Өзекті жөке
Өзекті жөке | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||
Tilia cordata |
Өзекті жөке немесе Ұсақ жапырақты жөке (лат. Tilia cordata) - құлқайырлар тұқымдасы, жөке туысына жататын ағаш.
Ботаникалық сиапты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Биіктігі 30 м-ге дейін жететін, қара қоңыр түсті жылтыр қабығы бар.
- Жапырақтары кезектесе орналасқан, сағақтары ұзын, жүрек тәрізді, шеттері майда, ара тісті, ұштары сәл сүйірлеу.
- Гүлдері ашық сары, кішігірім гүлшоғырын жасап тұрады. Әрбір гүлшоғырының жанында қосымша жапырақшалары бар.
- Жемісі бір-екі тұқымды жаңғақша. Маусым-шілде айларында бар болғаны 10-15-ақ күн гүлдейді.
Өсетін жері мен таралу аймағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Еуропада, Ресейдің еуропалық бөлігінде таралған. Қазақстанда барлық жерлерде кездеседі.
Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрамында эфир майлары, илік заттар, воск, гесперидин, қант, шырыштар, С дәрумені, каротин бар.
Дәрі жасау үшін жөке ағашының гүлдерін қосымша жапырақшаларымен бірге жинап алады. Гүлдерінен жасалған сулы тұнбалар тер шығарады, дененің қызуын төмендетеді, микробтарды жояды. Халық медицинасында гүлін ревматизмге, жөтелге, іштің түйнеп ауруына да қарсы қолданады. Сонымен қатар жөке ағашы аяқ-қол бұлшық еттерінің тырысуына, бүйрекке тас байлануына, қуықта құм пайда болуына шипа. Дене сыртындағы іріңді жараларды жұмсатру үшін оның бүршіктері мен жапырақтарын пайдаланады.
Жөке ағашы құрылыста, жиһаз жасауда пайдаланылады. Көркем ағаш ретінде саябақтарда әсемдік үшін өсіріледі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.