Комета
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/df/Comet-Hale-Bopp-29-03-1997_hires_adj.jpg/200px-Comet-Hale-Bopp-29-03-1997_hires_adj.jpg)
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/ba/Comet_Hale-Bopp_1995O1.jpg/200px-Comet_Hale-Bopp_1995O1.jpg)
Комета (гр. kometes – құйрықты жұлдыз, дәл мағынасы ұзыншашты), яғни ірі құйрықты жұлдыздың Күнге қарама-қарсы жаққа шұбатылған бір немесе бірнеше жарқыраған құйрықтары болады.
Жалпы мәліметтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e6/Comet_Hartley_2.jpg/150px-Comet_Hartley_2.jpg)
Құйрықты жұлдыз, комета – Күн жүйесінің кіші денесі;аспанда оқтатекте тұманданған нысан түрінде байқалып,жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, центрінде ядросы аспан денесі. Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі.(Мұз,метан және будан) Күнге жақындаған кезде буланып кетеді. Қазіргі таңда 400-ге жуық қысқакезеңді кометалар анықталған. Олардың 200-ге жуығы бір үлкен өлшемде байқалған.Олар үлкен тұқымдас қауымды құрайды.Мысалы: көбінесі қысқакезеңді комета (олардың Күнді айналуы 3-10 жылға созылады)Юпитер тұқымдасынан құралады. Бұған Сатурн, Уран және Нептун (соңғысына әйгілі Галлея кометасы жатады) да әсерін тигізеді.Құйрықты жұлдыздардың эволюциясына Күн жүйесіндегі үлкен планеталар, негізінен, Юпитер көп әсерін тигізеді. Құйрықты жұлдыздың пішініне және ондағы өтетін процестердің қалыптасуына Күннің корпускулалық сәуле шығаруы – Күн желінің ықпалы да өте үлкен. Күн жүйесіндегі құйрықты жұлдыздардың саны орасан көп: кейбір мәліметтер бойынша олар жүздеген миллиардқа жетеді. Ядросының массасы 1011–1015 кг шамалас, ал оның басының өлшемі 103 – 106 км аралығында; құйрығының ұзындығы жүздеген млн км-ге жетуі мүмкін Күннен алыс жерде құйрықты жұлдыз – қатты дене. Күнге жақын келгенде Жерден телескоп арқылы, кейде көзбен көруге болады. Күннен қашықтаған сайын құйрықты жұлдыздың жалтырауы кеми береді. Көзбен көруге болатын кометаларды «үлкен кометалар» деп атайды.
Номенклатура
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өткен ғасырда кометалардың атау ережесін бірнеше рет өзертіп, анықтаған. XX ғасырға дейін оларды тапқан жылына байланысты атаған,кейде табылу жылы мен маусымына да байланысты атаған.Өйткені ,ол жылы кометалар саны бірнеше болған жағдайға байланысты. Мысалы: «Үлкен комета 1680 жылғы» ,«Үлкен 1882 жылдың қыркүйегіндегі комета» , 1910 жылғы күндізгі комета», «1910 жылғы қаңтардағы үлкен комета» Галлей 1531, 1607 және 1682 жылғы кометалардың бір екендігін және ол 1759 жылы қайта оралатынын дәлелдегеннен кейін ол комета Галлей кометасы деп аталады. Халықаралық келісім бойынша құйрықты жұлдыздар оны алғаш ашқан адамның атымен белгіленеді (мысалы, Эдмунд Галлей, Иоганн Энке-Оскар Баклунда т.б) XX ғасырдың басында кометалардың ашылуы жекеменшік құбылыс бола бастаған кезде, келісім бойынша үш тәуелсіз бақылаушы болған кезде аты берілетін болды.Бұл әлі күнге дейін жалғасуда. Қазіргі таңда оларды бірнеше ғалымдар құрамымен көптеген құралдармен анықтай бастаған. Бұл жағдайда оларға құралдардың атауы беріле бастады. Мысалы: комета C/1983 H1 (IRAS — Араки — Олкока) IRAS спутнигімен ашылды және астрономияны зерттеуші Гэнъити-Араки (жапон. Genichi Araki) және Джордж Олкокпен (ағылш. George Alcock. ) арқылы.Бұрында егер бірнеше астрономдар кометаны тауып алса , олардың атына номерлер тіркескен. Мысалы Шумейкеров –Леви1-9 Қазір көптеген құралдардың арқасында кометалар ашылу қатары көбейген және бұл жүйе жарамсыз болып қалды.Бұның орнына кометаларды белгілеудің арнайы жүйесі құрылды.
