Сочи

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Сочи
Сочи
Сочи
Сочи

Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Ресей

Өлке

Краснодар өлкесі

Муниципалды құрылым

Сочи курортты қаласы муниципалды құрылымы

Қала басшысы

Алексей Копайгородский

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°35′07″ с. е. 39°43′13″ ш. б. / 43.58528° с. е. 39.72028° ш. б. / 43.58528; 39.72028 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°35′07″ с. е. 39°43′13″ ш. б. / 43.58528° с. е. 39.72028° ш. б. / 43.58528; 39.72028 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1838

Жер аумағы

қала:
176,77 км²[1]
қалалық округ:
3502 км²

Орталығының биiктігі

65[2] м

Климаты

субтропик

Уақыт белдеуі

UTC+4

Тұрғындары
Тұрғыны

қала:
368 011[3]
қалалық округ:
445 209 [3] адам (2013)

Тығыздығы

2081 адам/км²

Агломерация

708 000

Ұлттық құрамы

орыстар (69,9 %),
армяндар (20,1 %),
украиндар (2,3 %),
грузиндер (2 %),
адыгейлер (1,2 %),
2010 ж.Итоги::Краснодарстат. Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 сәуір 2013. Тексерілді, 14 сәуір 2013.</ref>

Этнохороним

сочилік

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

862

Пошта индекстері

354000—3549991

Автомобиль коды

23, 93, 123

Басқалары
Марапаттары

Ленин ордені

sochiadm.ru  (орыс.)

Сочи картада
Сочи
Сочи

Сочи (орыс. Сочи; абх. Шәача; адыг. Шъачэ; грек. Σότσι; груз. სოჭი) — Ресей Федерациясындағы қала, Краснодар аймағындағы, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында, Мәскеуден 1700 шақырым қашықтықта орналасқан.

Красная Поляна қала типті ауылымен және Бас Кавказ Жотасының оңтүстік беткейлерінде орналасқан тұрғылықты пункттермен бірге Сочи қала-курорты муниципалдық құрылымын құрайды, бейресми атауы Үлкен Сочи. Ресей Федерациясының ең үлкен қала-курорты, маңызды транспорт желісі, сонымен қатар Қара теңіз жағалауының ірі экономикалық және мәдени орталығы болып табылады.

Бейресми түрде Ресейдің жаздық, оңтүстік және курорттық «астанасы» деп аталады. 2012 жылы Forbes журналы Сочи қаласын Ресейдегі бизнес жүргізуге ең қолайлы қала деп атады. Қара теңіз жағалауындағы қалалар арасында Одесса мен Самсун қалаларынан кейін 3-ші орын алады. Сонымен қатар Ресейдің ең ұзын қаласы болып табылады.

2007 жылы Сочи 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының астанасы болып таңдалды. 2009 жылы 15 қыркүйекте Сочи Олимпиадалық қалалардың әлемдік одағына мүше болып қабылданды. Олимпиадаға дайындық барысында қаланың және оның инфрақұрылымының дамуына 500 млрд рубль жұмсалды.[4]

Этимологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1869 жылдың өзінде де посадтың аты Сочи болатын.

«Сочи» аты тек қаланы ғана емес, оның орталығынан өтетін, Қара Теңізге құятын өзенді де білдіреді.

Әртүрлі деректерде қала мен өзен аттары түр-түрлі аталатын: Сочи, Соча мен Сучали; Белльде Саша, Садша мен Зутша; Сочи немесе Саше; Сочи, Саше мен Сочипсы; Сфеши (өзен) мен Сшаше (ауыл) (шапсуг нұсқасы); Шаша; Сахи, Сучал мен Саши, басқа деректерде — Шаше, Сшатче, Сочипсе. Убых тілінде жазған Бгажба Х. С. айтқаны бойынша Сочи өзенінің аты Сшача деп аталатын, және абхаз тілінде ол «Шәача» деп аталатын. Алайда тарихында этнонимын ең бірінші рет түрік саяхатшысы 1641 жылы Эвлий Челеби айтып кетеді. Ол Садше (түр. Sadşe) мен Суча (түр. Suça) тайпаларын айтып кетеді.

Сочи мен Садше аттарының мағынасы жоқ. Бірақ убых тіліндегі «сшедше», «теңіз» немесе «теңіз маңындағы» деген сөзге ұқсас.

Ш. Д. Инал-Ипа айтқаны бойынша «Сочи-Соча» сөзі убых тілінің «Швача» атына ұқсайды және ол ұмытылған адамның немесе әулеттің аты да болуы мүмкін.

Сочи қаласының тұрғылықты халық саны – 399673 адам (2014), Сочи қала-курорты муниципалдық құрылымының – 473206 адам. Халық саны бойынша Сочи Оңтүстік федералдық округінде Дондағы Ростов (1109835), Волгоград (1017985), Краснодар (805680), Астрахань (530863) қалаларынан кейін 5-ші орынды алады және Ресей бойынша 49-шы орын алады.

2022 жылдың 1 қаңтарында Сочи Ресей ішінде халық саны бойынша 1116 ішінен 46-шысы.

2018 жылдың 1 қаңтарында Ресей субъектілері емес қалалардың ішінде Сочи 5-ші (Тольятти, Набережные Челны, Новокузнецк мен Балашихадан кей

ін).

Ұлттық құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сочи ауданының (округінің) ұлттық құрамы:

Сочи қаласының ұлттық құрамы:

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]