Мазмұнға өту

DART

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
DART

Ұйымы  АҚШ, НАСА
Басты мердігерлері Applied Physics Laboratory, SpaceX
Тапсырысы Планеталық қорғаныс
Ұшыру күн-айы 24.11.2021 ж., 06:21:02 UTC, Ванденберг базасы
Сөре көлігі Falcon 9 зымыран-тасығышы
Тапсырыс ұзақтығы 10 ай және 1 күн
Массасы 610 кг (+ LICIACube: 14 кг)
Қуаты 6,6 кВт

DART (Double Asteroid Redirection Test) — астероидтардың қозғалысын зерттеуге арналған ғарыш кемесі.

(65803) Дидимос астероидын айналып ұшатын кішігірім Диморфос астероидына жоспарлы түрде соқтығысу нәтижесінде олардың траекторияларын өзгертуге бағытталған миссия болып келеді.

Яғни ғарыш техникасын Жерге жақын ұшқан аспан денелеріне қарсы пайдалану қаншалықты тиімді болатынын анықтауға көмектесетін тәжірибе ретінде қарастыруға болады.

Аппарат ғарышқа 2021 жылдың қарашасында ұшырылды.[1]

Диморфос астероидымен соқтығысу 2022 жылдың 26 қыркүйегінде орын алды.[2]

Аппараттың биіктігі 2,6 м, ұзындығы 1,9 м, ені 1,8 м.

Екі жағынан күн батареялары бекітілген. Жазылған жағдайда әрқайсысының ұзындығы 8,5 м құрайды.

Бортында ғылыми құрылғылары жоқ. Навигациялық құрылғыларды санамағанда, негізгі жабдығы DRACO камерасы болды.

Сондай-ақ DART аппаратына LICIACube (Light Italian CubeSat for Imaging of Asteroids) қосалқы шағын серігі бекітілген болатын. Ол соғылардан 15 күн бұрын бөлініп шығып, екі камерасымен соғылу сәтін түсірді.

Нәтижелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

DART Диморфоспен 2022 жылдың 26 қыркүйегінде гринвичтік уақыт бойынша сағат 23:14-те соқтығысты.

Соқтығысу сәтін миссияның камераларынан басқа Хаббл, Уэбб, Люси телескоптары түсірді.

11 қазанда НАСА миссияның сәтті болғанын растады. Соқтығысқаннан кейін Диморфостың Дидимосты айналу периоды 32 минутқа қысқарғаны белгілі болды. Бұл ғарыштағы аспан денесінің қозғалысына адамзаттың әсер еткен алғашқы жағдайы болған екен.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: DART

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]