Иероглиф
Иероглиф (гр. hierоs – қасиеттi + гр. glyphe – қиылып алынған) — идеографиялық жазудың таңбасы.[1] “Иероглиф” деген терминді бірінші рет Климент Александрийский 200 жылы Мысыр жазуына қатысты қолданған. Ең көне Мысыр иероглифі б.з.б. 4-мыңжылдықта пайда болған. Иероглиф тек көне Мысыр жазуы деген мәнде ғана емес, басқа жазулар жүйесіне (қытай, крит, т.б.) қатысты да қолданылады. Иероглиф деп лотографиялық (бір сөз) мәндегі, аз да болса сурет сипатын сақтаған жазу таңбалары аталады. Ол пиктографияға (сурет жазуына) да, дыбыстық жазуға да жатпайды, бірақ ол нағыз сурет бейнесін сақтамағанымен, алғашқы суретке ұқсастығы аңғарылады. Иероглиф жазуының әр таңбасы жеке тұрады, таңбалар бір-бірімен қосылмайды. Иероглиф жазуы жоғарыдан төмен, кейін оңнан солға, кейде керісінше ойылып жазылған. Жазудың бағытын таңбадағы адамның, жануардың беті мен аяғы көрсететін болған. Адамның, жануардың беті қарап тұрған жақтан бастап оқу керек екені байқатылған. Иероглиф жазуының екі түрі болған:
- иератик (гиератик) жазу – папирусқа жазудан пайда болған жазу үлгісі, бұл кейін тек діни жазуға айналған;
- демотик жазу – иератиктен дамыған тез жазу, мұнымен іс қағаздары, көркем шығармалар жазылған, ертеде шыққан кітаптар көшірілген, сондықтан да ол халықтық жазу деп аталған.[2]
Иероглиф деп оқылуы да, жазылуы да қиын жазулар аталған. Иероглифтің таңбалары ретiнде заттың, жануарлардың, өciмдiктiң, құстың, т.б. суреттерi қолданылған. Мысалы, Мысыр иероглиф жазуларында сурет формасы, ал Қытай иероглиф жазуларында пиктографиялық ерекшелiк басым.[3][4]
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Кірме иероглиф - әуелде белгілі бір сөздерді жазуға арналған әртүрлі құрылымды белгілер, кейін басқа сөздерді жазу үшін қолданылған (басқа мағыналы).
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |