Мазмұнға өту

Любляна

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Любляна
словен. Ljubljana
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Словения

Статусы

Астана

Аймағы

Орталық Словения

Қауымы

Любляна

Ішкі бөлінісі

17 аудан

Жупан

Зоран Янкович

Тарихы мен географиясы
Координаттары

46°03′00″ с. е. 14°31′00″ ш. б. / 46.05000° с. е. 14.51667° ш. б. / 46.05000; 14.51667 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°03′00″ с. е. 14°31′00″ ш. б. / 46.05000° с. е. 14.51667° ш. б. / 46.05000; 14.51667 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1144

Алғашқы дерек

XII ғасыр

Бұрынғы атаулары

Эмона, Лювигана, Лайбах

Жер аумағы

163,8 км²

Орталығының биiктігі

295 м

Уақыт белдеуі

UTC+1, жазда UTC+2

Тұрғындары
Тұрғыны

284 355[1] адам (2019)

Тығыздығы

1736 адам/км²

Агломерация

508 607 (2009)

Ұлттық құрамы

словендер, сербтер

Ресми тілі

словен

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

01

Автомобиль коды

LJ

ljubljana.si
 (словен.) (ағыл.)

Любляна картада
Любляна
Любляна

Любляна (словен. Ljubljana, нем. Laibach, итал. Lubiana) — Словенияның елордасы мен ең ірі қаласы.

Жалпы мәлімет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Халқы: 267 920 тұрғын (2007 жыл). Қаланың аумағы 275 км². Любляна елтаңбасында қаланың нышаны — жасыл Люблян жыланы суреттелген. Қала Любляница өзенінде орналасқан. Мемлекеттік тілі словен тілі болып саналады, тұрғындардың басым бөлігі немісше және ағылшынша сөйлей алады. Басты дін  — католицизм.

Ратуша
Любляна университеті
Люблянаның солтүстік орталығы (Kamnik Alps)

Біздің заманымызға дейін қала маңы көне рим иелігі құрамына кірген. Б.з.д. 34 жылы қазіргі Любляна қаласынын жақын жерінде орналасқан Эмона рим колониясы қала құқығын алды. VI ғасырда осында славян Лувиганасы орналасқан, ал X ғасырда оны венгрлер жаулап алды.

Любляна туралы алғашқы жазба деректері 1144 жылға жатқызылады. 1260 жылы алғаш рет Любляница өзеніндегі қала деп ескертіледі. Содан-ақ Любляна Крайнаның әкімшілік орталығы болады. 1276 жылдан бастап қала тирол графтарының қолында. 1335 жылдан 1918 жылға дейін — Габсбургтердің билігінде болған Крайнаның басты қаласы. 1809—1813/1815 — француз иллириялық аймақтарының орталығы. XIXXX ғасыр басында — Словенияның халық азаттық қозғалысының орталығы.

1918 жылы Сербтер, хорваттар және словендер королдігі, кейінірек Югославия корольдігі құрылған кезінде, оның құрамына Любляна Словенияның бас қаласы ретінде кірді. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін, италияндықтармен басып алынды (1941—1943), содан кейін немістермен (1943—1945). Соғыс аяқталғаннан кейін Любляна — Югослав Социалистік Словения Республикасының астанасы. 1991 жылдан — тәуелсіз Словенияның елордасы.

Қала атауының шығу нұсқалары көп . Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, оны люблена словен сөзінде іздеу керек, ал басқаладрдың пікірі — aluviana латын сөзінде, үшіншілердің — Laibach неміс сөзінде.

Любляна ауа райы
Көрсеткіш Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел Жыл
Абсолюттық максимум, °C −20,3 −18 −14,6 −3,3 −1,2 2,9 7,4 5,8 −0,6 −5,4 −14,5 −16 −20,3
Орташа максимум, °C 3,0 6,2 11,2 15,4 20,8 23,9 26,5 26,1 21,5 15,3 79 3,4 15,1
Орташа температура, °C −0,1 1,8 6,1 10,0 15,0 18,1 20,4 19,8 15,5 10,3 4,5 0,7 10,2
Орташа минимум, °C −2,7 −1,9 1,4 4,9 9,4 12,7 14,6 14,4 11,0 6,7 1,7 −1,7 5,9
Абсолюттық минимум, °C 14,8 19,7 24,6 27,8 32,4 33,3 37,1 36,5 31,3 26,5 20,3 16,7 37,1
Жауын-шашын нормасы, мм 71 71 87 103 113 154 117 134 131 147 137 103 1368
Дерекнама: Meteo.si

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Любляна — өнеркәсібі жақсы дамыған қала. Қалада және қала маңында машина жасау, химиялық, фармацевтикалық, текстильді, азық-түлік, терi-аяқ киiм, ағаш өңдеу, бумажной және полиграфиялық өнеркәсіп орындары орналасқан. Қазіргі кезде туризм қарқынды дамып жатыр.

Транспорты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Любляна — маңызды еуропалық транспорт жолдары орналасқан ірі транспорттық торап. Италиямен, Адриат жағалауымен, Хорватиямен, Венгриямен, Австриямен, Словениядағы барлық ірі қалалармен заманауи тас жолдармен байланысқан.

  • Люблянаның Халықаралық әуежайы (словен. Letališče Ljubljana, LJU), көбінесе Брник әуежайы (словен. Letališče Brnik) деп аталады. Қаладан шамамен 25 км қашықтықта орналасқан.
  • Қала маңы автобустар мен пойыздар желісі жақсы дамыған.

Мәдениет пен білім алу жүйесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Назар аударарлық орындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қамал (Град) (IXXIX ғғ). Қалаға керемет көрініс ашылатын биік таудың үстінде салынған. Құрылған кезінен бастап қамал үнемі қайта құрылып жатыр. Готикалық стиліндегі Әулие Юрий капелласы (XVI ғ.) жақсы сақталған.
Кафедралы собор
  • Қала алаңы — ескі Люблянаның орталығы, өзеннің оң жағында орналасқан. Алаңда — барокко стиліндегі ескі Ратуша (словен. Rotovz) барокко, қазіргі кезде онда қала кеңесі орналасқан. Ратуша 1484 жылы және XVIII ғасырда қайта салынды. Ратуша ғимаратының алдында — ескі Үш өзен бұрқағы (1752) орналасқан.
  • Әулие Николай кафедралы соборы (1707) — барокколық собор, Андреа дель Поццо жобасы бойынша салынған. Собор іші италиян шеберлерімен безендірілген, епископ кафедрасы әйгілі словен шебері Й. Плечникпен жасалынған.
  • Епископ сарайы (XVIXVIII ғғ). Кафедралы собордың ансамбльіне кіреді және жабулы галереямен байланысқан.
  • Үш көпірлік — Й. Плечниктің жобасы бойынша салынған веер тәріздес, Любляница өзені үстінен өтетін үш көпір.
  • Жылан көпірі — Любляница арқылы өтетін көпір, жылан мүсінді төрт фигуралармен безендірілген.
  • Францискандар үңгірі (1660) Прешерна алаңында, өзен жағалауының сол жағында, Ұш көпірліктің жанында.
  • Әулие Якоб(1615), урсулиноктер (XVIII ғ), Әулие Флориан (1672) және т.б. шіркеулері.
  • Люблян сарайлары — губернаторлық (ішінде Любляна университетінің бас корпусы орналасқан), Грубера, Казина және т.б.
  • Француз Революциялары алаңы (бұрынғы Наполеон алаңы) ансамбльі (19631975).
  • Тиволи қамалы, аттас саябақта орналасқан. Сонымен қатар Тиволи қамалының қасында қаладағы жалғыз бес жұлдызды мейманхана орналасқан — «Лев» мейманханасы.

Бауырлас қалалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]