Мазмұнға өту

Кордоба

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Кордова бетінен бағытталды)
Қала
Кордоба
Córdoba

Гвадалквивир арқылы өтетін римдік көпір
Ту Елтаңбасы
Ту Логотипі
Әкімшілігі
Ел

 Испания

Автономиялық бірлестік

Андалусия

Провинция

Кордова

Тарихы мен географиясы
Координаттары

37°53′ с. е. 4°46′ б. б. / 37.883° с. е. 4.767° б. б. / 37.883; -4.767 (G) (O) (Я)Координаттар: 37°53′ с. е. 4°46′ б. б. / 37.883° с. е. 4.767° б. б. / 37.883; -4.767 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

б.з.д. 152 жыл

Бұрынғы атаулары

Кордуба

Жер аумағы

1252 км²

Уақыт белдеуі

UTC+1, жазда UTC+2

Тұрғындары
Тұрғыны

328 547 адам (2010)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

140xx

cordoba.es

Кордоба картада
Кордоба
Кордоба
Кордоба картада
Кордоба
Кордоба

Кордоба (ис. Córdoba [ˈkorðoβa]) — Оңтүстік Испания мемлекетіндегі Андалусия ауданындағы қала. Кордова қаласы Сьерра-Морена тау жотасының баурайында, Гвадалквивир өзенінің оң жағалауында, шұрайлы және өте ыстық аймақта орналасқан; Кордова провинциясының астанасы. Қала Ежелгі Рим үстемдігі кезінде құрылған.

Бүгінгі таңда Кордова 321 мың тұрғыны бар орта көлемдегі қазіргі заманғы қала. Кордова – Иберия түбегінің түгелге жуық аумағын алып жатқан Кордова халифатының астанасы болған және бұл қалада сол заманның ескерткіштері көп.

VIII ғасырда Кордова Испаниядағы араб үстемдігінің орталығына айналды.

Өзінің гүлдену кезеңіне 1 млн-дай халқы, сарайлар, мешіттер, керуен-сарайлар бар кезде Х ғасырда жетті, және араб ғылымының, поэзиясының, өнерінің орталығы болды. Кордова, халифат құлағаннан кейін, 1236 жылы Фердинанд III қаланы бағындырғанға дейін мұсылмандардың қол астында болды.

Қазіргі замандағы жағдайы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еуропалық Одақтың бастамасы — Еуропаның мәдени астанасы — Кордобаны да шалып өтті. Қала 2016 жылы аталған мәртебені иемдену құқығына үміттеніп отыр.

2011 жылдың 25-ші тамызында көп күндік Вуэльта велосипед жарысының 6-шы кезеңі аяқталды.

Puerta del Puente
Алғашқы патшалық аурухана San Sebastián, қазіргі таңдағы Кордованың Конгресс залы

Қаланың көрікті жерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Әйгілі Кордова шіркеулік мешіті (Мескита), VIII ғасырда салынған ертеректе Еуропадағы ірі мешіттердің бірі, кейіннен католиктік ғибадатхана ретінде қайта салынған
  • Калаорра мұнарасы
  • Мавритандық стильдегі көпір 719 жылы Гвадалквивир өзені арқылы салынған
  • Мавритандық патшалардың бау-бақшалармен қоршалған ежелгі сарайы; бұрынғы инквизиция сарайы — Католиктік патшалардың Алькáсара мұнарасының жанында
  • Кордовадан 8 км батыста орналасқан ескі қаланың орны — Медина Ас-Сахара
  • Кордова қаласының төңірегінде жылқы тұқымының өсіріледі

Атақты адамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кордова – әйгілі философтар мен ақындардың туған жері: Сенека стоицизм философиясын жақтаушы және оның немере інісі Лукан, араб философы Аверроэс, еврей теологы Маймонид. Кордовада астроном Аз-Заркали (1029—1099) жұмыс істеген. Сонымен қатар, Кордова көрнекті фламенко әртістерімен танымал.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]