Зекет

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Зекет (араб.: زكاة‎ – тазарту) — мұсылмандардың бес парызының бірі, немесе мұсылмандықтың төртінші шарты, қоғамдағы кедейлерге берілетін міндетті садақа. Шариғат бойынша, кәмелетке толған ауқатты мұсылмандар ғана жылына бір рет малының, дүние-мүлкінің, дәулетінің қырықтан бір бөлігін Зекет ретінде беруге міндетті.

Зекет мөлшері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Зекет берілсе, бай адам мал-мүлкінің кірінен, кедейлер алдындағы борышынан тазарады. Зекет берілмесе, кедейдің қақы желінген болып табылады.

Зекет мына нәрселер үшін беріледі:

Бұлар белгілі бір мөлшерге толуы қажет. Зекетке толатын мөлшерді “нисап” деп атайды. Мысалы, қой саны үшін белгіленген “нисап”: 40-тан 121-ге дейін 1 қой, 121-ден 399-ға дейін 2 қой, 400-ден бастап жүзден бірі Зекет түрінде садақаға берілуі керек. Сиырдың саны 30-ға жетсе, “нисапқа” толған болып, 30-дан 39-ға дейін 1 тайынша, 40-тан 59-ға дейін 1 құнан өгіз не құнажын сиыр, 60-тан 69-ға дейін 2 тайынша, 100-ден 202-ге дейін 4 тайынша, не 3 құнан өгіз, не 3 құнажын сиыр, бұдан жоғары сандарға жеткенде әр 30-дан бір тайынша, не әр 40-тан 1 құнан өгіз, не құнажын сиыр Зекетке беріледі. Түйенің саны 5-ке жетсе “нисапқа” толады. 5-тен 9-ға дейін 1 қой, 10-нан 14-ке дейін 2 қой, т.б., 196-дан 200-ге дейін 4 бесті інген Зекетке беріледі де, одан жоғары санға жеткеннен кейін әр 50 түйеге 1 дөнежін інгеннен есептеледі. Айналымдағы алтын-күмістен өз салмағының 40-тан бірі Зекетке беріледі. Сондай-ақ, 20 мысқал (96 г) алтынның, яки 200 дирҺам (641 г) күмістің бағасындай сауда мүлкінен де, ақшадан да 40-тан бір мөлшерінде Зекет беріледі.

Кімге берілуі тиіс

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құран Кәрімде айтылғандай, Зекет сегіз түрлі кісілерге: кедейлерге, міскіндерге (қолында түгі жоқ тақыр кедейлерге, жетім-жесірлерге), Зекет жинаушыларға, жаңа мұсылмандарға, құлды азат етуге, борыштыларға (қарызын төлеуге шамасы келмейтіндерге), мүсәпірлерге (үйіне жете алмай, жолда қалғандарға) таратылуға тиіс. Зекет беруші Зекетті берген уақытта Зекет үшін беретіндігін ниет етуі, яғни ішінен ойлауы шарт. Ал Зекет алушының Зекет екендігін білуі шарт емес. Зекетті бергеннен кейін міндетсу немесе ренжітіп, кемсітіп беру, сондай-ақ, мақтан үшін беру Зекеттің қайыр-сауабын зая кетіреді.[1]

Зекеттің пайдалары мен хикметтері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1. Алла Тағала Құранда өзінің әмірлерін орындап, тыйым салынған нәрселерден тыйылған құлдарын ақыретте сый-сыяпатқа кенелтіп, өзінің мархаметіне бөлейтіндігі турасында сөз беріп, уәде еткен. Зекет те Алла Тағаланың бұйырған әмірлерінің біреуі,сондықтан орындаушысы уәде етілген сый-сыяпатқа кенеліп, Алланың ризашылығына кенелері сөзсіз. Сонымен қатар 3екет – Тәубе сүресінің 103-аятында білдірілгендей күнәлардың кешірілуіне

себеп. «Олардың малдарын көбейт және өздері күнәлардан тазалануы үшін мұсылмандардың малдарынан садақа ал».