1994 жылға шейін ашылған кометаларға уақытша белгілер беріледі, олардың ашылу жылына байланысты және латын әріптерімен белгіленген.(Мысалы: 1969і кометасы, 1969 жылы ашылған тоғызыншы комета болатын)Содан кейін оған зерттеу жүргізіліп,оның орбитасын (планеталық жолын) анықтағаннан кейін рим цифры мен зерттеліп, анықталған уақытын жазған. Мысалы 1969 і кометасын 1970 жылы зерттеуден өткен, анықталған 1970 ІІ комета деген ат берілген. (бұл 1970 жылы зерттелген екінші комета дегенді білдіреді) Кометалардың ашылуының көптігіне байланысты бұл жүйе өте қолайсыз болды.1994 жылы Халықаралық астрономиялық бірлестік кометалардың басқаша жаңадан белгілеу жүйесін қолдады. Қазір кометалардың атауына ашылған жылы, әріп- ашылған айдың белгісін білдірсе және номері күнін белгілейді. Бұл жүйе кіші планеталар астериодтар секілді белгіленетін болды Сол себепті 2006 жылдың ақпан айының екінші жартысында ашылған төртінші комета 2006 D4 деп аталады. Кометаларды белгілер алдында кометаның табиғатын көрсететін перефикс қойылады. Мынандай перефикстер койылады: P\- қысқакезеңді комета (бұл 200 жылдан кезеңнен аз комета немесе екі және оданда көп зерттеуден өткен комета)
C\- ұзақкезеңді комета
X\- планеталық жолын анықтай алмаған комета
D\- бұзылған не жоғалған кометалар
A\- комета екен деп қателесіп санаған басқа объект ,шын мәніндегі астероидтер
Мысалы : Хейл–Бопп кометасы С/1995 О1-деп белгіленеді. Көбінесе кометалардың екінші айналу кезеңінде реттік номерін береді. Мәселен, Галлей кометасы ең алғаш рет 1682 жылы анықталған. Оны сол кезеңнен жаңа жүйе бойынша 1P\1962Q1- деп белгілейді.Астероид деп алғашында анықталған кометалар олар әріптік белгіні сақтаған .Мысалы: P/2004 EW38 (Catalina-LINEAR). Осындай Күн жүйесінде астероид тізіміне де комета тізіміне де енетін бес дене бар.Олар: 2060 Хирон (95P/Хирон), 4015 Уилсон-Харрингтон (107P/Уилсона — Харрингтона), 7968 Эльст-Писарро (133P/Эльста — Писарро), 60558 Эхекл (174P/Эхекл) и 118401 LINEAR (176P/LINEAR).
Кометалар құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/ab/Cometorbit-ru.png/300px-Cometorbit-ru.png)
Құйрықты жұлдыздар Күн айналасында эллипстік орбита бойымен қозғалады. Кометалар ортасында ядросы бар жан-жағы тұманды қабықшадан тұрады. жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, центрінде ядросы аспан денесі. . Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі.(Мұз,метан және будан) Күнге жақындағанда жарық кометаның «құйрығы» сызығы пайда болады. Құйрықты жұлдыздың пішініне және ондағы өтетін процестердің қалыптасуына Күннің корпускулалық сәуле шығаруы – Күн желінің ықпалы да өте үлкен.
Кометанаң құрығы формасы мен ұзындығына байланысты ажыратылады. Кеәбіреуінде бүкіл аспан кеңістігінде созылып жатады. Мысалы 1944 жылы анықталған кометаның құйрығы 20 млн.км. ұзындықта болған. Сондай-ақ кометадан құйрықтың бөліну жағдайлары да тіркелген. (C/2007 N3 (Лулинь)).
Кометаның құйрығы белгілі бір сызбаны көрсетпейді, олар мөлдір оның ішінен жұлдыздарды да көруге болады өйткені, олар сиретілген заттан құралған (оның тығыздығы оттықтың шығарылған газынан да төмен) Оның құрамы әртүрлі : газ немесе ұсақ тозаңдар немесе екуінің де қоспасынан тұрады. Көбінің құрамы Күн жүйесіндегі астероид материалдарының құрамына ұқсас. Ол 81P/Вильда кометасын «Стардаст» ғарыштық аппаратпен зеттегенде анықталды. Бұл негізінде « көрінетін бірдеме»: адам кометаның құйрығын газ бен тозаңның жарқырағанынан ғана көре алады. Күннің иондалған ультракүлгін сәулесі арқылы газ жарқырайды, ал тозаң күн сәулесін шашылуынан байқалады. Феодор Бредихин құйрықты жұлдыз пішіндерінің механикалық теориясын жасады.
Кометаның құйрығымен пішінін (формасын) ХІХ ғасырда (1831-1904 жылы) орыс астрономы Федор Бредихин құйрықты жұлдыз пішіндерінің механикалық теориясын жасады. Бредихинге жаңа замандағы астрономиядағы құйрықты жұлдыздардың классификациясы да тиесілі. Бредихин кометалардың құйрығын негізгі үш топқа бөлді: Күннен түзу бағытталған түзу және қысаң, Күннен тысқары кең және қисайған, Күннің ортасынан алыстау қысқалар деп бөлген. Астрономдар кометалардың құйрығының әртүрлі пішінін келесі түрде былай деп түсіндіреді. Кометалардың құрылған бөлшектері бірдей болмауына байланысты күн сәулесіне жарқырауы да әртүрлі . Сол себепті олардың жолы кеңістікте бөлінеді, ал ғарыштағы саяхатшы кометалардың құйрығы әртүрлі пішінде өзгеріп отырады.
Кометалар жақыннан
[өңдеу | қайнарын өңдеу]![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/0f/Tempel_1_%28PIA02127%29.jpg/200px-Tempel_1_%28PIA02127%29.jpg)
Комета дегеніміз не? Олар туралы астрономдар қажырлы еңбектері арқылы 1986 жылы Галлея кометасына ғарыштық аппарат в «Вега-1» және «Вега-2» және европалық «Джотто» арқылы «сапар» шегуінің арқасында анықтады.Осы аппараттарға орнатылған көптеген құралдар арқасында Жерге комета ядросының суретін, оның құрамы туралы мәліметтер жіберілді. Сөйтсе, Галлея кометасының ядросының құрамы кәдімгі мұздан және тозаң бөлшектерінен құралған екен .Мұз бен тозаң кометаның қабықшасын құрайды, ал Күнге жақындаған кезде- күн сәулесінің қысымымен буланып құйрық пайда болуы сондықтан.
Галлея кометасының ядросының өлшемі , ғалымдардың анықтауы бойынша бірнеше километрге жетеді:ұзындығы-14, 7,5-кеңдігі
Галлея кометасының ядросы дұрыс емес пішінді және өз білігінде айналады,оны неміс астрономы Фридрих Бессель (1974-1846) жылы жорамалдаған және кoмета орбитасының бетіне перпендикуляр. Айналу кезеңі 53 сағатқа тең және бұны астрономдардың анықтауы мен келісімімен зерттелген.
2005 жылы НАСА-ның ғарыштық аппараты «Дип Импакт» Темпель 1 кометасына зонт тастап, Жерге оның бетіндегі суретін жіберген.
Құйрықты жұлдыздар (кометалар) мен Жер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/3/36/Tapestry_of_bayeux10.jpg)
Кометаның массалық салмағы түкке тұрғысыз–Жер салмағына қарағанда миллиард есе кем . ал құйрығындағы зат тығыздығы нөлге тең. Сондықтан «жер қонақтары» Күн жүйесіндегі планеталарға ешқандай әсері жоқ. Мысалы 1910 жылы мамыр айында Жер Галлея кометасының құйрығының ішінен өткенде Жер қозғалысына ешқандай әсері болмаған.
Басқа жағынан қарағанда, үлкен кометалардың басқа планеталармен соқтығысы үлкен көлемде атмосфераға және планетаның магнитосферасына залалын келтіреді. Ондай соқтығыстарды жақсы және сапалы зерттеген кез Шумейкеров-Леви 9 кометасының Юпитермен 1994 жылы шілде айында соқтығысынан байқалған.
Құйрықты жұлдыздарды ( кометаларды) зерттеушілер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жерге жақындау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кометалар көріну үшін не байқалу үшін Жерге жақын келуі қажет. Мысалы, Галлея кометасы Күн жүйесін әр 76 жыл сайын басып өтетіндіктен жарық болып көрінеді,бірақ 1986 жылы өткенде Жерден алыстау болып қалды. Кометаны анықтап қарау мүмкін болды,бірақ оны елеулі көрініп тұр деп атауға қиын болды. Осы үш шартты қанағаттандырған комета өте үлкен әсер туғызары анық.Бірақ, кейде бұл критерилерді бұзып, кометалар Үлкен бола алады. Мысалы, Хейла-Боппа кометасы үлкен ядросы (диаметрі 40 километр) болып Күннен алыста жарқырап өткен. Хякутакэ кометасы «кішкентай»ғана (2 км) Жерге жақын ұшқандықтан жарқырап көрінген. Сонда да олар 1996-1997 жылдың атақты кометалары атанған.
Үлкен не алып кометалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үлкен не алып кометалар деп-(ағылш. Great comets) Жер бетінен бақылаушыларға үлкен және жарық болып көрінетін кометаларды атайды. Орта есеппен Үлкен комета онжылдықта бір пайда болып, көрінеді. Кометаның «Үлкен» болуын болжау қиын өйткені, оның үлкен және жарық болуына әртүрлі факторлардың кері әсері тигізуі мүмкін.Егер де Күнге жақын келсе, жерден бақылаушыға Күн кедергі болмаса, кометаның ядросы белсенді болса оның үлкен комета аталуына мүмкіндік бар.
Көбінесе кометаларды алғаш ашқан адамның аты беріледі. Үлкен кометаларды бақылап,зерттеген жылдың атауын береді,мысалы (1811 жылғы Үлкен комета).
Үлкен кометаның анықтамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ресми түрде үлкен кометалардың анықтамасы жоқ. Егер комета қажетті түрде астрономиямен қызығатын адамдар байқайтындай жарық болса және астрономиялық қауымдастыққа кеңінен белгілі болса онда ол-Үлкен комета деп аталады. Көпшілік адамдар үшін әдемі қызықтыратын, көз тартымды құбылыс болып саналады.
«Атақтылық» факторлары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көптеген кометалар қаруланбаған көзбен қарағанда қажетті мөлшерде жарық болмауынан байқалмайды. Әдетте,олар Күн жүйесінің ішкі жағында жол салып жатады, бірақ оларды астрономдардан басқа ешкім көрмейді. Кейде бұл статистикада да бұзылады, оған себеп үш фактор бар.
Ядро көлемі мен белсенділігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кометаның ядросы көлемі бірнеше жүз метрден бірнеше километрге дейін өзгеріп отырады. Күнге жақындаған кезде ядро қызады да сыртқа газ бен тозаң массасы шығады.Сол себепті кометаның жарықтығын анықтайтын фактор яросының үлкендігі мен белсенділігіне байланысты. Күнге жақындау циклының көптігіне байланысты кометалар алғаш Күнге жақындағаннан өзгеше күңгірт ,көмескі болу себебі.Сондықтан да Үлкен кометалардың өздері ұзақкезеңді болмауының себебі осы.
Перигелия кезінде Күнге жақындауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жай дененің жарықтығы -күн көзінің (Күн) кері арақашығының пропорционалды квадратына тең. Кометалар өзін қиын жүреді-Олардың жарқырауы көп түрде жинақталған газ яросының жылтырауына байланысты. Комета үшін жарық кері пропорцианальды үш дәрежелі Күн арақашықтығына тең.
Көп кометалар үшін перигелия нүктесі Жер орбитасынан тысқары жатыр. Комета–Күнге жақындауы 0,5 есе аз болғанда Үлкен атануына мүмкіндік бар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|