Мазмұнға өту

Англия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Координаттар: 53°33′00″ с. е. 2°26′00″ б. б. / 53.55000° с. е. 2.43333° б. б. / 53.55000; -2.43333 (G) (O) (Я)
Англия
ағылш. England
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Dieu et mon droit» «(Құдайым және құқығым)»
Әнұран: «God Save the Queen/King» (тыңдау )
Europe_location_ENG2.png
Тарихы
Құрылды 1 мамыр 1707
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі ағылшын
Елорда Лондон
Ірі қалалары Лондон, Бирмингем, Глазго, Белфаст, Манчестер, Эдинбург, Ливерпуль
Үкімет түрі Конституциялық монархияның бөлшегі
Монархы
Премьер-министрі
III Чарльз
Риши Сунак
Мемлекеттік діні Христиандықтың англикандық ағымы
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 77-ші орын
130,278 км²
1,34%
Жұрты
• Сарап ([[жыл|]])
• Санақ
Тығыздығы

62 698 362[1] адам (2006)
50,762,900 адам
388,7 адам/км² (48-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2023)
 • Жан басына шаққанда

3,846 трлн[2] $ (10-шы)
56,470[2] $ (26-шы)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2023)
 • Жан басына шаққанда

3,158 трлн[2] $
46,371[2] $ (22-ші)
АДИ (2011) 0,863[3] (өте жоғары) (28-ші)
Валютасы фунт стерлинг
Қосымша мәліметтер
Әуе компаниясы British Airways
Интернет үйшігі .uk
ISO коды GB
Телефон коды +44
Уақыт белдеулері +0

Англия (ағылш. England [ˈɪŋɡlənd]) — Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығының ең ірі және әкімшілік бөлігі. Шотландия мен Уэльспен қатар Ұлыбритания аралында орналасқан (ағылш. mainland). Ұлыбританияның халқының 83 % Англияда тұрады. Халқы 68 млн адам.

927 жылы Англия бірнеше жергілікті графстволардың бірігу нәтижесінде пайда болды. Өз атын V-VI ғасырда құрылған англ деген герман тайпасынан алады.

Тацит

Англия деген аты герман тайпаларының бірінен шыққан. Бұл тайпа 5-6 ғасырларда пайда болған. Ғалымдар оларды Ангелн түбегінен шыққан деп ойлайды. Бұл түбек қазіргі Дания және Германия жерінде орналасқан.

Англдар туралы бірінші жазбаша құжаттар 98 жылы шыққан. Оны сол кездің тарих зерттеушісі Тацит өзінің «Германия» деген кітабында жазған. Ал Ұлыбританиядағы англдар туралы бірінші рет 897 жылы жазған. Бұл мәлімет Оксфордтың ағылшын тілі сөздігінде бар.

Өкінішке орай Англия деген сөзді жалпы Ұлыбританияға қолданылады. Бұл жай елдің басқа ұлттарын ренжітіп, көптеген қайшылықтарға алып келеді.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Англия Ұлыбритания аралының үштен екі бөлігін алып тұр. Солтүстігінде Шотландиямен шекаралы болса, батысында Уэльс орналасқан.

Англияның әкімшілік бөлінуі

Жер көлемі аз болғанымен, Англияда бірнеше үлкен қалалар бар. Олар: Лондон, Бирмингем, Лидс, Шеффилд, Ливерпуль және Манчестер.

Б.ғ.д. 55 жылда Юлий Цезарь қазіргі Англия жеріне шабуыл жасаған. Ол кезде сол аумақта көптеген кельт тайпалары тұрған. Олар өздерін бритт деп атаған. Сол кездерден бастап қазіргі Англия және Уэльс аумақтары Рим империясының құрамына кірген.

Рим империясының құлдырауы Англия тұрғындарына басқа мәселелер тудырды. Көптеген көршілес тайпалар Англия жеріне басып кіре бастады. Олар ішінде герман, кельт тайпалары болған. Шабуылшылар бұл жерде өздерінің кішкене мемлекеттерін құра бастады. Сондықтан, Англияның түгелдей қосылған дәл уақытын атау өте қиын. Бірақ Англия патшасы деген титул Ұлы Альфред (871—899) кезінде пайда болған.

Тарихшылардың біреулері Англия билеушілерін 1066 жылы норман шабуылынан санап бастайды. Патшалардың нөмірлерін де бұл оқиғадан бастап санайды (мысалы, ХІІІ ғасырдағы Эдуард І 1066 жылдан бастап бірінші Эдуард есімді патша болған)

Бірақ Шапқыншы Вильгельм мемлекетті құрып, біріктірген емес. Ол тек бар Англия жаулап алып, оған франк-романдық басқару қойған.

