Мазмұнға өту

Кәдімгі емен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кәдімгі емен
Кәдімгі емен
Кәдімгі емен
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Core eudicots
Сабы: Fagales
Тұқымдасы: Fagaceae
Тегі: Quercus
Тарауы: Quercus
Түрі: Q. robur
Екі-есімді атауы
Quercus robur
L.

Кәдімгі емен (лат. Quercus robur) – шамшаттар тұқымдасына жататын емен түрі. Қазақстандағы туыс түрлерінің жалғыз ғана өкілі, жабайы түрінде тек Батыс Қазақстан облысында ғана кездеседі. Емен отырғызатын жерлер соңғы жүзжылдықта шұғыл қысқарып кеткен. Осылайша, 19 ғасырдың ортасында емен Орал қаласынан оңтүстікке қарай 200 км жерде жай ғана ағаштардың қатарында болған. қазір тек қаланың солтүстік шығысында 30 км қашықтықта Орал және Елек өзендерінің аңғарларында, Республиканың солтүстік шекарасына дейінгі аралықта ғана кездеседі. Олар беткейдегі жарларда өседі. Кейбір анықтамалар бойынша табиғи еменнің Қазақстанда алып жатқан жері 830 га-дан аспайды.

Түр кеңінен таралғандықтан Қазақстан тұрғындары әсіресе, оңтүстік өлке тұрғындары жақсы таныс. Емен - біздің еліміздегі ең мықты ағашболып келеді. Биіктігі 40 метрге жетеді, кәрі емендердің діңдерінің жуандығы бірнеше метрге жетеді. Тамыр жүйесі мықты өзекті тамыры 5 метрге дейін тереңдеп жуан діңнің жетілуіне жағдай жасайды. Жас өркендердің қабығы тегіс, жылтыр, сұр, үлкен емендердің қабығы майлы қызғыштанып жарылып тұрады, қара-қоңыр түсті. Жапырағының пішіні өте әдемі - ұзын тақтасының үстіңгі беті қою - жасыл, астыңғы жағы ақшыл-жасыл, жылтыр, жиектері терең ойықталған, мұндай жапырақ тақтасының пішіні қалың қабыққа, жапырақтың көп мөлшердетүсуін қамтамасыз етеді.

Пайдасы жағынан қарағанда едәуір бағалысы еменнің сүрегі - мықты, қатты, әдемі суретті. Бәрінен бұрын оны кеме жасауда қолданады, сондай-ақ жиһаз, паркет төсеніштер, арнайы ыдыстар (бөшкелер) жасауда қолданады. Бұл ағаштың қабығы пайдалы. Ерте кезден бері тері өңдеуде қолданылады. Осыдан келіп процесстің атауы шығады (дубление). Бояғыш заттар алу үшін жас қабық, жапырақ, кесілген ағаштардың өңделген кездегі қалдықтары (үгінділері, бұтақтар, қиындылар және т.б.) қолданылады. "Жаңғақты" жапырақ (насекомдардың зақымдауларынан пайда болған шар тәрізді өскіндер) - жібек пен жүнді бояйтын бояу көзі. Еменнің қабығы біраз уақыттан бері заласыздандыратын дәрілік зат ретінде, қабынуға қарсы (тістің қызыл еті, асқазан және шек) пайдаланылады. Ерте кезде жаңғағы адамдарға азық болған. Қазір кейбір жағдайда олар кофенің орнына пайдаланылады.

Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстанның өсімдіктер әлемі