Диморфос
2022 жылы DART түсірген фото | |
Ашылу деректері | |
---|---|
Ашылған күні: | 20.11.2003 |
Баламалы атаулары: | S/2003 (65803) 1, "Didymoon" |
Санаты: | Астероид серігі |
Орбиталық сипаттамасы | |
Дәуірі 26.09.2022 | |
Үлкен жарты осі: | 1,206 ± 0,035 а. б. |
Орбитамен айналу: | 11,93 ± 0,01 сағат |
Орбитаның қиғаштығы: | 169,3° |
Физикалық сипаттамалары | |
Диаметрі: | 170 ± 30 метр |
Массасы: | 1,33⋅109 кг |
Тығыздығы: | 2,4 г/см³ |
Альбедо: | 0,15 ± 0,02 |
Абс. жұлд. шама: | 21,3 ± 0,2 |
Диморфос — Жер және Марс орбиталарын кесіп өтетін (65803) Дидимос астероидының серігі.
Оны 2003 жылы 20 қарашада Ондржейов обсерваториясында Петр Правец ашты.
Өлшемдері: 177 × 174 × 116 метр.
2020 жылы астероидқа Диморфос деген атау берілді, бұл грек тілінен «екі түрлі пішіні бар» дегенді білдіреді. Ондай атау астероидқа DART миссиясын жіберуімен байланысты.
Зерттелуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2021 жылдың қарашасында НАСА астероидқа DART (Double Asteroid Redirection Test) миссиясын жіберді. Бағдарлама бойынша ғарыш кемесі Диморфосқа жоспарлы түрде соғылып, нәтижесінде траекториясын қалай өзгерткенін анықтауы керек еді. Астероидпен соқтығысу 2022 жылдың қыркүйегінде орын алды.
2024 жылдың соңында Еуропалық ғарыш агенттігі осы соғылыстан кейін астероидтың қандай жағдайда болғанын зерттеу үшін Гера ғарыш кемесін ұшыруға ниетті.
-
DART тракеториясы күлгін түспен, Диморфостікі сарымен белгіленген
-
Диморфос беті — DART соғылуынан 2 секунд бұрын