Мазмұнға өту

Әл-Идриси

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Muhammad al-Idrisi

The Tabula Rogeriana, drawn by al-Idrisi
for Roger II of Sicily in 1154,
one of the most advanced ancient world maps.
Modern consolidation, created from the 70
double-page spreads of the original atlas.

(Note that the north is at the bottom, and so the map appears "upside down")
Туған күні, жері 1099
Ceuta
Қайтыс болған күні, жері 1161
Sicily
Зерттеу салалары Geographer Writer Scientist Cartographer
Еңбегі үшін әйгілі Tabula Rogeriana

Әбу Абдаллаһ Абдоллах Мұхаммед әл-ИдрисиӘбу Абдаллаһ Абдоллах Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Идриси (1100, Марокко, Сеута — 1161 немесе 1165, сонда) — араб географы, саяхатшы. Мароккодағы Идриси әулетінің атақты әмірлер ұрпағынан шыққан.

Кордовада білім алған. Франция, Англияға саяхат жасаған. 1116 ж. Кіші Азияда болған. 1138 ж. Палермоға келіп, әуелі Сицилия королі Роджер ІІ (1130 — 54), кейін Вильгельм І-нің (1154 — 66) сарайында тұрды. Қартайған шағында Сеутаға қайтып оралды. 1154 ж. ұзақ жылғы жинаған тарихи-географиялық деректерінің негізінде “Сурат әл-ард” (“Жер бейнесі”) атты атласын жасап шығарды. Картада тарихи-географиялық 2500 атау енгізіліп, бұларға қоса 7000 атауға қосымша түсінік берілген. Әл-Идриси картасы — 11-12 ғ. қарлұқ, оғыз, қимақ, тоғыз оғыз т.б. тайпалар мен түрлі халықтардың орналасуы жөніндегі аса құнды дерек. Бұл еңбекте, әсіресе, қыпшақтар жөнінде толық мәлімет берілген. Әл-Идрисидің бұдан басқа “Нұзхат әл-мұштақ фихтирақ әл-афақ” (“Жиһанкездіктен торыққан адамның көңіл көтеруі”) атты тарихи-геогр. шығармасында Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпаларының, Еуропа мен Африка елдерінің тарихы баяндалған. Әл-Идрисидің географиялық жолжазбаларында Шу-Іле таулары, Сырдария өзенінің төменгі бөлігі, Арал бойы туралы мәліметтер, сонымен қатар осы өңірдегі темір, алтын, күміс, асыл тастар жайлы деректер берілген. Іле аңғары бойындағы, Ыстықкөл мен Балқаш көлінің арасын мекендеген қарлұқтар жерінің табиғаты, Алакөл қазаншұңқырындағы климат әсерінің картасы кескінделген.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]