Надира

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мохларойим Надира
өзб. Mohlaroyim Nodira / Моҳларойим Нодира
Лақап аты

Комила, Макнуна

Туған күні

1792 (1792)

Туған жері

Әндіжан, Қоқан хандығы

Қайтыс болған күні

1842 (1842)

Қайтыс болған жері

Қоқан, Қоқан хандығы

Ұлты

өзбек

Мансабы

поэтесса, қоғам қайраткері және жазушы

Шығармалардың тілі

өзбекше және парсыша

Моһларойим Надира (өзб. Моҳларойим Нодира, лақап аттары — Комила, Макнуна; 1792 жыл, Әндіжан1842 жыл, Қоқан) — өзбек жазушысы, Өзбек әдебиетінің классигі, 10,000 жолдан көп шығармалар авторы[1], Қоқан хандығының билеушісі Омар ханның әйелі.

1992 жылғы Өзбекстан пошта маркасындағы суреті

Надира Қоқан хандығын 1810 жылдан 1822 жылы қайтыс болғанына дейін билеген Мұхаммед Омар ханның әйелі болды. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін Надира Қоқанның іс жүзіндегі билеушісі болды, өйткені оның ұлы Мұхаммед Әли хан хан тағына отырғанда жасөспірім еді. Жазушы болған Надира шығармаларын өзбек және парсы тілдерінде жазған.

Надира ұлына біршама либералдық құндылықтарды сіңіруге тырысқанына қарамастан, хан болған Мадалы қарсылас Бұхара әмірлігімен соғысқа әкелетін экспансионистік саясатты қолданатын. Надираның поэзиясы ғұламалар тарапынан қолдау алмаған және «орынсыз» деп танылатын, шығармалары табу тақырыптарды қозғайтын, соның ішінде әйелдердің қоғамдағы рөлі де баяндалатын.[2]

Ол 1842 жылы сәуірде Бұхара ханы Насрулланың бұйрығымен Қоқан-Бұхара соғысы кезінде ұлымен бірге дарға асылды. Насрулланың оған тұрмысқа шығудан бас тартқанына ашуланғаны жайлы деректер де бар, басқа деректерде оған шариғат заңына бағынбады деген айып тағылды деп айтылады.[3][4][5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Nodira – Komila (1792-1842)  (ағыл.). ziyouz.uz (29 September 2012).
  2. Hanks Reuel R. Central Asia: A Global Studies Handbook — ABC-CLIO. — P. 138. — ISBN 9781851096565.
  3. Starr S. Frederick Ferghana Valley: The Heart of Central Asia — Routledge. — P. 34. — ISBN 9781317470663.
  4. Nodira Beg (EN).
  5. Махлар-айим Надира (1792-1842)  (орыс.) (3 сентября 2012).