Мазмұнға өту

Каротин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Каротинкаротиноидтар тобына жататын қызғылт сары түсті пигмент.[1] Өсімдік клеткаларының құрамында болатын сарғыш-қызғылт пигмент (алғаш рет сәбізде болатыны анықталды, сондай-ақ итмұрын, қарақат, шетен және т.б. жемістерде болады); А провитамині. Организмде ыдырап бөліну арқылы A дәруменіне айналады.[2]

α-каротин
β-каротин

Өсімдіктерде кездесуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Каротин келесі өсімдіктердің құрамында көптеп кездеседі:

  • ананас
  • самырсын жаңғағы
  • қымыздық
  • көк пияз
  • ақжелкен
  • шырғанақ
  • шетен
  • аю пияз
  • тәтті қызыл бұрыш
  • асқабақ
  • аскөк
  • қызанақ

Сонымен бірге каротин пигментін сиырдың бауырынан, көк бұрыштан, ас бұршақтан, шабдалыдан, қауыннан, брокколиден, қызыл қырыққабаттан және қарбыздан алуға болады. Ал өрік, апельсин, балғын және тұздалған қияр, ірімшік, жұмыртқа, кілегей, қаймақ, сүзбе, жаңғақ пен балықтың құрамында аз мөлшерде кездеседі.

Каротиннің адам ағзасы үшін маңызы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Каротиннің адам ағзасында жеткіліксіз болуы, адамның ісік ауруына шалдығуына алып келеді. А дәруменінің жеткіліксіздігі жуан ішектің, асқазан, өкпе және сүт безі рагының туындауына себеп болады.

А дәрумені иммундық жүйені нығайтып, созылмалы және жұқпалы аурулардан айықтырады.

Каротиннің адам ағзасы үшін зияны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Адам ағзасында А дәрумені көбейіп кетсе, адамның жүрегі айнып, іші ауырады, ішек пен асқазанның жұмысы бұзылады, буын мен тері қышымасына душар болады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Ордабасы": Энциклопедия.- Шымкент:"Ордабасы".2008.
  2. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том