  • 2. Жалпы адам баласының бойында дүние-мүлік, байлыққа деген қомағайлық пен қанағатсыздық және байлығымен басқаларға тәкаппарлану, паңдану сияқты

жаман сипаттар бар.

  • 3. Зекет ғибадаты адамды осы өзімшілдік, сараңдық, дүниеқорлық,тәкаппарлық сияқты жиіркенішті қылықтардан сақтап, кішіпейілдік, жомарттық және кеңпейілдік сияқты жақсы сипаттарға тәрбиелейді, баулиды. Табысының бір бөлігін тек қана Алла ризалығы үшін пақыр отандастары мен діндестеріне тегін беретіндей көңілге ие болған мұсылман баласы әрқашан елін, халқын, отанын ойлайтын азаматқа айналары сөзсіз. 3екет – қоғамдағы бай мен кедейдің арасындағы байланысты жақсартып, бауырмалдыққа тәрбиелейді. Бай кедейлерге мейірімділікпен қарап, байлығының белгілі бір бөлігін оларға тегін бергендіктен,кедей де оларға құрметпен қарап, олардың байлығы мен дүние-мүліктеріне сұқ көзбен қарап, қызғаныш, қастандық ойламайды. Осылайша қоғам бақытты, сенімді ғұмыр кешеді.
  • 4. 3екет – қоғамдағы кедей-кепшіктердің орташа өмір сүрулеріне ықпал жасап, мемлекетті әлсіздіктен сақтайды.
  • 5. 3екет – капиталдың тек қана байлардың арасында айналып тұратын күш болуына бөгет жасайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.)«Зекет – Исламның көпірі» – деп (әудем.) өмірдегі табиғи түрде бай, кедей деп бөлінудің 3екет арқылы бір дастарқан басына жиналатындығын ишарат еткен. Өйткені 3екет – бай мен кедейді жақындастыратын маңызды ғибадат. Ислам діні «Мен тоқ болайын, басқасы аштықтан өлсе әлсін» немесе «Сен әурешілік ішінде күн кеш, мен нығметтер мен ләззаттар ішінде рақаттанайын, сен жұмыс істе, мен жейін, сенен жұмыс, менен жеу» – деген сияқты тек қана қара басын ойлайтын өзімшілдік түсініктерге қарсы шығу арқылы қоғамның байлары мен кедейлері арасында от тұтанатын болымсыздықтарға іс насырға шаппас бұрын бөгет жасайды. 3екет – кірістің таратылуындағы теңсіздікті жоқ қылып, әділеттікті орнататын, байларға жүктелген сауабы мол маңызды ғибадат. Қысқасы, 3екет – хадисте айтылғандай байдың мейірімділік жағалауы мен кедейдің құрмет жағалауын жалғайтын илаһи көпір.
  • 6. 3екет ғибадаты – Алла Тағаланың берген байлық нығметіне шүкір болып саналады.3екет беруші мұсылман әрқашан қолындағы байлықтың Алла Тағала тарапынан берілген жақсылық екенін түсініп, өзінен де зерек, қабілетті, денсаулығы мықты талай адамдардың бұл нығметтен мақрұм екенін түсініп, сол нығметтерді өзіне нәсіп еткен Алла Тағалаға шүкір етуі керек. Әр нығмет өзіне сай шүкір талап етеді. Ілімнің шүкірі – оны басқаға үйретумен,дене мүшеміздің шүкірі – ораза ұстап, намаз оқу тәрізді ғибадаттармен орындалатыны сияқты, байлық нығметінің де шүкірі мұқтаждарға көмектесіп, зекет беру арқылы жүзеге асады. Яғни, байлық нығметінің шүкірі ауызбен айтылатын «Аллаға шүкір» деген сөзбен ғана шектелмейді.
  • 7. 3екет пәле-жаладан, апаттан, ауру-сырқаудан сақтап, байлықтың құрып кетуіне тосқауыл жасайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Малдарыңды зекет беру арқылы қорғаңдар, ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер, бастарыңа келетін пәлелерге тілейтін дұғаларыңмен дайындалыңдар» – деп түсіндіреді.
  • 8. 3екет – қоғамдағы ұрлық-қарлық, алдап-сулау, адам тонау, кісі өлтіру сияқты жаман әдеттердің кеңінен жайылуына бөгет қояды. Мұқтаж адамдардың өмір сүрулеріне керекті деп табылатын аса қажеттері зекет сияқты заңды жолмен қамтамасыз етілгендіктен, қоғамдағы аталмыш болымсыз көріністер өздігінен тоқтайды.
  • 9. Қоғам барлық мүшесімен бүтін саналады. Әркім өзіне кіріс кіргізу барысында қоғамның басқа мүшелерінен тікелей немесе жанама түрде пайдаланады. Белгілі бір қоғамда емес, жапан далада жеке басы өмір сүргенде қолындағы байлығы пайда болар ма еді? Сондықтан байдың байлығында

