Исламтану
Ислам |
---|
Бұл мақала келесі тізімдеменің бір бөлігі: |
Исламтану– - Ислам діні қағидаларының мәні, шариғат нормаларын, Ислам тарихын зерттейтін және Құран Кәрім сүрелері мен аяттарының Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) сөздері мен іс-әрекетінің мәнін түсіндіретін ғалымдар жиынтығыны атауы.
Ислам бірнеше пәндерге бөлінеді:
1) ақида («игти-қад» деп те аталады) пәнідіннің сипаттары мен пайдаларын, иман-ның негіздері мен шарттарын, Аллаһ Тағаланың сипаттарын, т.б. зерттейді. Бұл пәнді негіздеуші белгілі ғұламалар имам Әбу Мансұр Мұхаммедәл-Матұриди (944 ж.ө.) және имам Өбу әл-Хасан ибн Әли ибн Исмаил әш-Шари (873 - 936)
2) фикһ (Ислам құқығы, яғни шариат туралы) пәнінде, негізінен, төрт сала қарастырылады:
мәселелері;
- ә) мүнакахат - неке, ажырасу және отбасы қарым-қатынастары;
- б) мұғамалат - сауда-саттық, мирас, риба (пайыз алу), жалақы жөніндегі мәселелер:
- в)үкубат - қылмыстар мен оларға қолданылатын жазалар. Фикһ пәні бойынша келелі еңбектер жазып, өз аттарымен аталған мектептерді қалыптастырған белгілі мужтаһидтер (Ислам ғалымдары) - Нұғман ибн
Сәбит (699 - 767), имам [1], имам Мәлік ибн Әнес (708 - 795), имам Мухаммед ибн Идрис әш-Шафи (767 - 820), имам Ахмед Мұхаммед ибн Ханбал (780 - 855). Бүгінгі мұсылмандардың басым көпшілігі, көбінесе, осы төрт мужтаһидтің фикһ мәселелері жөніндегі пәтуалары мен ұстанымдарын қолданады;
3) тәфсір(жабық нәрсені ашу, анықтау) пәнінде Құран Кәрімнің жазылуы және жинақталуы. Аяттардың түсу себептері, сүрелердің басындағы әріптер (әл-хүрүф әл-мүкапаға), Құран Кәрімдегі мысалдар мен ауыспалы мағыналар, сұрақтар мен жауаптар сияқты мәселелер зерттеледі. Сонымен қатар, тәфсір пәніне араб тілінің граматикасы мен тіл білімін қамтитын «сарф уо наху» да кіреді. Тәфсір ілімінің қалыптасуы мен дамуында Абдол-ла ибн Мәсғұтд (652 ж.ө.) пен Абдұллаһ ибн Аббас (687 ж.ө.) сияқты сахабалардың, Сағид ибн Жұбайыр (714 ж.ө.), Икрима Мәула ибн Аббас (725 ж.ө.) сияқты табғидердің (сахабаларды көргендер), Әли Әбу ибн Талх (762 ж.ө.). Мұқатил ибн Су- леймен (767 ж.ө.), Йахйа ибн Саллаһм (741 - 815) және Абдұрраззақ ибн һоммам(743 - 827) сияқты әт-бағұт-табиғиндердің (сахабаларды көрмегендер) орасан зор еңбегі болған;
4) хадис пәнінде Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) сөздері мен іс-әрекеттері, сүннеттері зерттелінеді. Бұл пәннің дамуы ішкі ерекшеліктеріне қарай 4 кезеңге бөлінеді:
Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) хадистерінің сахабалар тарапынан жазбаша немесе жаттау арқылы сақталуы (тасбит-ұс сунна). Хижраның I ғ-н қамтитын бұл дәуірле Абдолла ибн Омар ибн Хаттаб, Әнес ибн Мәлік, Абдолла ибн Аббас ибн Абдұлмұтталиб (688 ж.ө.) тәрізді сахабалар көп хадистерді риуаят (естіп, айтқан) еткен. Хадистердің ресми түрде жазылып, кітап ретінде жинақталу (тәдуин-ус сунна) кезеңі хижраның ІІ ғасырын қамтиды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ ағзам Әбу Ханифа
- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |