Мазмұнға өту

Эму

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Эму
Қазбалық ауқымы: Paleocene–present

Paleocene – present

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Түйеқұстәрізділер (немесе Казуартәрізділер)
Тұқымдасы: Casuariidae
Тегі: Dromaius
Түрі: D. novaehollandiae
Екі-есімді атауы
Dromaius novaehollandiae
(Latham, 1790)
Эму ареалы қызыл түспен көрсетілген.
Эму ареалы қызыл түспен көрсетілген.
Түршелері

D. novaehollandiae novaehollandiae (Latham, 1790)[1]
D. novaehollandiae woodwardi (Mathews, 1912) (disputed)[2]
D. novaehollandiae rothschildi (Mathews, 1912) (disputed),[2]
D. novaehollandiae diemenensis (Le Souef, 1907)[1]

Синонимдері

Dromiceius novaehollandiae

egg of Dromaius novaehollandiae

Эму (лат. Dromaius novaehollandiae) – қазуартәрізділер отрядына жататын, ұшпайтын құстар. Австралияның далалы және бұталы шөлді жерлерін мекендейді. Биіктігі 1,8 м-дей, салм. 40 – 55 кг. Реңі ашық қоңыр, қара сұр түсті. Қауырсындары денесін біркелкі жапқан, бағыттаушы қауырсындары, құйымшақ безі жоқ. Тұмсығы тігінен жалпақ. Аяғы ұзын, үш саусақты, тырнақтарының ұзындығы бірдей. Қаңқасында бұғана сүйектің қалдығы сақталған. Кеңірдегінде дәнекер тінді өсінді болады, ол әлсін-әлсін ауаға толып, дыбыс күшейткіш қызметін атқарады. Етті қарнының бұлшық еті басқа түйеқұстармен салыстырғанда жұқа әрі қысқа. Соқыр ішегі нашар жетілген. Ересектерінде фабриций қапшығы (құстың ішкі секреция безінің қызметін атқаратын бітеу өскін) бар. Көбеюден басқа кезде топ құрып, кейде бірнеше ондаған құс бірігіп тіршілік етеді. Жыныстық жағынан екі жасында жетіледі. Жерге ұялайды, өлшемі 13-9 см болатын, қоңыр жасыл не жасыл сұр түсті 8 – 10 жұмыртқа салады. Оларды аталығы 8 аптадай шайқап, балапанын өргізеді. Балапандарының реңі сұрғылт, қара қоңыр, ұзын жолақты. Негізінен өсімдік жемісімен, тұқымымен, жәндіктермен және ұсақ жануарлармен қоректенеді. Кейде астық дақылдарымен қоректеніп, егістік алқаптарды таптап зиян да келтіреді. Көп ауланады. Қолда жақсы өседі. Кенгуру аралында (Австралияның солтүстік жағалауы) мекендеген үлкендігі ірі дуадақтай бір түрі (Dromaius minor) толықтай жойылған.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Brands, Sheila Systema Naturae 2000 / Classification, Dromaius novaehollandiae. Project: The Taxonomicon (14 тамыз 2008). Тексерілді, 4 ақпан 2009.
  2. a b Names List for Dromaius novaehollandiae (Latham, 1790). Department of the Environment, Water, Heritage and the Arts. Тексерілді, 3 қараша 2008.
  3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том