кедейдің де есесі бар екенін ұмытпаған жөн. Беретін зекет – қоғамға деген рахмет пен сол байлық нығметін нәсіп еткен Ұлы Жаратушыға шүкір етудің белгісі.

  • 10. Шайтан адамды «3екет берсең, аш-жалаңаш, кедей болып қаласың» – деп қорқытып, азғырып-пысқырады. Шындығында 3екет малдың азаюына емес, көбейіп,

өсіп-өнуіне себеп. Құранда бұл шындық былай баяндалады: «Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытады да арсыздықты әмір етеді. Ал Алла Тағала сендерге өз қасынан жарылқауды, кеңшілікті уәде етеді. Алла аса кең, толық білуші» («Бақара»,268-аят), «Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әрі Алла барлық қарсы келуші күнәһарды жақсы көрмейді» («Бақара»,276-аят). Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде берілген садақаның байлықты азайтпайтынын айтады: «Садақа малдан ештеңе азайтпайды» (Муслим, Бирр, 69).

  • 11. 3екет берген адамның жүрегін, ішкі сезімін керемет қуаныш билеп, ерекше ләззат кұшағына кіргендей күй кешіп, өмірдің қысымынан, дүние - мүліктің ауыртпалығынан, жүректің қаттылығынан шығады.3екет мұсылмандарды жалқаулыққа, масылдыққа, жатып ішерлікке тәрбиелеп дағдыландырмайды. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Берген қол – алған қолдан қайырлы» - деп мұсылмандарды әрқашан тер төгіп, еңбек етуге шақырады.

Зекет ғибадатының үкімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

3екет ғибадаты Ислам дініндегі негізгі бес ғибадаттық ішінен орын теуіп, һижраның екінші жылы Рамазан оразасынан кейін Шәууәл айында парыз болды.

Парыздығының дәлелдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

(Құран Кәрім,Сүннет, Ижмағ).

1. Құран Кәрім «Намаз оқыңдар, Зекет беріңдер...» («Бақара», 34; 83-аяттар.)«(Мұхаммед Ғ.С.) олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің. Оларға дұға қыл.Өйткені, сенің дұғаң олар үшін бір тоқтау.Алла толық естуші, аса білуші» («Тәубе»,ЮЗ-аят) «Шын мәнінде садақалар (зекеттер), Алла тарапынан бір парыз: Қолы тар пақырларға, түгі жоқ міскіндерге,жаңа мұсылмандарға, құлды азат етуге,борыштыларға, Алла жолына және жолда қалғандарға беріледі. Алла әр нәрсені білуші хикмет иесі» («Тәубе», 60-аят).

2. Сүннет Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Ислам діні бес негізден тұрады: Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммедтің (с.а.у.) Алла тарапынан жіберілген елші екендігіне куәлік келтіру, намаз оқу,зекет беру, рамазан оразасын ұстау, шамасы келсе қажылыққа бару» (Тирмизи, Иман 36;Бухари, Иман 1; Муслим, Иман 217.)

