Мазмұнға өту

Скин-эффект

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Скин-эффектің пайда болуының физикалық көрінісі.

Скин-эффект (ағылш. skіn — тері, қабық, effect - эффект), беттік эффектэлектрмагниттік толқындардың өткізгіш ортаға тереңдеп енуіне байланысты өшуі. Соның салдарынан, мысалы, өткізгіштің көлденең қимасындағы айнымалы ток немесе магнит өткізгіштің көлденең қимасындағы айнымалы магнит ағыны біркелкі таралмай, негізінен беттік қабатта орналасады. Көбінесе Скин-эффект қажетсіз құбылыс болып саналады. Күшті Скин-эффект кезінде өткізгіштегі айнымалы ток негізінен оның беттік қабаты арқылы өтеді де, өткізгіштің көлденең қимасы толық пайдаланылмайды. Өткізгіштің кедергісі мен қуаттың шығынын арттырады. Екінші жағынан скин-эффект іс жүзінде де қолданыс табады. Электро-магнитті экрандардың жұмысы, болат бұйымдарды беттік шынықтыру скин-эффект құбылысына негізделген.[1]

Пайдаланылған cілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том