ХІІІ ғасырдың соңында Уэльс княздігі жаулап алынып, Англия патшалығының құрамына түгелдей кірді. Тәуелсіз Англия тарихы Орта ғасыр және Жандану ғасырдан кейінгі Тюдор әулетінің Елизавета І-ден басталады. 1707 жылы Англия мен Шотландия одақ құрып, Ұлыбритания Патшалығының негізі қаланды.

Саяси құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1990-шы жылдарда Солтүстік Ирландия, Уэльс және Шотландия елдерінде өз парламенті мен үкіметін құрып алды.

Дэвид Кэмерон

Ал Англия қазіргі уақытқа дейін өз парламенті мен үкіметін құрмай, олардың міндеттерін Ұлыбритания парламенті мен үкіметі жасайды.

Англия өз парламентін және үкіметін құруды қалайтын қозғалыстар бар. Атқарушы үкіметтің жұмысын Ұлыбритания премьер-министры істейді. Қазір үкімет басында Консерваторлар партиясының өкілі Дэвид Кэмерон отыр.

Әкімшілік бөлінуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазіргі уақытта Англия 45 графтықтан құрылған. Оған қоса Үлкен Лондон бар. Осы ел тарихында басқа түрлі бөлімдер болған. Англия құрамында, мысалы, патшалықтар (Сассекс және Эссекс), герцогтық (Йоркшир, Корнуолл және Ланкашир) және басқа бөліну түрлері болған.

Салт-дәстүрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ағылшындықтар "Ескі- демек сенімді. Ескі сөзі күмәнсіздікті білдіреді. Жаңа ой- күдікті, жаңа технология- сенімсіз." деп есептейді.Ағылшындардың неше мың жыл бұрынғы салт-дәстүрлері әлі күнге дейін сақталған. Оның дәлелі ағылшындықтар әлі күнге дейін тойды ескі дәстүр бойынша өткізеді.

Некенің алдында атастыру (яғни уәделесу) көптеген елдерде орындалады.Англияда атастыру рәсімі алдында күйеу жігіт пен келінге әр түрлі сынақтар жүргізіледі.Атап айтар болсақ, жігіт қыз айтқан, қалаған нәрсенің барлығын орындайды. Ал келін болса бір қолымен ескі сандықтың қақпағын ұстау қажет.

Ағылшындықтарда тағы бір қызықты мынандай салт-дәстүр бар. Тойға келіннің 10 құрбысы мен күйеу жігіттің 10 құрдасы міндетті түрде күйеу жігіт пен қалыңдық киімін киіп шығады. Яғни ағылшындықтардың діни- сенімі бойынша, жаман ниетті жын шайтан 10 жұп ішінен нағыз күйеу жігіт пен қалыңдықты таба алмайды және өз жаман ниетін жүзеге асыра алмайды екен. ХVІІ ғасырда тойларда қалыңдық әртүрлі түстердегі киімді киетін болған. Ал Англия ханшайымы Виктория алғаш рет тойға ақ көйлек киген. Содан бастап ақ көйлек кию дәстүрлі түрде жалғасқан. Ақ көйлек пәктікті, тазалықты білдіреді.

Ұлттық киім

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Англияның бай ұлттық дәстүрлер болғанына қарамастан, бұл халықта өз ұлттық киім жоқ. Тек қана моррис халық биін билегенде, бірдей киім киетіні бар. Қазір де Англияның үлкен қаладарын да моррис киіміне ұқсайтын киім киіп жүрген кісілерді кездестіруге болады.Бұл киімді тігудің кейбір ерекшеліктер бар. Негізінен бұл би жерге қатысты магиялық белгімен байланысты.

Оған қоса Англияда ортағасырлық дәстүрлерге сай бірнеше шараларда ескі киімдерді киеді. Олардың ішінде: патша отбасы, парламент үшелері, сот кезінде, ежелгі университеттердің профессорлары мен студенттері және Патша гвардиясы.

Морристі ауылдарда жазда билейді. Бұрын оны діни мақсаттармен билеген. Бірнеше кісі ақ шалбар, ақ көйлек киіп, аяғына қоңырау байлап, басына сабан қалпақ киіп, ортаға шығады. Бұл биді бұрын тек ер кісілер билесе, қазіргі уақытта әйелдер де билеп жүр.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ұлыбритания. The World Factbook. CIA. Тексерілді, 3 қараша 2011. (ағыл.)
  2. a b c d United Kingdom. International Monetary Fund. Тексерілді, 13 сәуір 2023.
  3. Human Development Report 2011  (ағыл.). United Nations Development Program (2011). Тексерілді, 6 қараша 2011.