3. Ижмағ Ислам ғұлама, мүштаһиттері 3екет ғибадатының парыздығына бір көзқарас білдірген. Тіпті сахабалар зекетті бермейміз дегендерге қарсы соғыс ашу керек деген пікір айтқан. Кімде-кім зекет ғибадатының парыздығын қабылдамаса, діннен шығады. Ал, парыздығын қабылдап орындамаса, күнәһар болады.3екеттің белгілі-бір адамға парыз болуы үшін төмендегі шарттардың орындалуы тиіс.

Мұсылман болуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Басқа ғибадаттар сияқты зекет ғибадатында да беруші адамның ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен,азат мұсылман болуы шарт. Мұсылман мемлекетінде өмір сүретін басқа дінді ұстанушыларға және балиғат жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс еместерге зекет беру парыз емес.Ханафи мазһабынан тыс басқа мазһабтарда балиғат жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс еместерге де зекет беру парыз. Олардың малдарының зекетін уәлилері береді.

Нисап көлеміне жететін немесе одан көп байлыққа ие болу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

3екеттің парыз болуы үшін күнделікті тіршілікте қолданылатын негізгі қажеттер мен қарыздардан тыс, нисап көлеміне жететін байлыққа ие болуы керек. Нисап дегеніміз – зекетті парыз ететін белгілі байлық мөлшері.3екет берілетін малдардың түрлері мен зекет беруді парыз ететін нисап көлемі:

  • 1. Алтында: жиырма динар, яғни, 85 гр.
  • 2. Күмісте: екі жүз дирһам, яғни, 595 гр.
  • 3. Түйеде: бес.
  • 4. Сиырда: отыз.
  • 5. Қой мен ешкіде: қырық.
  • 6. Сауда заттарында: 85 гр. алтын немесе 595 гр. күмістің құнына тең болса.
  • 7. Ақшада: 85 гр. алтын немесе 595 гр.

күмістің құнына тең болса.

  • 8. Бау-бақша және егіс өнімдері.

Зекетке берілетін малдың өсімділігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

3екет берілетін малға ай санауымен бір жыл толуы керек. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Бір жыл толмай малға зекет берілмейді» (Әбу Дәуд, 3., 5), – дейді. Бір жыл – зекет малдарының көбейіп, өсетін уақыты. Жыл толу мәселесінде Имам Әбу Ханифаның көзқарасына сүйенсек, зекет берілетін малдар екіге бөлінеді,

а) алтын, күміс, барлық ақша түрлері және жылдың көбінде қырда жайылатын малдар мен сауда заттары;

ә) барлық егістік, бау-бақша өнімдері мен қазба байлықтар. Бірінші бөлімдегі зекет малдарының зекеті берілу үшін толық бір жыл толуы шарт, өйткені малдардың төлдеп, сауда заттарының кіріс кіргізетін уақыты кем дегенде бір жыл. Ал екінші бөлімдегі зекет малдарының зекеті берілуі үшін бір жыл толуы шарт емес. Өйткені егіс пен бау-бақшадан бірнеше айда өнім алуға болады. Сол сияқты қазба байлықты бір жылда бірнеше рет алуға болатындықтан,бұларға нисап мөлшері мен бір жыл толу шарты қосылмайды. Ал Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің бұл мәселедегі көзқарасына сүйенсек, шамамен бір тоннаға жетпейтін және қолда бір жыл сақтауға шыдамайтын егіс өнімдері мен жеміс-жидектерден зекет алынбайды.3екет парыз болу үшін, ханафи мазһабында, нисап көлемі жылдың басында әрі жыл- дың аяғында толық болуы шарт.

