елдерінің тілдері шығу тегі, типологиясы, сөйлеушілердің саны, жазу дәстүрі жағынан бір-бірінен ерекше. ТМД елдерінің тілдері шығу тегі (генетикалық туыстығы) жағынан мынадай топтар мен семьялардан тұрады:

  1. армян тілі;
  2. шығыс славян тілдері — беларусь, орыс, украин тілдері;
  3. герман тілдеріидиш тілі;
  4. иран тілдері — белудж тілі, Памирдегі шығыс-иран тілі, күрт, осетин, тәжік, талыш, тат, ягноб тілдері, памир тілдері;
  5. жаңа үнді тілдері — сыған тілі;
  6. роман тілдері — молдова тілі кіреді.
  1. абхаз-əдігей тілдері — абазы, абхаз, əдігей, қабарды-шеркеш тілдері;
  2. Картвел тілдері — грузин, зан, сван тілдері;
  3. дағыстан тілдері — авар, андий тілдері; лезгин тілдері; цез тілдері;
  4. нах тілдері — бацбий, ингуш, шешен тілдері кіреді.

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  2. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

Сыртқы сілтемелер