София

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
София
болг. София
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Болгария

Статусы

Астана

Облыс

София-град

Қауым

Столична

Ішкі бөлінісі

24 аудан

Кмет

Йорданка Фандыкова

Тарихы мен географиясы
Координаттары

42°42′ с. е. 23°20′ ш. б. / 42.700° с. е. 23.333° ш. б. / 42.700; 23.333 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°42′ с. е. 23°20′ ш. б. / 42.700° с. е. 23.333° ш. б. / 42.700; 23.333 (G) (O) (Я)

Алғашқы дерек

Б.з. I ғасыр

Бұрынғы атаулары

Сердика, Средец, Триадица

Жер аумағы

492 км²

Орталығының биiктігі

553 м

Уақыт белдеуі

UTC+2, жазда UTC+3

Тұрғындары
Тұрғыны

1 352 617[1] адам (2018)

Тығыздығы

2577 адам/км²

Этнохороним

софиялық

Ресми тілі

болгар

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

(+359) 2

Пошта индексі

1000

Автомобиль коды

C, CA және CB

sofia.bg  (болг.)

София картада
София
София

София (болг. Со́фия /ˈsɔfija/) — Еуропаның қалаларының бірі, Болгарияның елордасы. Мемлекеттің батыс бөлігінде орналасқан.

Этимология

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Атауы грек тілінде σοφία — «даналық» деген мағынасын білдіреді.

Географияся

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Софияның Көлемі - 1349 км² (520,9 sq mi) Қала 550 метр (1804 ft) теңіз деңгейінен жоғарылауында орналасқан. EET (UTC+2) уақыт белдеуінде орналасқан. Жазғы уақыт (DST) EEST (UTC+3)

Әкімшілік бөлінісуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Софияның қазіргі әкімі - Бойко Борисов. Қала осындай аудандарға бөлінеді: Банкя • Витоша • Връбница • Възраждане • Изгрев • Илинден • Искър • Красна поляна • Красно село • Кремиковци • Лозенец • Люлин • Младост • Надежда • Нови Искър • Оборище • Овча купел • Панчарево • Подуяне • Сердика • Слатина • Средец • Студентски • Триадица

Софияның халық саны 1 900 000 адам шасасында (2008). 2001 жылының мәліметтері бойынша София облысында1 177 577 жан бар. Олардың ішінде 559 229 ерлер (47,5 %), 618 348 әйелдер (52,5 %), немесе 1000 ерлерге 1106 әйел адам бар.

София қаласында 1 094 410 жан бар, оның 518 149 ерлер, 576 261 әйелдер. Халықтың көбі Люлин аудунында тұрады (120 117 адам) , қалғандары Младост (110 877 адам), Подуяне (75 312 адам), Красно село (72 773 адам) және басқа аудандарда тұрады. 18-64 жас арасындағы 790 180 жан бар. 18 жасына дейін балалардын саны 201 202 жан. 65-жастан астам 183 04 жан бар.

Халықтың 96 пайызы бұлғарлар.

Болжау бойынша 2011 жылына дейін Софияның халық саны 3 миллионға өседі.

Неолит кезіндегі мекеннің орнында біздің заманымыздан бұрын 8 ғасырында Фракиялық қала пайда болған. Оның атауы Сердика еді, бұл Фракиялық тайпаларының бірінің атауына сәйкес еді. Қоршаған жерін ежелгі карталарында Сардика атаса, қаланы Сердика деп атаған.

Кейінгі рим дәуірінде, Клавдий импреатор кезінде қала Фракия провинциясының әкімшілік облыстарының бірінің орталығына айналса, біздің заманымыздың 3 ғасырында жаңа құрылған Dacia Mediterranea провинциясының астанасына айналған.

Император Марк Улпий Траян кезінде рим қалаларының бірі дәрежесін алып, Улпиа Сердика деп аталған.

305 жылының Диоклетиан императорының қайтыс болған соң және діни өзгерістерінен кейін, Сердика діни орталығына айналып, епископтың тұрған жері болып кетеді.

5-6 ғасырындағы «халықтардың ұлы көшуінің» кезінде ғұндар мен гот тайпаларынан азап шеккен қала, кейін Византияның маңызды әкіңмшілік және діни орталығы болып саналады.

9 ғасырында Бұлғар дәулетінің қаласы болып, Средец деп атаған. Кейін оны Триадица деп атаған. 12 ғасырында митрополит тұратын жері болып, Бұлғар дәулетінің діни орталығы болып кеткен.

13-14 ғасырында христиандардың әулие Софияның мадағына София деп атаған.

19 ғасырына дейін Осман империясының құрамында болған. Бірақ Осман империясының ресми құжаттарында қала «Средец» атаса, тұрғындары средечане деп атаған. 1878 жылы Орыс-түрік соғысынан кейін, Бұлғарстан тәуелсіз мемлекет болды. Оның астанасы София болып кетті.

1878 жылының қаңтар айының 4 жұлдызында Иосиф Йосиф Гурко басқаратын орыс әскерлері Софияға кіріп, бұлғарларға осман түріктерден азат берген. Сол кезде қалада 11 649 тұрғын болған. Олардың ішінде 56 % бұлғарлар, 30 % түріктер, 6 % румындар.

1879 жылының сәуір айының 4 жұлдызында азат болған Болгарияның астанасы София деп жарияланды.

1925 жылының сәуір айында «Свята Неделя» шіркеуінде лаңкестік акт болған. Бұны істеген Кеңес барлаушы агенттері.

1944 жылының қаңтардың 10 мен наурыздың 30 арасында одақтас (АҚШ пен Ұлыбритания) әскери-әуе күштері Софияға әуеден бомбалар лақтырып, тарихи орталығын қиратып, 2000 жанды өлтірді. 1944 жылының қыркүйегінде одақтас оккупанттнар Софияға келген. Кейін Болгар Социалистік Республикасы жарияланған, София оның астанасы болып кеткен.

Өзін-өзі басқаруы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мәдениет және қоғам

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әлеуметтік саласы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қылмыстылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. GRAO (болг.)

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]