Мысалға, бір адам негізгі қажеттерінен тыс 100 гр. алтынға ие болса, бір жыл толғаннан кейін 50 гр. азайса, бұл адамға зекет беру парыз емес. Бірақ жылдың ортасында азайып, жылдың аяғында нисап көлеміне қайта жетсе, зекет беріледі. Мысалға, алты айдан кейін 50 гр. азайса,бірақ жылдың аяғында 120 гр. шықса,жылдың басындағы 100 гр-ның немесе жылдың ортасындағы 50 ғр-ның 3-ті берілмей, жылдың аяғындағы 120 гр-ның зекеті беріледі.3екет берілетін байлық, мал-дәулет бір жыл толғаннан кейін көбейіп өссе, көбейген бөлімінің зекеті дәл сол жылы берілмейді.Көбейген бөлімінің зекеті келесі жылы дәл сол уақытта беріледі. Мысалға, бір адамның қолында өткен жылғы Рамазан айының он бесінде 100 мың теңге болса, бұл көлем биылғы жылы Рамазан айының он бесіне дейін 140 мың теңгеге көбейіп, Рамазан айының жиырмасында 160 мыңға жетсе, 140 мың теңгенің ғана зекеті сол жылы беріледі.3екеттің парыз болуы үшін малға бір жыл толуы керек дедік, бірақ пақыр, кедей-кепшіктердің жағдайын ойлап, бір жыл толмай да зекет бере беруге болады.

Бірақ, бір жылда екі рет зекет берілмейді. Қарыздың барлық түрі – зекеттің парыздығына бөгет жасайды. Мысалға, бір адам негізгі қажеттерінен тыс 100 гр. алтынға ие болды делік. Бірақ бұл адамның басқа біреуге 20 гр. көлемінде қарызы болса, бұл адамға зекет парыз емес. Өйткені қарыздан тыс қалған малдың мөлшері нисап көлеміне (85 гр. шамасындағы алтынның құны) жетпейді. Бір жыл немесе бірнеше жыл үшін берілмеген зекет есесі қарыз болып саналады және міндетті түрде өтелуі тиіс. Өтелгеннен кейін қалған ақшаның құны нисап мөлшеріне жетіп жатса ғана, сол жыл үшін зекет беріледі. Қарыз иесі борыштының қарызын кешкен жағдайда, кешірілген қарызды қосқанда барлық ақшасының мөлшері нисап мөлшеріне жетіп жатса, зекет беру – парыз. Қарыз иесі қарызын кешкен күнге бір жыл толғаннан кейін зекет береді.

Құрбандық, пітір-садақа, кәффарат, қажылық сияқты мұсылманның мойнындағы қарыздар Алла мен құлдарының арасында болғандықтан зекеттің нисап мөлшеріне әсерін тигізбейді. Мысалы, белгілі бір адамның байлығы нисап мөлшеріне жетіп тұрса, бірақ мойнында аталмыш қарыздары болса және бұл қарыздарды өтеген жағдайда, қалған ақшасы нисап мөлшеріне жетпей қалса да, зекет беру парыз болып қала береді. 3екет беруші адам зекеті берілетін байлыққа толық ие болуы керек. Басқа біреуге кепілдікке берілген малға зекет берілмейді. Сатып алынып, әлі қолына тие қоймаған малға зекет беріледі. Жоғалып, қайта табылған малға жоғалған жылдары үшін зекет берілмейді.

Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) хадисінде былай деген:

«Димар малға зекет берілмейді».

Димар мал – иелігінде бола тұра, қайта қайтып, қолына тиюі үміт етілмеген мал, яғни, иелігінде бола тұра, қолданылуы мүмкін емес мал.== Зекеттің дұрыс орындалуы үшін қойылған шарттар==

