Леопард

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Леопард
Қазбалық ауқымы: Late Pliocene or Early Плейстоцен to Recent

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жыртқыштар
Тұқымдасы: Felidae
Тегі: Panthera
Түрі: P. pardus
Екі-есімді атауы
Panthera pardus
(Linnaeus, 1758)
Range of the leopard, former (red), present (green), and uncertain (yellow)
Range of the leopard, former (red), present (green), and uncertain (yellow)

Леопард (лат. Panthera pardus) — сүтқоректілер класы жыртқыштар отрядының мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң.


Денесі созылыңқы, аяқтары қысқа әрі мықты. Дене тұрқының ұзындығы 107 — 180, құйрығының ұзындығы 75 — 110 см. Тығыз, жұмсақ сары немесе қызғылт жүнінің үстінде қара дақтары болады. Тұтас қара түстілерін — пантера деп атайды. Аталығы 60, аналығы — 30 — 40 кг тартады. Леопард негізінен Африкада (тек Сахарада кездеспейді) тіршілік етеді. Азияда, Түрікменстанда, Ресейдің Қиыр Шығысында ұшырасады. Тропиктік, субтропиктік аймақтардағы ормандарда, тау беткейлерінде, жазық далалар мен саванналарда, өзен бойында, тоғайларда мекендейді. Леопард, негізінен, тұяқты аңдарды (бұғы, елік, арқар, т.б.) аулайды. Қорегін, көбіне түнде аулайды. Көбіне қаңтар — наурыз айларында ұйығып, 90 — 105 күннен кейін балалайды. Леопард Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]

Қазақстанда Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында (Маңғыстау облысы) 2020 жылы леопардтың пайда болуының үш жағдайы байқалған. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]