  • 1. Ниет. Жалпы ғибадаттар сияқты зекет ғибадатында да ниет ету шарт. 3екетті басқа нәпіл садақалардан ерекшелендіретін де осы ниет екені сөзсіз.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде былай деген: «Барлық амалдар ниетке байланысты»(Муслим, Имара, 155; Бұхари, Бәдул - Уахи,1.). 3. есесін кедейлерге берген уақытта немесе 3екет есесін бөлген уақытта бұның 3екет екенін жүрегімен ниет ету керегі туралы төрт мәзһаб ғалымдары бір көзқараста.Тілмен ниет ету шарт емес. Кедейге 3екет беру ниетімен бір нәрсе берген уақытта көңіліне келмес үшін бұл саған берген сыйлығымыз деп тапсырса 3-тің дұрыстығына еш зиян келтірмейді.Зекет берілген адам да өзіне тапсырылған 3екеттің 3екет екенін біліп-білмеуі маңызды емес. Басқа мұсылмандарға үлгі болу үшін 3екетті жария түрде берген жөн. Бір нәрсені кедейге берген уақытта зекет ниетімен бермей, сосын барып, берілген зат жылдық 3екеттің орнына жүре берсін деп ниет еткен жағдайда, берген нәрсесі әлі жұмсалмай кедейдің қолында болса,зекет ретінде қабылданады. Ал егер жұмсалып кетсе қайта 3екет беруіне тура келеді. Бір адам зекет есесін бөліп койғаннан кейін жоғалып, ұрланып немесе басқа бір жағдаймен жойылып кетсе, 3екет парызы мойнынан түспейді. Өйткені 3екет есесі – кедейлерге иелендіру арқылы берілген жағдайда ғана зекет ретінде қабылданады.

Бір адам 3екетті ниет етпей анда-санда кедейлерге бір нәрселер беріп тұрса,зекет парызы мойнынан түспейді.3екет тек қана Аллаһ ризашылығы үшін берілуі тиіс.Зекетті адамдарға көрсету үшін немесе мақтану үшін беруге болмайды. Берген 3екетін міндетсініп, паңданатындардың 3екеті Аллаһтың алдында қабыл болмайды. «Ей, иман еткендері Аллаһқа және ақырет күніне сенбестен, тек қана адамдарға(мақтанып), көрсету үшін мал жұмсаған адамдарға ұқсап, берген садақаларыңды (берілген адамға) міндетсініп, ренжіту арқылы бұзбаңдар, Оның (берген садакасын міндетсініп, берген адамдарды ренжіткендерің) мысалы, үстінде топырағы бар тайғанақ тас сияқты, оған нөсер жауа қалса(топырағын шайып), құр тас күйінде қалдырады. Мұндай адамдар істеген ешбір істерінің сауабы мен карымын ала алмайды.Аллаһ қарсы келген елді тура жолға салмайды».(«Бақара», 264-аят).

Зекет ғибадатының дұрыс болуының тағы бір шарты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

3екет есесін Құранда белгіленген адамдарға иелендіру арқылы беру. Сондықтан дастарқан жайып, кедейлерге тамақ беру зекет емес, жай ғана садақа ретінде есептеледі. Өйткені, тамақтандыру кедейлердің тамақ жеулеріне рұқсат қана болып, иелендіру деп есептелмейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Маған зекет бер» – деген адамға былай жауап берген: «Ұлы Алла зекеттің берілетін орындары жайында пайғамбарының да, басқаның да үкіміне разы болмай, өзі берді. Оны сегіз топқа бөлді. Егер сол сегіз топтың ішінде болсаң, саған есеңді берейін» (ӘбуДәуд,3.,24.).3екеттің берілетін орындарын Алла Тағала «Тәубе» сүресінің алпысыншы аятында тағайындап, білдіреді: «Шын мәнінде садақалар (зекеттер) кедей-кепшіктерге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті жинауға тағайындалған адамдарға, көңілдері жібітілуі мақсат етілгендерге (жаңа мұсылмандарға),құлдарды азат етуге, қарызға батқандарға, Алла жолына және қиналған жолаушыларға берілуі Алла тарапынан парыз етілді» («Тәубә», 60-аят).

Бұл аятта айтылған сегіз топты былай түсіндіруге болады:

  • 1 – 2 . Пақырлар мен міскіндер. Пақыр деп – нисап мөлшеріне жететін байлығы жоқ адамдарға, міскін деп – түгі жоқ адамдарға айтылады.
  • 3. 3екет жинауға тағайындалған арнайы адамдар. Зекеттің жиналуы, сақталуы, есептелуі, лайық адамдарға таратылып, тапсырылуы сияқты жұмыстар үшін мемлекет тарапынан тағайындалған адамдар.
  • 4. Муәллафатул-қулууб. Мұсылман болу бақытына әлі кенелмеген кейбір адамдардың жаманшылығынан сақтану үшін және ислам дінін жаңадан қабылдаған иманы әлсіз адамдардың, тіпті әлі исламды қабылдамаған кейбір адамдардың көңілін жібіту үшін пайғамбарымыз (с.а.у.) кедей болсын,

ауқатты болсын, оларға зекеттен белгілі есе беріп отырған. Міне, осы аталмыш үш топ Құранда айтылып, зекеттен белгілі бір есе тағайындалған «муалләфатул-қулууб» тобына жатады.Бірақ Хазреті Омар дәуірінде бұл топқа берілетін зекет есесі тоқтатылған. Себебі, ислам діні қанатын кең жайғаннан кейін бұлардың көңілін исламға жібітіп, жаманшылықтарынан сақтанудың қажеті аз болды. Бірақ кейбір ғалымдардың фәтуасына сүйенсек, қажет болған жағдайда, қайтадан бұл топқа зекет беруге болады.

  • 5. Құлдар. Қожайынынан азат болу үшін белгілі ақшаға келіскен құлдарға зекет беріледі. Бұл ислам дінінің құлдарды азат ету жолында жұмсаған еңбектерінің бір көрінісі.
  • 6. Қарызға батқандар. Қарызынан тыс, нисап мөлшеріндегі малға ие болмаған немесе басқасында алатын қарызы болып, қайтарып алуы мүмкін болмағандар қарызды адамдардың тобына жатады. Пақырға зекет бергеннен гөрі қарызының салдарынан қиыншылық көріп жатқан адамдарға зекет беру – абзал. Өйткені қарызынан құтылу – қарызды үшін басты міндет.
  • 7. Алла жолында ілім іздегендер. Бұл топқа Алла ризалығы үшін ілім іздеушілер, Алла Тағаланың дінін қорғау және жастарымызды имандылық,

адалдық, адамгершілік, әділдік сияқты жақсы сипаттарға тәрбиелеу үшін жалпы қоғамымызға пайдалы болып шешілетін қайырлы істер үшін бар күштерін салып, еңбек етушілер кіреді.

  • 8. Қаржылары бітіп, жолда қалғандар. Негізгі тұратын жерлерінде ақшалары бар, яғни бай болса да бұларға зекет беріледі(қажылар, ілім ізденушілер т.б. сияқты). Ханафи мазһабы ғалымдарының көбісінің пікіріне сүйенсек, зекеттің есесін сегіз топтың барлығына бірден беру шарт емес. Яғни, осы сегіз топтың біреуіне ғана берілсе де,зекет ғибадаты орындалады. Ханафи және Шафиғи мәзһабында бір адам зекетін толық немесе бірнеше адам зекеттерін жинап бір пақырға, яки міскінге берулеріне болады. Бірақ бір адамға нисап мөлшерінде немесе нисап мөлшерінен артық беру – мәкрүһ.
  • Егер зекет есесі бірнеше адамға бөлініп берілген жағдайда өте аз болып, берілген адамдардың ешқайсысының қанжығасына пайдалы болып байланбаса біреуіне ғана берген жөн. Әйелдің нәпақасын қамтамасыз ету күйеуінің міндеті болғандықтан, күйеуі пақыр әйеліне малының зекетін беруге болмайды.Имам Әбу Ханифа хазіреттің пікіріне сүйенсек, бай әйел малының зекетін мұқтаж күйеуіне беруге болмайды. Ал Имам Әбу Юсуф және Имам Мұхаммедтің пікіріне сүйенсек, беруіне болады. Қайын ата және қайын ене – күйеу балаларын, күйеу балалары – қайын аталары мен қайын енелеріне малдарының зекеттерін берулеріне болады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім
  2. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,2010 ISBN 9965-26-322-1